Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ САЛМАҚТЫ

19.04.2024
КҮЛТӨБЕ
ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ САЛМАҚТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде соңғы жылдарда саяси үдерістер жүзеге аса бастады. Әуелі халық жаңа реформалардың легімен ел Президентін жеті жылға сайлады. Мұнан соң ҚР Парламентінің қос палатасы, әуелі Сенат, артынша Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары халықтың таңдауымен өз жұмысын бастады. Сол реформаның өзегінде Жетісу өңірінен қос палатаға 11 депутат сайланып, облыс халқының үнін Үкіметке, Мемлекет басшысына жеткізіп, бұқара мен билік арасындағы алтын көпір болуға ант қабылдады. Содан бері біршама уақыт өтті. Өңірлерде мәслихаттардың міндеті мен жауапкершілік жүгі артты. Облыстың, аудан мен қаланың дамуында, өрістеп-өркендеуінде жергілікті мәслихаттар ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Оны айғақтау үшін алысқа барудың қажеті жоқ, облыстық мәслихаттың, оның ішінде мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмысына көз жүгіртсек жеткілікті. 


Жетісу облыстық мәслихатында 5 тұрақты комиссия бар. Соның бірі экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, депутаттық өкілеттіктер мен этика мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы. Өткен жылы менің төрағалығыммен 11 отырыс өтіп, 26 мәселе қаралыпты. Соның бірі – облыс аумағындағы 4 мектептің құрылысын қаржыландыру жайы. Комиссия тиісті қаулы шығарып, қазір мәселе ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қарауында. Одан өзге тұрақты комиссия бюджет қаражатын тиімді жоспарлау, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қалыптастыру мәселелерін де таразылайды. Былтыр атаулы тұрақты комиссияның отырыстарында «Жетісу облысының 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешімі 4 мәрте қаралып, мәслихат сессиясының шешімімен өзгерістер енгізілді. Өткен жылдың соңында Жетісу облысының 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджеті таразыланып, сессия отырысының шешімімен бекітілді. Облыстың 2024-2026 жылдарға арналған бюджетінің жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне сәйкес Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу, кірістердің түсуін болжау әдістемесіне және Жетісу облысының Даму жоспарының негізінде қалыптастырылды. Қазақстан Республикасының «Республикалық және облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы» Заңына сәйкес Жетісу облысы бойынша 2024 жылға арналған субвенциялар көлемі 355 343,6 млн. теңге, 2025 жылға 386 544,1 млн. теңге көлемінде айқындалды. Тұрақты комиссия таразылағандай, үш жылдық кезеңге арналған облыс бюджетінің жалпы көлемі 1,5 трлн. теңге, оның ішінде 2024 жылға – 506,6 млрд. теңге болып бекітілді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткішінің өсімі қамтамасыз етілді. Экономиканың өсу қарқыны 117,4 пайызды құрады. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіштің бірі.

Жетісу облыстық мәслихатының тұрақты комиссия отырысында депутаттар үнемі өзекті мәселелерді көтереді. Мәселен, Ақсу ауданы Бүйен өзені арқылы өтетін көпір мәселесін көтеріп, автомобиль жолы жасанды құрылыстарды коммуналдық меншікке алу туралы тұрақты комиссия хаттамасына енгізілді. Осы ретте Ақсу аудандық әкімдік комиссия хаттамасы негізінде жұмыстар жүргізді. Жетісу облысы әкімдігінің №84 қаулысымен «Ақсу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне  Жансүгіров – Арасан, Суықсай ауылы арқылы Қызылжар ауылына кіреберіс» 0-5,600 км автомобиль жолы мен жасанды құрылыстары коммуналдық меншікке алынды. 

Сонымен қатар, комиссия отырысында депутат Қайрат Кереев блок-модульдік конструкциялардан салынатын үлкен көлемді ғимараттардың мемлекеттік сатып алу конкурсын жариялау кезінде металл конструкциялары бойынша техникалық ерекшелікте металдың өлшемі және қалыңдығы, бағаналар, фермалар, прогондар осы металл конструкцияларына толығымен жазылуы және фермаларды жасау үшін детальдік жобасының болуы жайында ұсыныс білдірді. Ұсыныс сараланып, тиісті басқармаларға жолданды. 

Жалпы тұрақты комиссиялардың жұмысы өңірдің дамуына бағытталған. Әрбір жиын сайын облыс тұрмысында маңызды мәселелер таразыланады. Өйткені, Мемлекет басшысы «Ешкім де сырттан келіп, Қазақстанды көркейтіп жібермейді» деген еді. Елімізді және жерімізді һәм халқымызды әлеуетті ету үшін адал еңбек етуіміз керек. 

Секенбай ШЕНГЕЛБАЕВ,
облыстық мәслихат 
депутаты

 

Қатысты жаңалықтар

Батадан – береке, сөзден – өнеге

Батадан – береке, сөзден – өнеге

10.08.2026
«Ақыл, қайрат, жүрек» кітап бұрышы ашылды

«Ақыл, қайрат, жүрек» кітап бұрышы ашылды

10.08.2026
Болашақтың берік негізі

Саяси жаңғыру: Құрылтай сайлауы – жаңа басқару моделінің басты сынағы

10.08.2026
Құрылтай – орталық пен өңір арасын жақындатқан жүйе

Ұлттық құрылтай – ел мен қоғам арасындағы байланыс көпірі

10.08.2026
Президенттің отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмалары қалай жүзеге асуда?

Президенттің отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмалары қалай жүзеге асуда?

10.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.