Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АЛТЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘЛЕМДІК БАЙЛАРДЫҢ ТІЗІМІНЕ ЕНДІ

3 сәуір 2024
КҮЛТӨБЕ
АЛТЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘЛЕМДІК БАЙЛАРДЫҢ ТІЗІМІНЕ ЕНДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Америкалық Forbes журналы дәстүрлі түрде әлемдегі миллардерлердің тізімін жариялады. Аталмыш тізімге алты қазақстандық кірді. 


Forbes журналының мәліметінше, биыл да осыдан бір жыл бұрынғы тізімдегі алты адамның есімі қайта жарияланды. Вячеслав Ким, Тимур және Динара Құлыбаевтар, Владимир Ким, Тимур Турлов және Болат Өтемұратов 2024 жылы да ең бай қазақстандықтар атанды. Алайда аталған алты қазақстандық бай адамдардың арасындағы “көшбасшы” өзгерген.

Биыл отандастарымыздың арасындағы ең бай адам атағын Вячаслав Ким алды. Долларлық миллиардерлердің әлемдік рейтингінде ол 787-ші орыннан 511-орынға көтерілді. Forbes Kaspi.kz акционері және директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Кимнің байлығын 2024 жылы 5,8 миллиард долларға (бір жыл бұрын 3,6 миллиард доллар) бағалады. Еске салайық, Вячеслав Кимнің серіктесі Михаил Ломтадзе аталмыш тізімде 581-ші орынға тұрақтады. Грузия азаматы Ломтадзенің биылғы байлығы 5,3 миллиард долларға бағаланып отыр.

Ең бай адамдардың қазақстандықтар арасындағы тізімінде екінші және үшінші орынды “Алмэкс” холдинг тобының басшысы және тең иесі Тимур Құлыбаев пен оның жұбайы Динара Құлыбаева иеленеді.Рейтингте олар 612-орынға жайғасты. Былтыр ерлі-зайыпты 636-орында еді. Құлыбаевтардың əрқайсысының дəулеті 5 миллиард долларға бағаланады. Бұл екі жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғаенда 1,4 миллиард долларға көп.

“KAZ Minerals” акционері Владимир Ким өткен жылы ең бай қазақстандықтардың тізімінде көш бастап тұрды. Алайда биыл 4-орынға түсіп қалды. Forbes мәліметінше, бір жыл ішінде оның материалдық жағдайы 4,6 миллиард доллардан 3,6 долларға дейін азайған. Ал әлемдік рейтинг бойынша ол 591-орыннан 896-шы орынға түсті.

“Freedom Holding” негізін қалаушы Тимур Турлов қазақстандық бай адамдардың арасында бесінші орында.  Оның байлығы бір жыл ішінде 3,1-ден 3,3 миллиард долларға дейін өсті. Алайда жаһандық рейтингте 949-орыннан 991-орынға түсті.

Миллиардер, “Forte Bank-тің” тең иесі Болат Өтемұратовқа келер болса, оның жағдайы тұрақты. Оның дәулетінде еш өзгеріс жоқ. Миллардердің байлығы 2,7 миллиард долларға бағаланады. Алайда бір жыл ішіндеБолат Өтемұратов Forbes-тің рейтингінде 1104-тен 1238-ші орынға жайғасты.

Алты қазақстандық миллиардердің жалпы байлығы 2024 жылы 25,4 миллиард долларға бағаланады.

Әлемдік рейтингтің көшбасшыларына келетін болсақ, екінші жыл қатарынан “Louis Vuitton Moët Hennessy” компаниялар тобының президенті және бас директоры Бернар Арно әлемдегі ең бай миллиардер атанды. Бір жыл ішінде ол 22 миллиард долларға байып, қазір дәулеті 233 миллиард долларға жетті.

Екінші орынға SpaceX негізін қалаушы, Tesla компаниясының бас директоры және X (Twitter) иесі Илон Маск тұрақтады. Оның байлығы бір жыл бұрынғы 180 миллиардтан 195 миллиард долларға өсті.

Тізімдегі үшінші орынды Джефф Безос иеленді. Forbes Amazon интернет-дүкенінің негізін қалаушының байлығын өткен жылғы рейтингтегі 114 миллиард доллармен салыстырғанда 194 миллиард долларға бағалады.

Әлемдік тізімге енген 20 миллиардердің байлығы 2,48 триллион долларға бағаланады.

Фото. arasha.kz

Қатысты жаңалықтар

Ұлт болашағы – ананың қолында

Ұлт болашағы – ананың қолында

Бүгін, 14:30
Дамудың тұрақты кепілі

Дамудың тұрақты кепілі

Бүгін, 13:12
Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Бүгін, 12:10
Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бүгін, 11:30
Аталы сөз иесі

Аталы сөз иесі

Бүгін, 11:01

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.