Талдықорған: +21°C
$ 466.08
€ 538.56
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АТҚАРЫЛАР ШАРУА АУҚЫМДЫ

19.04.2024
КҮЛТӨБЕ
АТҚАРЫЛАР ШАРУА АУҚЫМДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алакөл ауданында биыл 85130 гектар жер игеріледі. Оған дәнді және майлы дақылдар, мал азығы, қант қызылшасы, бақша өнімдері мен көкөніс себіледі. Тұқымдар зертханалық тексеруден өтіп, керекті тыңайтқыштар дайындалған. Әсіресе, қант қызылшасын егумен айналысатын шаруашылықтар өнімділігі жоғары тұқымға сұранысты молынан бергені байқалады.


Жұмысты нәтижелі аяқтау үшін 882 дана ауылшаруашылығы тракторы, 404 дана соқа, 189 дана дәнсепкіш, 130 дана қопсытқыш, 372 дана жер тырмасы техникалық тексеруден өтіп, науқандық жұмысқа кірісіп кетті. Көктемгі дала жұмысына керекті жанар-жағармай қоры жеткілікті. Алдағы уақытта 52246 гектар жер жыртылып, 13500 гектар ылғал жабылады, ал 19384 гектар жерді тырмалау жұмысы жүргізілмек.

Көктемгі дала жұмысына алакөлдік шаруа қожалықтары қызу кірісті. Оны Көлбай ауылындағы «Самат Агро» жеке шаруашылығына барғанда байқадық.
– Жеке шаруашылықтың құрылғанына 5 жыл болса да мемлекеттік қолдау мен жұмысты жүйелі жүргізудің нәтижесінде іріленіп келеміз. Өзімнің және туысқандарымның жерін қоса есептегенде 1000 гектар жеріміз бар. Оның 500 гектары тәлімі жер санатында. Осыған дейін арпа, бидай, күнбағыс, соя, жүгері егумен айналысып келгенбіз, өткен жылдан бастап қант қызылшасын егуді қолға алдық. Былтыр 20 гектар жерге қант қызылшасын сеуіп, гектарынан 400 центнерден өнім жинадық. Биыл 120 гектарға қант қызылшасын себуді жоспарлап, іске кірісіп кеттік. Қолымызда 5 трактор, 2 комбайн, «КамАЗ» көлігіміз, дән сепкіш бар. Биыл лизингпен 500 млн. теңгеге қант қызылшасын себетін және қазатын, жер жыртатын бірнеше техника алдық. Көктемгі дала жұмыстарына 20-дан астам адам жұмылдырдық. Ал жаздыкүнгі және күзгі жиын-терін кезінде жұмысшылар саны арта түседі, – дейді «Самат агро» жеке шаруашылығының жетекшісі Самат Мұқанов.

Аталған шаруашылық Көлбай ауылының өзінде 1000 гектарға жуық жерге арпа, бидай сепсе, Сарқан, Алакөл, Ақсу аудандарынан жерді жалға алып, жылына 3 мың гектардай жерді игереді. Сонымен қатар, 700 тұяқ  қой, 300 бас сиыр, 150 бас жылқы өсіруде.

Шаруашылықтың жұмыс орнындағы қуатты тракторлар мен жаңадан алынған техниканы дайындықтан өткізіп жатқан дәнекерлеуші, механик, жүргізуші-тракторшылардың тәжірибесіне көңіл толады. Ауылшаруашылығына жауапты мамандар жеткілікті. Сол қатарда шаруа қожалығының агрономы Саят Қамзановты сөзге тартып едік:
– Халқымызда «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген сөз бар. Осы жұмысты Саят бастап, біз білгенімізбен көмектесіп келеміз. Егіс дақылдары болсын, қант қызылшасы болсын, оны ғылыми жолмен егіп, үнемі баптап отырғанда ғана мол өнім алуға болады. Өткен жылы қант қызылшасынан гектарына  400 центнерден өнім алдық. Жалпы өнімділік көңілдегідей болды. Бірақ былтырғы тәжірибені жинақтай келе қант қызылшасының тұқымын жақсарту керектігін түсіндік. Көлбайда су жеткілікті. Биыл Германияның «Каредония КВС» тұқымын арнайы алдырдық. Тыңайтқышымен қоса есептегенде бір гектарға 365 мың теңгенің тұқымы кетеді. Есесіне өнімді мол береді және күздің қара суығына ұрындырмай жинап алуға қолайлы. Күзде қант қызылшасының гектарынан 650-700 центнерден өнім аламыз деген ойдамын, – дейді.

Көлбайда шаруашылықты өркендетумен қатар ауылдың түрлі түйткілді мәселесін шешуге қаржылық және моральдық тұрғыда ықпал ететін азаматтардың қатары өсіп отыр.
– Ауыл жыл сайын өркендеп келеді. Әсіресе, Талдықорған-Үшарал автожолының салынуы тұрғындардың тіршілігіне тыныс берді. Азаматтардың ұмтылысы жаңа леп әкелді десек болады. Ауылдың инфрақұрылымын нығайту мақсатында біз де аянып қалмай еңбек етудеміз. Көшелерге толық асфальт төселіп, аулалар реттелді. Алдағы уақытта Мәдениет үйі және аурухана салынады. Ауылды көркейтуге бағытталған өзге де жоспарларымыз рет-ретімен орындала бермек, – дейді Көлбай ауылының әкімі Ержан Шәкерұлы.

Қажет АНДАС
 

Қатысты жаңалықтар

Ақындар алыбын ардақтады

Ақындар алыбын ардақтады

10.08.2026
Ұлт руханиятының темірқазығы

Ұлт руханиятының темірқазығы

10.08.2026
Батадан – береке, сөзден – өнеге

Батадан – береке, сөзден – өнеге

10.08.2026
«Ақыл, қайрат, жүрек» кітап бұрышы ашылды

«Ақыл, қайрат, жүрек» кітап бұрышы ашылды

10.08.2026
Болашақтың берік негізі

Саяси жаңғыру: Құрылтай сайлауы – жаңа басқару моделінің басты сынағы

10.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.