Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Еділ Жаңбыршин. «Аманат» ескі Қазақстанды толығымен жоюды жүзе асырмақшы

27 наурыз 2024
КҮЛТӨБЕ
Еділ Жаңбыршин. «Аманат» ескі Қазақстанды толығымен жоюды жүзе асырмақшы
WhatsAppTelegramFacebook

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Еділ Жаңбыршин энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға тыйым салу керектігін айтып, дабыл қақты дейді 7su.kz желілік басылымы qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.


«Аманат» ескі Қазақстанның жүйесі болған барлық деңгейдегі делдалдарды жоюды іске асыруды негізге алып отыр. Осыған дейін аманаттықтар, газ және теміржол саласындағы «прокладка» ұйымдарды реттесе, енді электр энергетика саласында тәртіп орнататыны анық. Өйткені сайлаушылармызбен кездескенде электр энергиясының тарифтерін негізсіз көтеріп отырған, ел аузында «ЭСО» деп аталып кеткен – энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға тыйым салуды, олар бізге аманат еткен. Осыдан 20 жыл бұрын либерализация және электр энергиясының бөлшек сауда нарығында бәсекелестікті енгізу аясында – энергиямен жабдықтаушы ұйымдар пайда болды. Олар нарықта электр қуатын көтерме бағамен сатып алып және тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын компаниялар немесе жеке кәсіпкерлер. Бір сөзбен айтқанда дистрибьюторлық қызмет атқаратын делдалдар», — дейді Еділ Жаңбыршин.

Ол қазіргі таңда бұл ұйымдардың реттелетін және реттелмейтін екі түрі нарықта жұмыс жасап отырғанын атап өтті. Реттелетін ұйымдар тұрғындарға, заңды тұлғаларға және бюджеттік ұйымдарға қызмет көрсетуде және мемлекет тарапынан олардың операциялық шығындары ескеріліп, жабдықтау тарифінің орташа бағасы 1 квт сағатқа 1 теңге жобасында бекітіліп отыр деп айтты.

«Ал, реттелмейтін ұйымдар, тарифтерін өздері белгілейді, яғни оларға «әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ»! Ұлттық оператор – КЕГОГ-тың мәліметі бойынша еліміздің тұтынушыларына жіберілетін электр энергияның 18 пайызы жүздеген тарифі реттелмейтін ЭСО-лар арқылы сатылып отыр. Яғни делдалдар арқылы миллиардтаған қаржы өтеді. Біздің болжамды есебіміз бойынша әрбір делдал жылына кемінде 1 миллиард теңге таза пайда көреді екен. 120-дан астам реттелмейтін ЭСО-лардың бір жылдық таза табысы кемі 150 миллиард теңгені құрайды. Бұл әзірше болжам цифрлар, нақтысын ешкім білмейді. Өйткені бұлар ешкімге есеп бермейтін, тек делдалдық қызмет арқылы, кеңседегі азғантай ғана қызметкерлерімен,  халықтың адал табысынан миллиардтап қаржы тауып отыр. Сорақысы, бұл ұйымдардың балансында бір метр электр желісі, тіпті электр бағаны мен трансформаторы жоқ. Бұл не деген батпан құйрық?!», — дейді депутат.

Ол егер де, бюджеттік ұйымдарды, адал кәсіпкерлерді, ең бастысы халықты сүлікше сорып отырған, қанағатсыз делдалдардың қызметі дәл осылай жалғаса беретін болса, бұның түбі қоғамда саяси-әлеуметтік шиеленіске әкелуі әбден мүмкін деп айтты.

«Себебі, біріншіден, делдалдар тарифті негізсіз көтеруді жалғастыра береді және суперпайда табады. Мысалы, кейбір өңірлерде делдалдардың тарифіндегі таза пайда бір кВт сағат үшін 25 теңгеге жеткен. Ал, Қазақстандағы ең ірі Екібастұз 1-ші электр станциясының 1 кВт сағат электр энергиясын өндіру тарифі 8 теңгені құрайды. Делдалдар ештеңе өндірмей-ақ станциялармен салыстырғанда кемі 3 есе пайда көріп отыр. Қынжылтатыны, сол таза табыстарынан энергетика саласына бір тиында инвестиция салмаған. Тіпті бірде-бір есептегіш құралды орнатпаған. Тірліктері тек қана қалтаны томпайту, пайда табу.Екіншіден,  биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік сатып алу заңынан реттелетін электр жабдықтаушы ұйымдардың бір көзден келісім-шарт жасау нормасы алынып тасталуы себебінен, реттелмейтін делдалдар бағаны демпинг жасап, заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдарды өздеріне тартып ала бастады», — дейді мәжілісмен. 

Соның салдарынан бюджеттік ұйымдар арқылы субсидияланып отырған тұрғындардың электр тарифі көтерілді. Баға өскен.

«Үшіншіден, делдалдардың артында шетелдік және шетелде тұратын қазақстандық олигархтардың тұрғанын білеміз. Осы ретте, ЭСО-лардың таза пайдасы олигополиялық топпен шетелге шығарылып жатқаны тағы бар.Оған нақты дәлел, өткен жылдың аяғында «Ratel.kz» ақпараттық порталы қазақстандық делдал компанияның көрші елдің энергетика саласына 2,3 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция салатыны жайлы мәліметпен бөлісті. Бұл дегеніміз елде тапқан табысты актив ретінде шетелге шығарумен пара-пар.Ал мұндай, қаржы иелері тапқан капиталдарын мемлекетке қауіп төндіру бағытында пайдаланбайтынына кім кепіл?!», — дейді Еділ Жаңбыршин.

Ол Мәжілісте олигарх топтардың делдалдық ұйымдарының ашық қарсылығына қарамастан, «прокладка» ұйымдарды жою бойынша нақты заң нормасын дайындап, енгіздік деп айтты.

Делдалдардың артындағы олигархтардың әлеуетін және олардың биліктегі байланыстарын ескере отырып, Үкімет тез арада келесі нақты шешімдерді қабылдауы қажет: 
—    делдал ұйымдарды нарықтан толықтай алып тастау;
—    электр энергетика нарығында делдалдарсыз жаңа құрылымға өту тәртібін әзірлеу;
—    тұтынушылар үшін ашық және әділ тарифтерді қамтамасыз ету және оларды қатаң бақылауға алу.

Әріптестер, 2023 жылдың шілдесінде энергетика нарығында арнайы бірыңғай сатып алу моделі енгізіліп, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметі онсызда мағынасын толығымен жойды. Ендігі кезекті осы мәселені Мәжілісте заңмен бекітіп, ал Үкімет нақты іске асырушы механизмдерді жасақтап, орындауы тиіс.

Қатысты жаңалықтар

Ұлт болашағы – ананың қолында

Ұлт болашағы – ананың қолында

28 қараша 2026
Дамудың тұрақты кепілі

Дамудың тұрақты кепілі

28 қараша 2026
Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

28 қараша 2026
Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бұл күнге жету оңай болған жоқ

28 қараша 2026
Аталы сөз иесі

Аталы сөз иесі

28 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.