Талдықорған: +17°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының ресми мүшесі болды

19.02.2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының ресми мүшесі болды
WhatsAppTelegramFacebook

Антальяда (Түркия) Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы ұйымдастырған VI Этноспорт форумы барысында Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов этноспортты халықаралық стандарттарға сай дамыту тәсілдерін жүйелеуге қатысты бірқатар ұсыныс айтты.

Форумның ашылуында сөз сөйлеген қауымдастық басшысы Исламбек Салжанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанда ұлттық спортты жүйелі дамытуға ерекше назар аударатынын атап өтті. Ұлттық спортпен айналысатын қазақстандықтардың саны жыл сайын артып келеді.

Қазіргі таңда Қауымдастыққа кіретін республикалық федерациялардың жартысы халықаралық мәртебе алды, кейбірі бұрыннан бар халықаралық ұйымдардың құрамына енді. Олардың қатарында аударыспақ, көкпар, құсбегілік, жамбы ату, тоғызқұмалақ федерациялары бар. Бұл Қазақстанда ұлттық спорт түрлері дамудың жаңа деңгейіне қадам басып, күн өткен сайын танымал болып келе жатқанын айғақтайды, — деді Исламбек Салжанов.

Халықаралық этноспорт форумы барысында Ұлттық спорт қауымдастығы этноспортты дамытуға қатысты барлық регламент пен рәсімдердің халықаралық стандарттарға сай болуы үшін бірқатар шара ұсынды. Олардың қатарында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының негізгі спорттық бағдарламасын біріздендіру, халықаралық жарыстардың бірыңғай күнтізбелік жоспарын жасау, Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясымен бірлесіп алдағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында төрешілік ету сапасын арттыру үшін арнайы курстар ұйымдастыру және т.б. бар.

Этноспорт саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының президенті Неджметтин Билал Ердоған Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановқа ресми мүшелік туралы сертификатты табыс етіп, этноспортты одан әрі жаһандық деңгейде дамытуға және біріктіруге сөзсіз серпін беретін алдағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуде сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, Форум барысында Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы мен дәстүрлі спорт түрлерінің ұлттық қауымдастықтары арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Оның мақсаты — халықаралық жарыстарды өткізу кезінде жаһандық эталон ретінде қызмет ететін дәстүрлі спорт түрлері мен ойындары үшін конфедерацияның бірыңғай ережелерін әзірлеу.

60-тан астам елден келген халықаралық қатысушылар үшін алдағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасы таныстырылды.

Форум соңында дәстүрлі спорт саласындағы 5-ші халықаралық сыйлық табыс етілді. Аталған сыйлықты елімізден академиялық санатта – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Дене тәрбиесі және спорт кафедрасының профессоры Елемес Әлімханов алса, спорт санатында – қазақ күресінен спортшы Зарина Сарипова марапатталды.

Фото: Ұлттық спорт қауымдастығы

Қатысты жаңалықтар

Невруз ресми мереке атауын алды

Невруз ресми мереке атауын алды

22.03.2026
Тілекпен көңіл жібитін күн

Тілекпен көңіл жібитін күн

22.03.2026
Ұлыстың ұлы күні ұлықталды

Ұлыстың ұлы күні ұлықталды

22.03.2026
Облыс әкімі Бейбіт Исабаев Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады

22.03.2026
Наурыз – жаңару мерекесі

Наурыз – жаңару мерекесі

22.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.