Талдықорған: +9°C
$ 481.83
€ 556.80
₽ 5.85
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

Жетісулық отбасы кір сабын өндіретін цех ашты

24.01.2024
ОН САУСАҚ
Жетісулық отбасы кір сабын өндіретін цех ашты
WhatsAppTelegramFacebook

Панфилов ауданының тұрғыны мемлекеттік қолдаудың арқасында кір сабын шығаратын цехты іске қосты. Бұл цех – Баширбаевтар әулетінің ортақ отбасылық бизнесі. Шағын өндірісте әзірге аптасына 100 кг сабын шығарылып отыр. Кәсіпкер алдағы уақытта цехты кеңейтіп, өндіріс көлемін арттырсам дейді, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кәсіпкер Рахат Баширбаевтың анасы Бақыт Танекеева мен нағашы әпкесі Назерке Танекеева жастайынан аналарының қара сабынды қалай қайнататынын көріп өсті, талай қолқабыс та етті. Кейін сол рецепт бойынша әпкелі-сіңлілер үй жағдайында қара сабын қайнатып, сата бастаған болатын. Сондықтан да Рахаттың «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндіктерімен танысып, бизнес ашқысы келетінін естіген кезде ағайынды Танекеевалар Рахатқа шаруашылықта күнделікті қолданылатын кір сабын өндірісін қолға алу туралы ақыл берген. Рахат Баширбаев бағдарлама аясында 5,1 млн. теңгеден астам қаржы алып, оған Өзбекстаннан кір сабын шығаратын арнайы құрылғы сатып алған. Сөйтіп олар Басқұншы ауылында өз гараждарын цех ретінде қайта жабдықтап, құралдар орнатып, шаруаны бастап кетті.

— Бала кезімізде анам сексеуілдің, алаботаның күлінен қара сабын қайнатып жататын. Қол күшімен жасалатын сол еңбек процестері әлі көз алдымда. Жаңа кәсіп бастау туралы ой келгенде ағайынды әпке-бауырларымызбен бірге өзімізге етене таныс кір сабын жасау ісіне кірісейік деп шештік. Қазір цехта өнім дайындау, яғни қоспаларды қайнату, сабын түрінде өңдеп шығару, арнайы қалыптарға құю, қондырғылар арқылы түрлі көлемге келтіру – бәрі де арнайы аппаратпен атқарылады. Сондықтан өнім шығару әлдеқайда тез және оңай, — дейді Назерке Танекеева.

Кәсіпкер сабын жасауға қажетті қоспарларды негізінен Алматыдан және жергілікті жерден алады. Қоспалар туралы айтсақ, өнім жасауға тоң май, яғни қой мен сиырдың іш майы, қыздырылған фритюр майы, каустикалық сода, емдік қасиеті бар гүлшетен, шай ағашының майы сияқты түрлі эфир майлары қолданылады. Эфир майларының түрлері тапсырыс берушінің сұранысына қарай қосылады.

Жас кәсіпкер Назерке жақында сұйық ұнтақ жасауды Алматыдан арнайы үйреніп қайтқан. Алдағы уақытта оны да цехта өндіріп шығаруды көздеп отыр. Сол сияқты жаз мезгілінде түрлі шөптерден қара сабын жасауды жалғастырмақшы.  Назерке қазіргі кезде ниеті бар жандарға кір сабын, қара сабын мен сұйық ұнтақ жасаудың әдіс-тәсілдерін үйрететін шеберлік сағатын өткізіп бастады. «Сұйық ұнтақ өзі үнемді, өзі аллергия туғызбайтын таза, қош иісті. Сондықтан кір сабынмен бірге оның да қалай дайындалатынын үйретемін. Білгенімді басқалармен бөлісіп, олардың да осылай өз істерін ашуына септігін тигізсем, жақсы ғой, — дейді ол.

Цех қаңтардың басынан іске қосылып, соңғы 1 аптада 72%-тік 100 кг сабын өндірілген. Бүгінде шағын кәсіпорында жасалған өнімдердің өз тұтынушылары қалыптасып үлгеріпті. Сабынға негізінен базарлардағы, дүкендердегі шағын кәсіп иелері тапсырыс береді. Цех жұмысы Инстаграм әлеуметтік желісінде naz.26.07.1981 парақшасы арқылы насихатталып келеді. «Қазіргі кезде ғимаратқа жылыту жүйесін жүргізу кезек күттірмейтін мәселе болып отыр. Алдағы уақытта жылу жүйесін жасап, цехымыздың іргесін одан әрі кеңейтсек, таралу ауқымын ұлғайтып, экспортқа шығарсақ деген де үлкен жоспарларымыз бар», — дейді Н. Танекеева.

Жалпы Панфилов ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасының І, ІІ транштары бойынша 93 субъектінің жобасы мақұлданып, оларға жалпы көлемі 662 млн. теңгеден астам несие беріп, азаматтар шағын кәсіптерін бастаған.

Фото: Назерке Танекееваның жеке архивінен.

Қатысты жаңалықтар

Құрметті азаматтық қоғам өкілдері!

Құрметті азаматтық қоғам өкілдері!

26.03.2026
Қазақстан мен Өзбекстан агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды іске асырады

Қазақстан мен Өзбекстан агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды іске асырады

26.03.2026
Енді несие алу қиындайды

Енді несие алу қиындайды

26.03.2026
500-ден астам мектеп «Адал азамат» бағдарламасы бойынша безендіріледі

500-ден астам мектеп «Адал азамат» бағдарламасы бойынша безендіріледі

26.03.2026
Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

26.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.