Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің «Балық шаруашылығы су айдындарында «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясын өткізу туралы» 2024 жылғы 01 наурыздағы №30-9/36 бұйрығына сәйкес, 2024 жылдың 05 сәуір күні «Таза су» табиғатты қорғау акциясы ұйымдастырылды.
«Қаратал бөлімі» балық инспекциясының ұйымдастыруымен өткен акцияға, Қарашыған ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері, Бөрлітөбе орманшаруашылығы қызметкерлері және Қарашыған ауылдық округінің ауыл тұрғындары қатысты.
Жалпы саны 30 адам, 4 автокөлік қатысып, өзен жағалауындағы қоқыстар жиналды.
Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Қарашыған ауылдық округінің Балқаш көліне құятын Лепсі өзенінің сағасында орналасқан «Тас өткел» деген жерде әуесқой балықшылар балық аулап демалатын орындарын, өзеннің іші мен сыртын тазалап, 2 тонна қоқыс арнайы қазылған шұңқырларға көму арқылы жойылды.
Тазалық акциялары алдағы уақытта да жалғасатын болады.
А.Сыздықов
«Қаратал балық инспекциясы бөлімінің»
бас маманы





