Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЕЛ БІРІКСЕ — ҚАЛҚАН

13.04.2024
КҮЛТӨБЕ
ЕЛ БІРІКСЕ - ҚАЛҚАН
WhatsAppTelegramFacebook

Дәл қазіргі таңда, тура осындай сын туған сәтте осы қоғамда өмір сүріп жатқан азамат ретінде күні кешегі адамзатқа төнген індет кезіндегідей қатаң тәртіпті талап еткім келеді. Қоңыр тіршілігімен күнкөрісін күйттеп жүрген қарапайым адамның бәрі үй-күйі жоқ, баласы жазылмас дертке шалдыққан  төңірегіндегі кейбір қазаққа онсыз да аз ақшасынан жырымдап беріп келеді. Мейірімін тонатпаған әр қазақ күнде осылай өзінің амандығы үшін құдай жолына садақасын атап жүр. 


Қарғын су басқан аймақтың адамдарын құтқарып қалуға, олардың жағдайын жасауға биліктің айрықша көмегі, мемлекеттің пәрменді қолдауы керек-ақ. Үкімет қолынан келетін көмегін аянып жатқан жоқ. Осындай ел басына күн туған елең-алаң шақта бүгінгі уақытқа дейінгі асқан дарақылықпен өткізіп келген той-жиынды уақытша тоқтатсақ, аста-төк ысырапқа мүлде жол бермесек. Анығы, елдегі тойға белгілі бір мөлшерде шектеу қойылса. Ал концерттік кештер мен іс-шарадан түсетін барлық қаржы тек баспанасыз, малсыз қалған ауыл қазағына аударылып, алдымыздағы жаз, күзге дейін олардың жағдайын жасауға бағытталуына күш сала алсақ. Мемлекет өз тарапынан келесі қысқа дейін алып мегаполистен бастап, кез келген кішкентай аудандардағы жылу қазандықтарын жаңартып, жолдарын салып, жемқорлыққа жол бермей жұмысын істеуі керек. Өз елінің патриоты саналатын әр азаматтан биылға жоспарлаған шетелге демалысынан саналы түрде бас тартып, өз ақшамыздың өз еліміздің игілігіне жұмсалуына күш салуын сұрар едім. Бір жыл, ең болмаса, бір жыл түкке тұрмайтын, күні ертең қоқыста қалатын түрлі кәдесый тойбастар мен арзан киіт алудан саналы түрде бас тартып, үлкен мейрамханаларда ең азы 100 адамның басын қосып той жасауға кететін шығынның жартысын тығырықтан шығуға жұмсаса, халықтың сондай әрекетін билік те үлгі етіп, үлкен істерді қолға алып, әр көктемде қазақтың көз жасы көл боп ақпайтындай жағдай жасаса! Әр қазақтың қазақ үшін жаны ауырғанда бірге болуын, шын қамқор екенін көрсететін кез жетті. «Жау жағадан алғанда бөрі етектен тартпай қоймайды», «жұт – жеті ағайынды» дегенді айтқан да – біздің қазақ. Қамданайық! 

Ел ағасы деп осы күнге дейін қара басымды сыйлап келген, мені актер ретінде жақсы көрген барша қазағыма айтарым осы. Қолдаңыздар, көп болып жүзеге асыралық мұны. Өз айналамыздан басталық. Сансыз көмектің бей-берекеті кетіп, «анау алып қойды», «мынаған беріліп кетті» деген келеңсіздікке де тосқауыл қоятын темірдей тәртіп пен қара қылды қақ жарар әділдік керек, ағайын!

Әр ауылда, әр руда, тіпті, әр класта, әр курста, әр мекемеде сөзін өткізе алатын сесті азаматтар бар. Үйірін ешкімге басындырмайтын жылқыдағы тектілікті көріп өскен қазақ баласының қауқарлық танытатын кезі жетті. Сұсы мен мысы басым жігіттердің жұмыла жиналып, арамдыққа жол бермей, пасықтарға жем болмай, ердің жүгін арқалайтын сәті туды. Мендік кішкентай ұсыныс елдің ойынан шығады деп сенем. Амандықтың үлкені – елдің амандығы. 

Ынтымағымызды ыдыратпай, бірлігімізді божыратпай жұмыла біріксек, ауыр жүктің жеңілдері анық. Қарға тамырлы, қаршыға сіңірлі халқымыз тағдырдың қай талқысына да шыдап, зұлмат замандарды бастан өткізіп, асау дәуірлердің қолтығынан аман шыққан. Құдайым қолдаса, бұл сыннан да аман өтерміз. Елдің тілегі бірлікте ғана түзеледі. Жіп біріксе – арқан, ел біріксе – қалқан. Ақылмен іс тындырып, қиналған елге ес болайық. Тамыры терең, тағдыры бөлек қазақтың осы қиындықтан аман өтуін Жаратқан нәсіп етсін! 

Бекжан Тұрыс,
ҚР еңбек сіңірген 
қайраткері

 

Қатысты жаңалықтар

Батадан – береке, сөзден – өнеге

Батадан – береке, сөзден – өнеге

10.08.2026
«Ақыл, қайрат, жүрек» кітап бұрышы ашылды

«Ақыл, қайрат, жүрек» кітап бұрышы ашылды

10.08.2026
Болашақтың берік негізі

Саяси жаңғыру: Құрылтай сайлауы – жаңа басқару моделінің басты сынағы

10.08.2026
Құрылтай – орталық пен өңір арасын жақындатқан жүйе

Ұлттық құрылтай – ел мен қоғам арасындағы байланыс көпірі

10.08.2026
Президенттің отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмалары қалай жүзеге асуда?

Президенттің отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмалары қалай жүзеге асуда?

10.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.