Облыста 31 елді мекен газдандырылып, 319,0 мың адам, яғни 45,6% газға қол жеткізді. Жалпы өңірде 358 елді мекеннің 192-сі газдандыруға жатады.
Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының мәліметіне қарағанда, 2023 жылы жалпы сомасы 22,9 млрд.теңгеге газ тарату желілерін салу бойынша 22 жоба іске асырылды, соның нәтижесінде 1061 км газ тарату желілері салынды.
Сондай-ақ биыл облыстың тағы 22 елді мекенінде, атап айтқанда Көксу ауданында 12, Ескелді ауданында 7, Қаратал ауданында 2, Талдықорған қаласында 2 елді мекенде жұмыстар басталды. Жалпы 457,8 км желі салынады. Табиғи газға 27 116 адам қол жеткізе алады.
Сондай-ақ 8 өтпелі жобаға қатысты жұмыстар да жалғасып, барлығы 30 елді мекенді газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Облысты толық газдандыру жұмыстары жалғасады және бұл жұмыс жоспарға сәйкес 2030 жылы аяқталады.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.





