Жетісу облысында бұқралақы спортты дамыту мақсатында көптеген жобалар жоспарда тұр және белгілі мекемелермен арнайы келісімге келіп, ауқымын кеңейтіп жатыр. «Облыстық бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми – тәжірибелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандумда көзделген тараптардың ынтымақтастығының мақсаты бұқара халықты жүйелі түрде спортпен шұғылдануы және бос уақытын тимді пайдалануы үшін білім беру, спорт объектілерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету.
Екі жақтың келісімімен Ұлттық мектеп лигасының, мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында Гимназиада жарыстарының, бұқаралық-спорттық іс-шараларының облыстық кезеңдеріне аудан, қалалық іріктеулер және облыстық кезеңін тағы басқа іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізуге негізделді.





