Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

МАҚСАТ — БАЛА САНАСЫН СЕРГІТУ

17.04.2024
КҮЛТӨБЕ
МАҚСАТ - БАЛА САНАСЫН СЕРГІТУ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Оны облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев жүргізді. Күн тәртібінде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалыспен және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру, жастар мен жасөспірімдер арасында өрт, жазғы маусымда суда шомылу қауіпсіздігі, балаларды скринингтік тексерумен қамту туралы мәселелер қаралды. 


Жиында облыстық білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменов баяндама жасады. Оның айтуынша, былтыр 9 лагерьде 101 мың 310 бала демалды. Бұл облыс балаларының 84 % құрайды. Соның ішінде былтыр жалпыға міндетті білім беру қорынан 13 мың 838 оқушыны қамту жоспарланып, 622,7 миллион теңге қарастырылған. Алайда лагерьге әлеуметтік категориядағы 11 мың 584 оқушы ғана қамтылған. Ал биыл облыста 10 қала сыртындағы лагерьге 1-10-сыныптағы 121 мың 166 оқушының 102 мың 700-ін  жазғы сауықтырумен қамту жоспарланған. «Әлеуметтік категориядағы 8 мың 277 балаға жалпыға міндетті білім беру қорынан 538 миллион теңге бөлінді. 1 оқушыға  65 мың теңге қарастырылды. Балалар қала сыртындағы, мектеп жанындағы тамақтандырылмайтын және Текелі қаласындағы спорттық лагерьде болады. Ал 19 мың 820 бала туристік саяхаттармен, 18 мың 998 оқушы интеллектуалды шыңдаумен, 46 мың 507 бала еңбекпен, 32 мың 700 бала шығармашылықпен қамтылады.  «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен 1 мың 113 бала жазда демалады», – деді басқарма басшысы. 

Жаз мезгілінде балаларға суда шомылу қауіпсіздігі жайы ескертілсе де қайғылы жағдайлар орын алмай қоймайды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Игорь Жуковтің айтуынша, прокуратураның талабы бойынша барлық сауықтыру лагеріне тексеру жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі талаптарының  бұзушылықтары анықталған.  Ақсу, Ескелді, Алакөл, Көксу аудандары мен Текелі қаласы қауіпсіздік талаптарын сақтамағандар көшін бастап тұр. Бұл балалардың өміріне үлкен қауіп төндіретінін білсе де жауапты мамандар немқұрайдылық танытуда. Суға түсудегі қауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтау бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арқылы белсенді профилактикалық жұмыстар да ұйымдастырылуда. Департаменттің жедел-құтқару жасағы су айдындарындағы оқыс оқиғаларға жедел ден қою үшін 27 су көлігі, 45 бірлік техника дайындаған. Сондай-ақ, суға шомылу маусымының басында департаменттің авариялық-құтқару жасағының қосымша 3 жылжымалы посты кезекшілік етіп, жергілікті атқарушы органдардан коммуналдық жағажайларда 3 авариялық-құтқару пункті, 4 қоғамдық қауіпсіздік бекеті және 4 медициналық пункт құрылады. 2023 жылы Алакөл көлінде 4 оқиға тіркелген. Оның біреуі кәмелетке толмаған бала. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансеңгіров облыс бойынша барлық бала скринингтік тексерумен толық қамтылғанын айтты. 
Облыс әкімінің орынбасары Марлен Қапашұлы өткен жылы кеткен кемшіліктер бойынша әрбір аудандық білім бөлімінің басшыларынан жауап алды. Былтыр талдықорғандық балалар үшін жалпыға міндетті білім беру қорынан 3 мың 473 балаға 156 миллион 285 мың теңге қаражат бөлініп, 1873 бала ғана қала сыртындағы лагерьге барған. Қалған 1600 баланың  ата-анасының қарсылық білдірген шағымдары болмаған. Мұндай деректер Қаратал, Текелі, Алакөл, Көксу және басқа да аудандарда кездеседі. Жауапты мамандар биыл мұндай кемшіліктер орын алмайтынын айтып, балалардың жаздық лагерьде жайлы демалулары үшін барлық жағдай жасалатынын, қосымша резервке балалар тізімделетінін жеткізді. 

Жиын соңында Марлен Қапашұлы ең бірінші аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары мен лагерь директорларына лагерьлерде балалармен жұмыс істейтін педагогтер мен медициналық қызметкерлердің медициналық сараптамадан өтуін, соттылығының жоқтығын растайтын құжаттың болуын қатаң қадағалауды тапсырды. Аудандық, қалалық білім бөлімдері басшылары жалпыға міндетті білім беру қорынан жазғы лагерьмен қамтылатын балалар тізімін уақытында резервпен жинақтау қажеттігін айтты. Сонымен қатар, балалар стационарларының медициналық жабдықтармен жабдықталуын, педиатриялық мамандықтар бойынша кадрлармен толық қамтылуын, перинаталдық кезең патологиясын (бронх-өкпе дисплазиясы) бастан өткерген балаларды бақылау үшін катамнестикалық және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған стоматологиялық кабинет ашу жұмыстарын талапқа сай атқаруды жауапты сала мамандарына жүктеді. Мұндағы басты мақсат – балалардың жазғы сауықтыру лагерьлерін жоғары деңгейде ұйымдастыру. 

Еңлік КЕНЕБАЙ
 

Қатысты жаңалықтар

Батадан – береке, сөзден – өнеге

Батадан – береке, сөзден – өнеге

10.08.2026
«Ақыл, қайрат, жүрек» кітап бұрышы ашылды

«Ақыл, қайрат, жүрек» кітап бұрышы ашылды

10.08.2026
Болашақтың берік негізі

Саяси жаңғыру: Құрылтай сайлауы – жаңа басқару моделінің басты сынағы

10.08.2026
Құрылтай – орталық пен өңір арасын жақындатқан жүйе

Ұлттық құрылтай – ел мен қоғам арасындағы байланыс көпірі

10.08.2026
Президенттің отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмалары қалай жүзеге асуда?

Президенттің отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмалары қалай жүзеге асуда?

10.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.