Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жаман жаңалықтар психикаңызды бұзбау үшін не істеу керек?

18 наурыз 2024
КҮНДЕРЕК
Жаман жаңалықтар психикаңызды бұзбау үшін не істеу керек?
WhatsAppTelegramFacebook

Қазіргі заманда әлемдегі жаман жаңалықтарды естімей қалу мүмкін емес: жаңалықты өзіңіз оқымасаңыз да, басқа біреуден естисіз. Сондықтан өз эмоцияларыңызбен жұмыс істеп үйрену керек болады. Психолог Елена Митрохина жаман жаңалық оқығаннан кейін өзіңізді нашар сезінсеңіз не істеу керегін айтты.

Қазір адамдарды алаңдататын жағдайлар көп. Әлем бойынша экологияның өзгеруі, жиі болып жатқан табиғи апаттарды айтпай-ақ, еліміздегі қандай да бір қылмыстық немесе зорлық-зомбылық оқиға жайлы оқып қалсаңыз, бұл сізді күні бойы мазалауы мүмкін. Адамдар әртүрлі: кей адамдар жаман жаңалықты бірден ұмытып кетуі мүмкін, ал басқаларға ол маза бермейді. Жаман жаңалық оқығаннан кейін өзіңізді нашар сезінсеңіз, не істеу керек?

Жаман жаңалықтар сізді ұзақ уақыт бойы мазаламас үшін мына кеңестерді орындаңыз:

  • Ең қарапайым, бірақ маңызды ереже: интернетте өткізетін уақытты шектеу керек. Қажет болса, интернетті өшіріп, телефонды әрі қойып қойыңыз.
  • Медитация мен терең тыныс алуды үйреніңіз. Мұндай техникалар зейін қоюға және ақыл-ойды тыныштандыруға көмектеседі.
  • Жаман жаңалықтардың сізге әсерін азайтудың тағы бір әдісі – физикалық белсенділік: серуендеу, йога, белсенді жаттығулар.
  • Жаман жаңалықтардың әсерінен арылуға жақын адамдарыңызбен сөйлесу көмектеседі. Жақындарыңызға жаман жаңалықтар оқығаннан кейінгі өз сезімдеріңіз бен эмоцияларыңыз жайлы ашық айтудан ұялмаңыз. Сол кезде өз уайымдарыңызбен жалғыз қалмайсыз.

Жылдам өзіңізге келу үшін не істеу керек?

  1. Терең тыныс алыңыз. Бар зейініңізді тыныс алуға қойыңыз. Бұл күйзеліс деңгейін азайтуға көмектеседі;
  2. Зейініңізді қазіргі сәтке аударуға тырысып көріңіз. Мысалы, денеңізге немесе айналаңыздағы дыбыстарға мән беріңіз. Бұл жаман жаңалықтар жайлы ойлардан арылуға және ақылды тыныштандыруға көмектеседі.
  3. Физикалық белсенділікке аздап уақыт бөліңіз. Аз уақыт болсын серуендеп келіңіз, бірнеше рет отырып-тұру неесе созылу жаттығуын жасаңыз. Бұл денеңіздегі күшті түсіруге және көңіл күйіңізді жақсартуға көмектеседі.
  4. Позитивті аффирмацияларды қолдануға болады. Ол үшін позитивті сенімдерді қайталаңыз: «Мен күйзелісті жеңе аламын», «Мен өз эмоцияларымды бақылауда ұстай аламын» және т.б.
  5. Жағдайыңызды қабылдаңыз. Жаман жаңалықтар оқығаннан кейінгі эмоцияларыңыз бен сезімдеріңізді қабылдауға, өткеруге мүмкіндік беріңіз. Өзіңізге мінсіз болмауға рұқсат беріңіз және барлық эмоция келіп-кететінін түсініңіз.

Егер сізге қосымша қолдау қажет болса, мазасыздығыңыз артып, ол ұйқысыздыққа жалғасса, өз уайымдарыңыз жайлы кәсіби психологтармен сөйлесуге болады.

Дереккөз: Massaget.kz
Фото: pixabay.com

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45
«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

Бүгін, 15:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.