Талдықорған: +10°C
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ҚР Мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай байқау жарияланды

03.04.2024
САЯСАТ
ҚР Мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай байқау жарияланды
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай облыстық БАҚ өкілдері арасында байқаудың

ЕРЕЖЕСІ

1. ЖАЛПЫ  ЕРЕЖЕ

1.1. Байқау ҚР Мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған облыстық ауқымды іс-шара.

1.2. Байқауға Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өзекті мәселелерін жазатын, көрсететін аймақтық газеттердің, телерадиокомпаниялардың  редакциялары,  шығармашылық бірлестіктер мен ақпараттық агенттіктер, штаттағы немесе штаттан тыс авторлар қатысады.

 

2. БАЙҚАУДЫҢ  МАҚСАТЫ  МЕН  МІНДЕТТЕРІ

2.1. ҚР Мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай облыстық байқауы облыс халқын мәслихат депутаттарының қызметі туралы хабардар ету мақсатында өтеді.

2.2.    Байқаудың негізгі мақсаттары:

  • Мәслихат депутаттарының сайлаушылардың көтерген мәселелерін шешудегі үлесі;
  • Аймақтың тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін көрсету;
  • Сапалы бұқаралық ақпарат құралдарын насихаттау және дамыту;
  • New-media-ның (блогинг, мобильді журналистика) прогрессивті түрлерін дәріптеу;

2.3      Байқаудың негізгі міндеттері:

  • Облыстың Тәуелсіздік жылдарындағы ақпараттық — имидждік жетістіктерін жария ету;
  • Баспа және электронды БАҚ өкілдерінің кәсіби дамуын, шығармашылықта  өзін-өзі дамытуын моральдық және материалдық тұрғыда ынталандыру;
  • Облыстағы журналистика қоғамдастығында жаңа перспективалы есімдерді анықтау.

 

               3. КОНКУРСҚА  ҚАТЫСУШЫЛАРҒА  ҚОЙЫЛАТЫН  ТАЛАПТАР

3.1. ҚР Мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай облыстық БАҚ өкілдері арасындағы  байқауына қатысушылар:

  • Жеке ізденушілер  – аймақтық және орталық БАҚ-та, облыстық, қалалық, аудандық мерзімді басылымдар мен телерадиокомпанияларда жұмыс істейтін журналистер (штаттағы және штаттан тыс қызметкерлер);
  • Жазылушы аудиториясы кемінде 5К/50К болатын блогерлер, қоғамдастық әкімшіліктері;

3.2 Байқауды өткізу барысында қатысушылар презентация, қайырымдылық іс-шаралар мен баспасөз конференцияларына тартылуы мүмкін;

3.3   Номинант ұсынылған материалдардың заңды құқықтарына толық жауапты. Номинант туралы ақпарат өтінімді толтыру кезінде қолданылған орфография мен пунктуацияны сақтай отырып жарияланады.

  

4. КОНКУРС  АТАЛЫМДАРЫ

4.1. Байқау келесі аталымдар бойынша өткізіледі:

  • «Үздік баспа материалы» (ақпараттық мақала, очерк, эссе, сараптамалық шолу, репортаж, сұхбат);
  • «Үздік теледидар материалы» (жаңалық сюжет, телеочерк, сараптамалық шолу, арнайы репортаж, сұхбат, деректі фильм);
  • «Үздік оператор» (бейнематериал) (аймақтық БАҚ қызметкерлері үшін);
  • «Үздік фотосурет» (аймақтық БАҚ қызметкерлері үшін);
  • «Интернет БАҚ-тағы үздік материал» (ақпараттық мақала, очерк, эссе, сараптамалық шолу, репортаж, сұхбат);  
  •  «Әлеуметтік желідегі үздік жарияланым» (әлеуметтік желіде өткір әрі маңызды тақырыптар көтеру, проблемалардың оң шешілуіне ықпалдасу және қаралым саны 5 мың астам жинаған посттар мен жарияланымдар).
  •  

5. КОНКУРС  МАТЕРИАЛДАРЫН  БАҒАЛАУ  ӨЛШЕМДЕРІ:

5.1.  Байқау бір кезеңде өткізіледі.

5.2. Үміткерлер тек бір номинацияға ғана  қатыса алады. Тіркелген баспасөз және электрондық БАҚ-та 2024 жылғы 10 қаңтардан бастап                         2024 жылдың 1  маусым аралығында эфирге шыққан, жарияланған бір материал  ұсынылуы тиіс.

5.3.  Берілген материалдардың біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау үшін   ұйымдастырушылар әділқазылар алқасын құрып, бекітеді. Қазылар алқасы тиісті біліктілік талаптарына сәйкес материалдарды сараптамалық бағалау әдісімен саралайды.  Қазылар алқасына байқауға қатысқан материалдардың авторы көрсетілмейді.

5.4. БАҚ материалдарын бағалау өлшемдері (1-ден 5 баллға дейін):

  • Ұсынылған номинацияға сәйкестігі;
  • Мәселенің әлеуметтік маңызын азаматтық тұрғыдан көрсету шеберлігі;
  • Материалды ұсынудағы жаңалық және ерекшелік, кәсібилік пен публицистикалық шеберлік;
  • Жарияланым сапасы (тұжырымдар, цифрлар, фактілер);
  • Фотосуреттердегі арнайы эффектілер 30% дан аспауы керек, авторлық құқық бұзылмауы қажет.

