Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АРМЫСЫҢДАР, АДАМДАР!

12.02.2024
КҮЛТӨБЕ
АРМЫСЫҢДАР, АДАМДАР!
WhatsAppTelegramFacebook

Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған кез келген ән естір құлақты елітіп әкететіні жасырын емес. Ақынның жырларына үйлестірілген әндерді бұл күні шырқамай жүрген қазақ кемде-кем. Осы орайда Талдықорған қаласы Д. Рақышев атындағы облыстық филармониясында «Армысыңдар, адамдар!» атты әншілер байқауының Гала-концерті өтті.

Шара шымылдығын Мұқағали Мақатаевтың жерлесі, ақын Жұматай Оспанұлы түрді. Көпшілік алдында сөз сөйлеп, ақиық ақынның өлеңдерінің өміршеңдігі жөнінде ой өрбітіп, ұйымдастырылып отырған байқаудың мән-жайына тоқталды.

– Мұқағали қара өлеңмен халықтың жүрегінде бірге жасап келе жатыр. Осы өткізіліп отырған ән-байқауы соның дәлелі десек те болады. Бұл шара Алматы облысы болып тұрғанда қолға алынып, соңғы 15 жылдай уақытта әр жыл сайын ақынның туған күнінде  «Жырлайды жүрек» деген атпен өтіп келе жатқан. Облыс бөлінгеннен кейін былтырғы абыр-сабырда  аталмай қалды. Бірақ биыл Жетісу облысы ол үрдісті қайтадан жаңғыртты, – деді ол.

 Сөз кезегін алған Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Әміре Әрін халық алдында Мұқағали Мақатаевтың көзін көріп, сұхбаттасқаны тұрғысында әңгімеледі. Ол Мұқағалиды қазақ поэзиясының арнасын кеңейтіп, Абайдан кейін жаңа бір көркемдік деңгейге көтергені туралы ой айтып, пікір білдірді.

– Ол оқиға 1974 жылы болды. Сол заматта студентпіз. Жанымда Төлеген деген досым бар, екеуміз асханаға ауқаттануға барғанбыз. Сол жерден бір таныс дауыс естілді. Әлгі тұсқа жақындағанда Мұқағалиды анық таныдық. Бұрын өлеңдерін газет-журналдан, теледидардан естіп жүрген, бір көрсек деп армандап жүрген ақынмен аядай ғана бір асханада ұшырастық.  Бізді Мұқаңның өзі қасына шақырды. «Мені білесіңдер ме?» деген сауалына, білгенде қандай сіз Мұқағалидың өзісіз ғой дедік. «Майгүлге» деген өлеңін оқып та бердік.  Маңдайымыздан сыйпап жанына отырғызды. Көп әңгіме айттық, – деді Әміре Әрін.

Ән додасында аудан, қалалардан іріктеліп, облыстық кезеңге өткен 30-ға жуық әнші өнерлерін ортаға салды. Олардың тек 19-ы ғана іріктеуден өтті. Өнерпаздар дәстүрлі, эстрадалық ән бағыттары бойынша сайысқа түсті.

Аталған байқаудың басты мақсаты – М. Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндер мен 35 жасқа дейінгі жаңа орындаушыларды анықтап, жастар арасында өнерге деген құштарлықты арттыру. ақын мұрасын кеңінен насихаттау.

Байқау қорытындысына сәйкес «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша 3-орын Гүлжайна Ғибатоллақызына бұйырса, 2-орынды Дина Ахмед еншіледі. 1-орыннан «Жарас» дуэтінің әншілері Санжар Бексұлтан мен Мирас Құрманақын көрінді. Бас жүлдені «Қара дала» этнорок ансамблі иемденді.

Ал «Эстрадалық ән» номинациясы бойынша 3-орын Ерасыл Қабдығалиевке, Айнұр Букенбайға, Айзада Смағұлға тиесілі болса, 2-орын Дамир Шаяхметовке бұйырды. 1-орынды Жандос Сергазинов алды. Бас жүлде Бекжан Қайратұлының қанжығасына байланды.

Мұзбалақ ақынның рухын өнерімен асқақтатқан байқау жеңімпаздарына ақшалай сыйлық пен диплом табысталды. Марапат иелері көпшілік алдында өнер көрсетіп, Жетісу көгін әнге бөледі.

Медет ЖҰМАБАЙ
Суретті түсірген Руслан Қадыров

 

 

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

09.08.2026
Азияда топжарды

Азияда топжарды

09.08.2026
Бағалау өзгерді, білім сапасы ше?

Бағалау өзгерді, білім сапасы ше?

09.08.2026
Қара өлеңнің Қастегі

Қара өлеңнің Қастегі

09.08.2026
Сашка бәрін біледі

Сашка бәрін біледі

09.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.