Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖҰМЫЛА КӨТЕРСЕ ЖҮК ЖЕҢІЛ

17.04.2024
КҮЛТӨБЕ
ЖҰМЫЛА КӨТЕРСЕ ЖҮК ЖЕҢІЛ
WhatsAppTelegramFacebook

«Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен көктемгі тазалық айлығына Талдықорған қаласындағы облыстық мекемелер мен ұйымдар, орта және жоғары оқу орындары мен өнер ұжымдары да белсене атсалысуда.


«Ардагерлер  саябағына» жиналған облыстық және қалалық ардагерлер ұйымындағы ақсақалдар мен аналарымыз көпке өнеге болар игілікті істің өрнегін көрсетті. Жалпы, тазалық қимылына 50-ге жуық ардагер жиналып, саябаққа 30 түп жөке ағашын екті. Сондай-ақ, жолдарды тазалап, шашылып жатқан қоқыстарды жинастырып, қураған ағаш бұтақтарын отап, саябақты айнадай етіп тазалап шықты. Сонымен қатар, саябақты абаттандыру мен демалуға қолайлы жағдай жасау туралы ұсыныс-пікірлерімен бөлісіп, алдағы уақытта құзырлы орындарға өздерінің талап-тілегін жеткізетін болып тарады.

– Облыс орталығы Талдықорған қаласындағы «Жеңіс» және «Ардагерлер саябағы» аймақтың тыныштығы мен берекесін бекемдеуге атсалысқан аға буынның алқаулы ісін ардақтауға арналған мәдени, көпшілік орындар. Бұрындары бұл жерлер қараусыз қалып, бүлінгенін жасырмаймыз. Кейінгі жылдары айрықша назар аударылғанның арқасында «Жеңіс» саябағы жөндеуден өтті. Өткен жылы Семей полигоны мен Чернобыль апатында зардап шеккен жерлестерімізге арналып ескерткіш тұрғызылды және ағаш егіліп, жолдары реттеліп, аумағы абаттандырылды. Ал «Ардагерлер» саябағына өз деңгейінде көңіл бөлініп жатқан жоқ. Бұл туралы осыған дейін құзырлы орындарға ұсыныстар айтқанбыз. Міне, республикалық деңгейде қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясына белсене атсалысумен бірге саябақтағы кейбір түйткілді мәселелерді шешуге ықпал етуді мақсат тұттық, – дейді облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Ермек Келемсейіт.

Шыны керек, «Ардагерлер» саябағындағы 40-50 жыл бұрын егілген ағаштардың қартайып қалғаны бірден көзге шалынады. Оның бәрін бірден жұлып тастауға келмейді. Рет-ретімен ауыстыру керек. Соның бастамасындай, осы күні қураған ағаштары алынып, орны босаған жерге 30 түп көшет отырғызылды. Дегенмен, ағаш егумен ғана саябақтың көріксіз жерлері көркемделіп кетпейді. Ардагерлер келу үшін олардың демалып қайтуына қолайлы жағдай жасалуы керек. Сондай-ақ, «бір рет тазалағанымен бар мәселе шешілмейді. Мүмкін болса, саябақты тұрақты қарайтын штат ашылып, адамдар жұмысқа алынса» деген ұсыныс та айтылды.

Қаладағы Ауған соғысының ардагерлері де қарулас достарын жиі еске алып тұрады. Орталық саябақтағы Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке жиналған ардагерлер кеңесінің мүшелері ескерткіштің айналасын қоқыстан арылтып, бүлінген тұстарын реттеп, жан-жағын айнадай етіп, жуып-тазалады. Сондай-ақ, ескерткіш жақтауындағы Ауған соғысында қайтыс болған сарбаздардың есімі қашалған, алайда күн қуырып, жаңбыр шайып көнерген тақтадағы жазуларды қалпына келтіру туралы ұсыныс көтерді.

Ауған соғысы ардагерлерінің берекесі мен бірлігі алапат соғыс майданында шыңдалған. Бүгінгі бейбіт заманда да бірлігі бекем. Сондықтан олар өмірден өткен қатарластарын еш ұмытпайды. Сол арқылы жастарға береке-бірлік болған жерде алынбайтын қамал болмайтынын ұғындырады.

Дәнеш Рақышев атындағы облыстық филармония ұжымының көктемгі тазалық акциясындағы белсенділігі мен игілікті жұмысына да  куә болдық. Олар филармония ғимараты орналасқан Абылай хан мен Төлебаев көшелерінің бойын және ғимараттың кіреберісіндегі аумақты тазартып шықты. Қоқысты белгіленген жерге жеткізіп, жол бойындағы тас-қиыршықтарын жинады. Ғимарат ауласындағы құрылғыларды реттеп, есік-терезе тазаланып, бүлінген баспалдақтар қалпына келтірілді. Осы күні «Семей полигоны» ҚБ және «Жетісу облысының Чернобыль одағы» ҚБ ардагерлері «Жеңіс» саябағының аумағында өткізілген сенбілікке қатысты. Қалаға көрік берген ескерткіштер маңайы мұнтаздай тазалыққа енді. Өткен жылы осы саябақта сәулетті ескерткіш орнатылған еді. 

Мұнан кейін Ілияс Жансүгіров ескерткішінің жанындағы саябақтағы акция  поэзия марафонымен басталды. Жалынды жастардың белсенділігіне қарап, көктемгі экологиялық акцияға ерекше дайындықпен келгенін көруге болады. Алдымен ақын Ілиястың жұртқа танымал өлеңдері оқылды. Содан кейін жастар шығармашылығы да көпшілік назарына ұсынылды. Студенттер өлең оқып қана қойған жоқ. Ақын мүсінінің айналасын тазалап, жолдарды реттеп, қураған ағаш бұтақтарын жинап, айналаны ретке келтірді. 

Міне, осылай жетісулықтар өздерінің елдің келешегі үшін атқарылатын шараларға белсенді қатысып, үлгі танытуға дайын тұратынын көрсетуде.

Қажет АНДАС
 

Қатысты жаңалықтар

«Ақыл, қайрат, жүрек» кітап бұрышы ашылды

«Ақыл, қайрат, жүрек» кітап бұрышы ашылды

10.08.2026
Болашақтың берік негізі

Саяси жаңғыру: Құрылтай сайлауы – жаңа басқару моделінің басты сынағы

10.08.2026
Құрылтай – орталық пен өңір арасын жақындатқан жүйе

Ұлттық құрылтай – ел мен қоғам арасындағы байланыс көпірі

10.08.2026
Президенттің отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмалары қалай жүзеге асуда?

Президенттің отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмалары қалай жүзеге асуда?

10.08.2026
Ұлы ақынның ұлағатты ойлары

Ұлы ақынның ұлағатты ойлары

10.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.