Талдықорған: +22°C
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Ешкі өсіріп еңбегі еселенген

04.04.2024
ЭКОНОМИКА
Ешкі өсіріп еңбегі еселенген
WhatsAppTelegramFacebook

Атам қазақ ешкі малының өсімталдығына сай «Есің кетсе ешкі жи, ешкі жи да есің жи» деп тұжырым айтқан. Талдықорған қаласына қарасты Мойнақ  ауылының тұрғыны Сәлімхан Ерғазыұлы көп жылдан бері ешкі өсіріп, табысын еселеп келеді.

Бүгінде малшының қорасындағы Сексек ата түлігінің аналық басы 600-ден асады. Осы орайда ешкі малының ерекшелігі қандай деген сауал туындайтыны сөзсіз.

– « Жалпы әркім  өмірде  өзінің бейіміне қарай еңбек етері анық. Біз бір атадан тарған 6 ұл едік. Есейе келе әр біріміз өз алдымызға отау болып, әр кәсіптің тізгінін ұстадық. Мен жастайымнан мал бағуға бейім едім. Алғашында Алатау баурайындағы Жамбыл ауданына қарасты Бесмойнақ деген жерге тұрақтап, оншақты ұсақ мал сатып алып, ешкі өсіруге бел будым. Ешкі түлігі біріншіден, жылына екі мезгіл төлдеп, екі-үштен лақ табатындықтан өте өсімтал келеді. Екіншіден, басқа малдың ауызы жете бермейтін жалама жартастардағы шөптің сонысын жеп, судың тұнығын ішетіндіктен еті де, сүті де қандай да бір дертке дауа. Оның  үстіне Бесмойнақтың жері шұрайлы тауы ешкі өсіруге өте қолайлы. Еркін жүрген мал біраз жылда ондағы тау ешкілерімен буданысып қаулап өсе бастады. Даланың аңы тектес бұл ешкілердің қазіргі бір ерекшелігі басқа ешкілердей емес, қыс мезгілінде төлдесе де лақтары суыққа төзімді, өздігінен аяқтанып еріп жүріп кете береді. Сонымен 6-7 жылда қорамыздағы ешкі саны бір мың бастан асты. Аллаға шүкір, қазір сол малдың арқасында отбасымызды асырап, ел қатарлы ата кәсібімізден нәсіп тауып келеміз», – дейді Сәлімжан Ерғазыұлы.

Мал иесінің айтуынша, қыстың қақаған аязына тоңып, жаздың аптап ыстығына күйіп  мал өсірудің рахатымен қатар машақаты да аз емес. Жалпы ешкі малының жесең еті дәмді, ішсең сүті дәрі, тұтынсаң түбіті мен терісінен өндірілген киімдерге дейін сапалы болуымен құнды. Бұл артықшылықтар Қазақстанда әлі толық зерделеніп өз деңгейінде бағалана қойған жоқ. Тек қазірге дәрігерлердің кеңесімен ешкі сүтінің емдік қасиетіне бола жыл сайын біртіндеп сұраныс артып келеді. Еті қүнделікті базарлардағы басқа малдардың етімен қатар саудалануда.

Бір өкініштісі, елімізде басқа түліктерді көбейтуге, асылдандыруға арнайы бағдарлама әзірленіп тиісті қолдау қаражаттары  бөлінгенімен, ешкі басын көбейткендерге ешбір субсидия берудің жолы қарастырылмаған. 

Нақты дерек қөзіне жүгінсек, бүгінде әлемнің 170-тен астам елінде ешкі өсіріледі екен. Соның ішінде АҚШ, Қытай, Түркия, Үндістан сынды  дамыған мемлекеттер көш басында. Мәселен, АҚШ-та ешкі сүтінен нәрестелерге арналған арнайы тағам түрлері дайындалса, дәрігерлер туберкулез, қан аздық, буын және тері ауруларына, сондай-ақ Д дәруменінің және күннің ультра күлгін сәулелерінің жеткіліксіз болуынан пайда болатын рахит сырқатқа  шалдыққандарға ешкі сүтін ішуге жиі кеңес беріледі.

Ал көрші Қытай мемлекетінде ешкі түлігінің еті, сүтімен қатар терісі, аш ішегі, түбіт, қылшығына дейін  жоғары сұранысқа ие. Себебі, терісінен әр түрлі былғары киімдер тігілсе, түбітінен бағалы тоқымалар, аш ішегінен медицина саласында кеңінен қолданылатын ота жіптері өндіріледі. Сондықтан да ол елде ешкі түбітің бір келісі 500-550 юан, яғни, 30-35 мың теңгені құрайды.

Мейлі қай елде болсын бүгінде ғалымдардың зерттеуімен ешкі сүті барлық дәрумендерге бай  жаңа туған нәрестелер үшін ана сүтінің орнын басарлық қасиетке ие екені кеңінен дәріптелуде. Ұзақ уақыттан бері Сексек ата түлігін өсірумен айналысып келген Сәлімжан Ерғазыұлы бұл туралы былай дейді:

– «Ешкі малының ерекшеліктері ғалымдардың енді ғана ашқан тың жаңалығы емес. Оны дала дәнішпандары атанған ата-бабаларымыз ықылым заманнан ақ дәлеледеп қойған. Өйткені, қазақ ешкінің, тұйенің сүтінің шала туып, тымыққа салып баққан нәрестеге, сирек кездесетін жұмсақ сүйек, өкпе ауруларына емдік қасиетін ертеден біліп, орынды қолдана білген. Тіпті, аш ішегін есіп ұлтымыздың ұлы мұрасы домбыраға ішек жасаса, мүйізін зергерлікпен қылышына, кездігіне сап ретінде пайдаланған. Сондықтан ата түліктің қадірін бағалап, ұлан-ғайыр далада басын көбейтуге арнайы  бағдарлама, қаржылай қолдау қажет », – дейді.

  

 

                                                              Айдын КӘЛІМХАН

Қатысты жаңалықтар

«Қызыл жұлдыз» қалай берілді?

«Қызыл жұлдыз» қалай берілді?

09.05.2026
Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

09.05.2026
Майданнан қалған жәдігер

Майданнан қалған жәдігер

09.05.2026
Майлышаттан майданға дейін

Майлышаттан майданға дейін

09.05.2026
Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

09.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.