Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

5 сәуір 2024
КҮЛТӨБЕ
КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА
WhatsAppTelegramFacebook

Көктемгі дала жұмыстарын атқару кезек күттірмейтін басты мәселе. Сондықтан мұның жүйелі жүргізілуі тікелей бақылауға алынған. Дала жұмыстарында орын алған мәселелерді уақытылы шешіп, шаруаларға барынша жағдай жасау мақсатында Көксу ауданында семинар өтті. Шаруалар бас қосқан жиынды облыс әкімінің орынбасары Әлібек Жақанбаев ашып, жүргізді.


Жиында облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев баяндама жасады. Оның айтуынша, облыста дақылдарды әртараптандыру аясында дәнді дақылдар 10,5 мың гектарға, картоп 880 гектарға қысқарды. Сонымен қатар, өткен жылы ауылшаруашылығы дақылдарының егістік құрылымын сақтамау нәтижесінде дәндік жүгері 12,5 мың гектарға артық себіліп, жиналған өнімді өткізу мәселесі күні бүгінге дейін өз шешімін таппағаны рас. Соған орай биыл  нарықтағы жүгерінің бағасын ескере отырып, шаруашылықтарды қолдау мақсатында қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізілетін 1 тонна дәндік жүгерінің субсидия нормативі 6 мың теңгеден 10 мың теңгеге көтерілген. 

Жетісудың төл өнімі – қант қызылшасы болғандықтан берілген өтінімдерге сәйкес 13,5 мың гектарға жететін тұқым жеткізіліп, шаруалар қолына тиді. Шаруашылықтарды қажетті тұқыммен Көксу қант зауыты өз қаражатына, ал «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы облыстық бюджет есебінен қамтамасыз етіп келеді. Биыл қант қызылшасын өсірушілерді қолдау мақсатында облыстық бюджеттен 2,5 миллиард теңге бөлініп, жаңадан құрылған 8 сервистік дайындау орталықтарына 62 бірлік техника алынды.

– Өнім жақсы нәтиже беру үшін минералды тыңайтқыштар ауадай қажет. Бүгінгі таңда қоймаларда 1950 тонна минералды тыңайтқыш бар. Биылдан бастап шаруашылықтар отандық тыңайтқыш өндірушілерінен сатып алған тыңайтқыштарының орташа бағасының 40 пайызын ғана төлейді, ал 60 пайызы тікелей зауыттарға аударылады, – деді басқарма басшысы. 

Семинарда  «Көксу қант зауыты» ЖШС-нің директоры Алтынбек Абатов биыл Көксу қант зауыты шетелдік Америка, Германия, Франция, Дания мемлекеттерінен 700 миллион теңгеге гибридті тұқымдарға тапсырыс бергенін айтты. Ол кейбір шаруашылықтардың зауыт алдында өтелмеген қарыздары барын айтып, бұл олқылықтың орнын толтыру қажеттігін жеткізді.  

«ҚазСуШар» РМК-нің облыстық филиалында 9 дана су қоймасы, 3 дана су бөгеті, 12 дана су торабы, 1 дана су сорғы стансысы және 589 дана каналдар бар. Филиал директоры Саят Құдайбергенов ауылшаруашылығы тауар өндірушілердің көпшілігі аграрлық-мелиоративтік іс-шараларды жүргізбейтінін айтты. Шаруа қожалықтары суару желілерінің қашық учаскелеріне монодақылдарды себеді, бұл өз кезегінде ауылшаруашылығы дақылдарын жаппай суару кезінде қиындық туғызады. «Өйткені шаруа қожалықтары өтінімі бойынша керекті суды жеткізу үшін арнаға көп мөлшерде су салу қажет, ол өз кезегінде егістік жерлерге жеткенше каналда суармалы судың айтарлықтай көлемде жоғалуына алып келеді. Бұл жағдайда суармалы суды суару желілерінің оңай қолжетімді жерлеріне беру ұтымды екенін ескертеміз», – деді Саят Үсенұлы. 

«Аграрлық несие корпорациясы» агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында өз тарапынан субъектілерді қаржыландыруды қамтиды. Бүгінгі күні қаржыландыру келесі бағдарламалар арқылы іске асырылып жатыр. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалы  директорының орынбасары Дулат Мұхамадиев «Кең дала» бағдарламасы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін айналым қаражатын толтыру мақсаттарына берілетін несие сомасы 1 миллион теңгеден 10 миллиард теңгеге дейін жылдық 5 пайызбен берілетінін айтты. 

Семинарда шаруалар өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Диқандар былтырғы жүгері мәселесінің биыл орын алмауы үшін ертерек әрекет ету керектігін алға тартты. 

Еңлік КЕНЕБАЙ
 

Қатысты жаңалықтар

Ұлт болашағы – ананың қолында

Ұлт болашағы – ананың қолында

28 қараша 2026
Дамудың тұрақты кепілі

Дамудың тұрақты кепілі

28 қараша 2026
Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

28 қараша 2026
Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бұл күнге жету оңай болған жоқ

28 қараша 2026
Аталы сөз иесі

Аталы сөз иесі

28 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.