 

БЕЙНЕМАТЕРИАЛҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР:

    • Файл көлемі: 25 ГБ дейін;
    • Формат: mp4;
    • Видеокодек: H264 (MainConcept);
    • Bitrate: 3 600-ден 10 000 kbps-ге дейін;
    • Разрешение: 1280х720 немесе 1920 х 1080;
    • Framerate: 25fps;
    • Keyframe: әрқайсысы 25;

Қажет болған жағдайда қазылар алқасының мүшелері әр номинацияға қосымша талаптар қоюы мүмкін.

 

6. БАЙҚАУДЫҢ  ӨТУ  ТӘРТІБІ

6.1.    Өтінімдер осы Ереже жарияланған күннен бастап 2024 жылғы                10 маусымға  дейін қабылданады. Конкурсқа 2024 жылғы 10 қаңтардан бастап                         2024 жылдың 1 маусым аралығында интернетті қоса алғанда, тіркелген газеттерде, тағы басқа да  БАҚ-та, телеэфирлерде, блогтарда  жарияланған материалдарды ұсынуға болады.

6.2.    Байқаудың қазылар алқасы берілген материалдарды бағалайды және ең үздік жұмыстарды іріктейді, солардың ішінен жеңімпазды анықтайды. Материалдардың авторы қазылар алқасы үшін жасырын болады.

 

7. БАЙҚАУДЫ  ҰЙЫМДАСТЫРУ  КОМИТЕТІ

7.1. Байқауды үйлестіру ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.

7.2. Ұйымдастыру комитеті байқауды өткізу кезінде деректер базасын әзірлеп, оның ішіне, байқауға қатысушылардың жіберген жұмыстарын, байқауға  қатысушылардың тізімін, байқау жеңімпаздарының тізімін енгізеді.

7.3. Ұйымдастыру комитеті жұмыс барысында осы Ережені  басшылыққа алады.

 

8. КОНКУРСТЫҢ  ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

8.1. Конкурстық жұмыстарды бағалау үшін ұйымдастыру комитеті әр номинация бойынша  қазылар алқасын құрады   

8.2. Қазылар алқасы ізденушілер ұсынған материалдарды қарайды, саралайды және сараптамалық бағалау жасайды.  

8.3.    Қазылар алқасының құрамына конкурстың ұйымдастырушысы – Жетісу облысы мәслихатының аппараты, Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы, қоғамдық журналистік ұйымдарының өкілдері, республикалық және аймақтық БАҚ басшылары, ғылым және қоғам қайраткерлері, байқаудың әріптестері кіреді. 

8.4. Қазылар алқасы байқау ұйымдастырушылары тарапынан бекітіледі.

8.5. Қазылар алқасының мүшелері байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне міндетті түрде қатысуы қажет.

 

9. КОНКУРС  ҚОРЫТЫНДЫСЫН  ШЫҒАРУ

9.1. Қазылар алқасы конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды анықтайды.

9.2.  Марапатқа лайық материалдар болмаған жағдайда қазылар алқасы жүлделі орын бермеу жөнінде байқау  ұйымдастырушыларына ұсыныс жасауға хақылы. 

9.3.  Ресми қорытындыларды шығару және жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттау 2024 жылдың маусымында өтеді. Ресми марапаттау салтанатына жүлделі орын алған журналистер, журналистік ұжымдар, қазылар алқасының мүшелері, ұйымдастырушылар мен демеушілер, мемлекеттік органдардың, іскер, академиялық және журналистік топтардың өкілдері қатысады.

9.4. Қазылар алқасымен анықталған байқаудың жеңімпаздары дипломдармен, мүсіншемен және ақшалай сыйақымен марапатталады.

 

10. БАЙҚАУҒА  МАТЕРИАЛДАРДЫ  ҰСЫНУ  ШАРТТАРЫ

10.1.    Байқауды өткізудің белгіленген мерзімінен бұрын немесе кейін жарияланған, сондай-ақ, бұрын жарияланып, қайта басылған материалдар байқауға қабылданбайды. Ұсынылған материалдардың коммерциялық сипаты болмауы керек. 

10.2.    Конкурстық материалдар келесі мекенжайда қабылданады: Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, №28-үй, Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы  немесе мына электрондық мекенжай бойынша:  7su-smi@mail.ru .

10.3.    Байқау жұмыстарының тілі – қазақ, орыс;

10.4.    Материалдар баспа немесе электрондық түрде қабылданады.

10.5.  Электронды басылымдарда өтінімдерді қабылдаудың шарттары:

  • Материалдар MP4, full HD форматта қабылданады;
  • Материалдың хронометражы 3 минуттан аспауы тиіс;
  • Фотосуреттер ең төменгі кеңейтумен 2398х3602 пиксельден бастап.

10.6.  Конкурстық материалдар өңделмейді және қайтарылмайды. Байқауға берілген материалдар бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ интернет ресурстарда  және басқа да дереккөздерде  толық немесе ішінара жариялануы мүмкін.

 

Фото: e-history.kz

 

 

Қатысты жаңалықтар

«Мекенжай» сөзінің эвроюциясы

«Мекенжай» сөзінің эвроюциясы

29.03.2026
Сәннің соңында саулық қалып қоймасын

Сәннің соңында саулық қалып қоймасын

29.03.2026
Likke тәуелді  сана

Likke тәуелді сана

29.03.2026
Адалдық – адамдық белгісі

Адалдық – адамдық белгісі

29.03.2026
Ұлт рухын көтерген ұлы тұлға

Ұлт рухын көтерген ұлы тұлға

29.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.