Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚАЙДАН КЕЛДІК? НЕ ІСТЕП ЖҮРМІЗ, ҚАЙДА БАРАМЫЗ?

30.03.2024
КҮЛТӨБЕ
ҚАЙДАН КЕЛДІК? НЕ ІСТЕП ЖҮРМІЗ, ҚАЙДА БАРАМЫЗ?
WhatsAppTelegramFacebook

…Кино – өте күшті идеологиялық қару. Біз соны дұрыс пайдалана білуіміз керек. Ұлттық идеология қай жерде болсын қажет. Жастар туған елінің ұлттық құндылығымен сусындап өспесе, кейін одан Отанын қорғайтын батыр, халықтың қамын ойлайтын жанашыр адам шығады деу қиын. Тереңнен тымырын жайған тарихымызға да нағыз қазақтың көзімен қарауға тиіспіз.


Қазақ халқына тән ұлттық мінезімізді, салтымызды, тілімізді, дінімізді, ділімізді экран арқылы насихаттайық. Сол кезде көрермен «өзгенің қаңсығына таңсық» болмайды. Мен халықтың ұлттық идеясын жүзеге асыруға, тарихын жадында қайта жаңғыртуға киноның әсерінің күшті екенін білдім. Сол үшін де «Мұстафа Шоқайды», «Аманатты» түсірдім. Мен қаншама адаммен араласып, әңгімелесіп жүрмін. Сонда байқағаным, халық өз тарихы мен төл мәдениетінен алшақтай бастаған. Бұл қатерлі шақ. Мен болашақтың алтын кілтін қолға ұстайтын ұрпақтарымыздың жүрегі «Қазақ!» деп соққанын армандаймын. Тегінен, тамырынан ажырамаса екен деп тілеймін.

Кезінде ұлттық университетте оқып жүрген кезде Фаина Стеклова деген профессор болған. Өте білімді адам еді. 1963-1964 жылдары сол кісі Прагадағы ұлттық кітапханадан этнограф Адольф Янушкевичтің кітабын тауып алып, дереу орысшаға аударыпты. Бұл бізге жарылған бомбадай әсер етті. Кино саласына араласқалы бері көкейімде жүрген тақырыптардың бірі осы – Адольф Янушкевичтің күнделіктері мен хаттары болатын. Алғашқы нұсқасын Нұрлан Санжаров деген жігіт екеуміз жазып шықтық. Кино түсірудегі алға қойған мақсаттарым да осы идеямен байланысты. Неге десеңіз, Адольф Янушкевич біздің Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбайұлы секілді игі жақсыларымызды жақсы таныған, тығыз араласқан. Қазақ халқының тұрмысына сіңісіп, тілін де біраз үйреніп кеткен. 25 жылдай уақыт біздің елімізде жүріп, көрген-білгенін хатқа түсірген екен. Сол бір асыл деректерді Польшадағы анасына, туған-туыстарына, достарына жазған хаттарынан, күнделігінен оқып отырып, Ұлы Даланың қайталанбас төл мәдениеті, өркениеті бар деп қарағанын көруге болады.

Біздің салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызға Янушкевич қызығушылық танытыпты. Бізге кезінде театрларың жоқ дейтін еді. Біздің ұлттық ойындарымыз бен өнеріміздің қайсысын алсаңыз да тұнып тұрған театр емес пе? Айтыс – таңғажайып театр, аудиториясы қандай керім, зор! Аспан астындағы амфитеатрдан оның несі кем? Естіген рулы елдің делебесі қозып, қос ақынның суырып салған өлеңінен зор әсер алып шалқып отырады. Керек болса, айтыс әр уақыттың әрі театры, әрі саяси аренасы, әрі кафедрасы. Қыз қуу, қыз ұзату, көкпар, бәйге, т.с.с. қазаққа тән құбылыстың бәрі – тірі театр. Өмірдің қызығы мен қуаты сол ұлттық дәстүрімізде тұр. Осының бәрін Адольф Янушкевич біздің дәстүрімізге құрметпен қарап, шынайы суреттеп жазған. Сенің өскен еліңе, салт-дәстүріңе, мәдениетіңе шынайы махаббатпен қараған адамға қалай риза болмайсың?! 

Біз көбінесе өлең жазсақ, кино түсірсек «Мен қазақпын!» деп кеуде соғып жатамыз. Ал біз туралы жат жұрттың пікірі, ойы қандай? Мен халыққа кино арқылы соны жеткізгім келеді.

…Бізде көру мәдениеті жоқ. Жастайымыздан үндінің киноларын көріп келеміз. Автордың кезегімен басынан кешкендерін жылап-сықтап баяндап беретін киноларына үйреніп қалғанбыз. Біздің көрермен үшке бөлініп кетті. Біреуі үндінің, түріктің, корейдің киносына қарап кетті. Тағы бірі Голливудтың атыс-шабыс боевиктеріне құмар. Үшіншісі – жүрекжарды, шынайы, ұлттық бояуы қанық киноларды іздейтін көрермен. Дей тұрғанмен, біздің көңілімізге демеу болатыны – көрермен кинозалға қайта оралуда. Аз-аздап болса да көрермен деңгейі өсіп келе жатқаны қуантады. Соған қарап, халықтың талғамына лайықтап кино түсірсем, «Қайдан келдік? Не істеп жүрміз һәм қайда барамыз?» деген үш сұраққа кино арқылы адамдар өз-өзіне сұрақ қойып, соның жауабын өздері тапса деген ниетім, мақсатым бар…

(Қасымхан Бегмановтың «Дәстүр: кеше, бүгін, ертең» 4 томдығынан)

Қатысты жаңалықтар

Comic Con қатысушылары тазалық жұмысына шықты

Comic Con қатысушылары тазалық жұмысына шықты

10.08.2026
Жер – елдің ырысы

Жер – елдің ырысы

10.08.2026
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады

10.08.2026
Қазақстанда есту аппаратын тегін алу жеңілдеді

Қазақстанда есту аппаратын тегін алу жеңілдеді

10.08.2026
Мемлекет басшысы: Абай мұрасы – шынайы патриотизмнің қайнар көзі

Мемлекет басшысы: Абай мұрасы – шынайы патриотизмнің қайнар көзі

10.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.