Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЕЛ ЫРЫСЫ

10.02.2024
КҮЛТӨБЕ
"АУЫЛ АМАНАТЫ" ЕЛ ЫРЫСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ауылды жерлердегі халықтың табысын арттыру мақсатында жасалған «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы өз жемісін беруде. Ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ел тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша қызықтыру, азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу мақсатында жүзеге асып келе жатқан жобаға қызығушылық танытқан жұрттың қарасы көп. Олай болса, бағдарламаның басты шарттарымен нақты таныстыру және бүгінге дейін атқарылған жұмыстарға шолу жасалған мақалаға көз жүгіртіңіз.


БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТИІМДІЛІГІ ҚАНДАЙ?

«Ауыл аманаты» бағдарламасының шағын несиелік мерзімі 5 жыл. Ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жыл. Мамандар несие алушы ауыл тұрғындарының ауылшаруашылығы кооперативіне кіруге кеңес береді. Себебі, бұл арзан бағамен жер сатып алуға, жер жыртуға, қоқыс шығаруға, арнайы техникаларды арзан бағамен пайдалануға мүмкіндік береді. Расымен де кооперативке бірігудің пайдасы көп. Мысалы, бағдарлама бойынша кооператив мүшесі 8,6 миллион несие алса, төрағасы 27 миллион теңге қаржы иеленеді. Міне, осыдан-ақ кооперативтің тиімділігін байқасаңыз болады. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі  2,5 пайыздан  аспайды. Аталмыш бағдарламаның негізгі әкімшісі – облыстық ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасы.

ШАҒЫН НЕСИЕНІ КІМДЕР АЛАДЫ?

Шағын несиелер ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда жүзеге асырылатын жобаларға беріледі. Бұл ретте өңдеу саласына қатысты жылыжайлар, сүт, ет өндірісі, құс және балық шаруашылығы секілді жобалар, өсімдік шаруашылығын, мал, ауылшаруашылығы кооперативтерін жабдықтау және басқа бағыттағы бизнес жобаларды қаржыландырады. Бағдарлама негізінде ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие алып, техниканы лизингке рәсімдей алады. Шағын несиенің ең жоғары сомасы қолданыстағы заңнама бойынша айқындалады. Дәл осындай несие халыққа ауадай қажет.

Қаражатты ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер, зейнеткерлік жасқа толмаған жұмыскерлер, жеке кәсіпкер ретінде тауарларды өндіру немесе өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар, отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар, қосалқы шаруашылықтың мүшелері, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өндірістік кооперативтердің мүшелері бағдарламаға қатыса алады. 

Шағын несие алу үшін өтінім беруші жеке кәсіпкер ретінде, салық органдарында тіркеуде болуы шарт. Басқа несиесі  болса оның мерзімі өткен жарнаның, мемлекеттік кірістер органдарында берешектің болмауы маңызды рөл атқарады. Егер қаржылық мәселелер орын алса, бағдарлама қуанышын көре алмайсыз. Бағдарлама негізінде ауылшаруашылық саласы бойынша несие алып, кәсіп бастау үшін кәсіпкердің  жер телімі, қора және басқа да қажетті жағдайлары міндетті түрде болуы тиіс. Ауылшаруашылық өндірістік кооперативіне мүшелікке кіру және жоба аясындағы өндірген өнімін өндірістік кооперативке өткізу талап етіледі. Тағы бір айта кетерлігі, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында несие алған азаматтарға негізгі борыш пен сыйақыны өтеу үшін 1,5-2 жыл жеңілдік кезеңі де қарастырылған.

НЕСИЕ АЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? 

Ауыл тұрғыны бірінші жергілікті әкімдікке өтінім береді. Бұл жобаның ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құруға, мал мен құстың санын көбейтуге, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігі тиеді. Бағдарламада уақыт шектеуі жоқ. Шартта көрсетілгендей, несие алушы кем дегенде 1 жыл сол жергілікті ауылдың тұрғылық- ты азаматы болуы маңызды. Егер кепіл болмаған жағдайда туыстардың кепілін пайдалануға болады. Шағын несиелер халыққа сенім білдірілген өкіл арқылы беріледі. Қаржының мақсатты жұмсалуы  жіті қадағаланады. Кәсіп ашуға немесе істі дұрыс жүргізуге мамандануға ауылдық округ әкімдері көмектеседі.

НЕСИЕ ҚАЙ МЕКЕМЕ АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕДІ?

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының мамандары құжаттар, өтінім қабылдау тәртібін анықтап, шағын несие алатын үміткерлерді іріктейді. Бағдарлама аясында несие алу үшін үміткер өтініш, жекебасты куәландыратын құжат, несие тарихы мен есеп туралы ақпаратты беруге келісімі, мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарға, БАҚ-қа берілген микрокредит туралы ақпаратты, мәліметтерді және кредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалу-орындалмауы туралы барлық мәліметтерді беруге және алуға келісімі, бизнес-жоспар,  қарыз алушының уәкілетті органының микрокредит алу, мүлікті кепілге беру жөніндегі мәмілені мақұлдау туралы шешімі, мүлікті кепілге беру жөніндегі кепіл берушілердің келісімі, қызмет көрсететін банктен шоттың бар екені туралы, несиелік берешектің болуы туралы анықтамаларды, қарыз алушының жалақысын, өзге де кірістерін растайтын құжат, бағалау туралы есеп, кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттарды өткізуі керек. Сенім білдірілген өкіл үміткер ұсынған құжаттарды өтініш тіркелген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде қарайды. Құжаттар мен олардағы мәліметтер талапқа сай болмаған жағдайда, себебін көрсете отырып кері қайтарады. Ал несие талаптарына сәйкес құжаттар 15 жұмыс күні ішінде қаралып, шағын несиені мақұлдау не беруден бас тарту туралы шешім қабылданады. Мақұлданған жағдайда үміткермен шартқа қол қойылып, содан кейін шағын несиені оның ағымдағы шотына 3 жұмыс күні ішінде аударады.

«Ауыл аманаты» бағдарламасына бюджеттен қомақты қаржы бөлінуде. Шағын несие қаржысының мақсатты жұмсалуын жауапты мамандар жіті қадағалайды. Сенім білдірілген өкіл ай сайын ауылшаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға микрокредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есеп береді. Осылай мониторинг жұмысы тұрақты жүргізіледі. Қаражат мақсатты жұмсалмаған жағдайда айыппұл төлеп, қаржыны мерзімінен бұрын мемлекетке қайтарады.

Еңлік КЕНЕБАЙ

 

Қатысты жаңалықтар

Қара өлеңнің Қастегі

Қара өлеңнің Қастегі

09.08.2026
Сашка бәрін біледі

Сашка бәрін біледі

09.08.2026
Тағдыр табыстырған

Тағдыр табыстырған

09.08.2026
Ұлттық құрамда жаңа бапкер

Ұлттық құрамда жаңа бапкер

08.08.2026
Балуаннан балуан озар белдескенде

Балуаннан балуан озар белдескенде

08.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.