Талдықорған: +35°C
$ 474.63
€ 544.50
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Қазір «Боран» күзетіп тұр»: Әкім кезінде 1,1 млрд. теңге несие берілген алып құрылысқа инвестор таппай отыр

15.01.2024
КҮНДЕРЕК
"Қазір "Боран" күзетіп тұр": Әкім кезінде 1,1 млрд. теңге несие берілген алып құрылысқа инвестор таппай отыр
WhatsAppTelegramFacebook

Қолда барды ұқсату. Жаңа Қазақстанның саясаты осы. Себебі уақытында атойлатып ашылған талай кәсіпорынның есігінде қара құлып. Халық кейбірінің орнын сипап та қалды. Бас шайқап, үнсіз күмілжуден басқа лаж қайсы? Кеше бар, бүгін жоқ. Мәселен, 5-10 жыл бұрын «Аққу» деген брендпен ашылған планшет, телефон һәм теледидар құрастыратын өндірістің аты да, заты да өшті. Аспанға бөрік лақтыртқан ұшақ құрастыру зауыты да құмға сіңген судай жоқ болды. Тізбектей берсек атышулы инвест жобалардың санына қос қолдағы саусақ жетпейді.

Мақұл. Жоғы жоқ, барды ұқсату, жоғарыда айтқанымыздай, тұрмысымызға жарауы керек-ақ. Жетісу өңірінде де атойлай ашылып, мақтауы келістірілген жобалар жоқ емес. Дәуірінде, дәуірінде демейікші, уақытында ашылып, бүгінде есігінде қара құлып тұрған нысанның бірі – «Green House – Зеленый дом» жылыжайы. Текелі қаласының әу баста бағы, қазір соры болып тұрған нысан жергілікті атқамінерлердің алдынан көлденең көкатты болып жүргелі қашан?! Моноқала әкімі Алмас Әділді қаламды қару еткендер «жылыжайдың болашағы қашан жарқын болады?» деген сауалмен талай «тақымдады». Әкім де «Инвестор іздеп жатырмыз» деген жауаптан әрі асқан емес. Көптің көкейіндегі мәселенің тінін тарқатпаққа Текеліге жол салып, уәдешіл әкімнің өз аузынан жауабын біліп қайтқан едік.

Жылына мыңдаған тонна көкөніс өндіреді деген «Green House – Зеленый дом» жылыжайының 10 жылға жуық уақыт бұрын іргесі қаланды. 5,6 гектарға жуық аумақты алып жатқан нысан «Қаз- АгроҚаржы» АҚ арқылы қаржыландырылып, сол уақтағы Алматы облысында теңдесі жоқ жоба деп қарастырылған. Құрылыс жұмыстарына сол кезде 1,1 млрд. теңге несие берілген. Әрі қаржыны екі жылдан кейін қайтару мүмкіндігі де қарастырылған. Жалпы, бұл нысан Талдықорған қаласы мен маңайдағы аудандарды былай қойғанда, ірі мегаполис саналатын Алматыны да қызанақ пен қиярға қарық етеді делінген. Екі технология бойынша голландтық және ресейлік жабдықтармен қамтылған. Жылыжайда 2008 жылы раушан гүлін де өсіру қолға алынды. Сол голландиялық «Bulneth» фирмасымен келісім жасалып, гүл өсіру үшін қажетті жабдықтар мен шикізат келген. Өйткені жылыжайда гүл өсіруге бағытталған бұл құрылымның 100 жылдық тәжірибесі бар еді. Тіпті, Ресей мен Украинада өз тәжірибесін жүзеге асырыпты. Осылайша уақытында 43 текелілікті жұмыспен қамтып, раушан гүлінің 4 түрін өсіруді қолға алған кәсіпорын бүгінде тұралап тұр. 

Қазір Текелі қаласындағы жылыжайды «Боран» күзет агенттігі қарауылдайды. Марат Карипов есімді күзетшіге нысанның ахуалын білу үшін жылыжай ішіне кіруге мүмкіндік беруін өтінгенбіз. Ол жоспарымыз жүзеге аспады. Басшылыққа байланысқа шыққан соң нысанға бас сұғуымызға мүлдем болмайтынын жеткізді. Күзетшінің келісімімен жылыжайды қоршау сыртынан шолып шықтық. Жұрт базыналап жүргендей нысанның бүлінген дәнеңесі жоқ. Жергілікті вандалдар да терезесін шақпаған, жабдығына тиіспеген. Содан қала әкімдігін жағалауға тура келді. Текелі қаласы үшін ғасыр жобасына баланған нысанның болашағына қатысты жоспарын білмек болдық.

Төтеннен келіп есік тоқылдатқан тілшілерге текелілік әкім Алмас Әділ тосырқай қарады әу баста. Әдетте келетіні жөнінде хабар беріп, журналистер арқалаған мәселеге жауап даярлап үлгеретін әкімдіктегілерге де бұл жүрісіміз таңсық болды. Әйтеуір қабылдауға кіріп, тек текеліліктерді емес, Жетісу өңірі жұртшылығын алаңдатқан сауалдарымызды тізбектей кеттік. Алмас Әділдің айтуынша, жылыжайдың қазір қара құлыппен тұруы оның да шымбайына бататын сыңайлы. Бұған дейін жобаны жандандыру үшін 3 инвестор келіпті. Ресейлік, голландиялық және қазақстандық компаниялар шығынның көп боларын алға тартып, нысанды аяққа тұрғызудан бас тартыпты. Өйткені, нысандағы жабдықтар әбден ескірген. Оның өзіне 1,5-2 млрд. теңге қаржы жұмсауға тура келеді екен. Сонымен қатар, инвесторға «ҚазАгроҚаржы» АҚ алдындағы 2 млрд. теңгеге жуық қарызын өтеуі тиіс. Мұндай шығыннан үш инвестор да үркіп кетсе керек. Алмас Әділ соған қарамастан жаңа инвестор тартудан тартынып қалмапты. Айтуынша, қазір тағы бір ресейлікпен келіссөздер жүргізуде.
 

– Жалпы, жылыжай өндірісі үшін 4-5 гектар жер жеткіліксіз. «Green House – Зеленый дом» серіктестігі әу баста межеленген 11 гектарға 5 гектардан асатын ғана жылыжай салды. Қазір тұралаған сол нысанға инвестор тартуды қолға алып жатырмыз. Егер жобаны жандандырса жан-жақты қолдауға даярмыз. Жылыжай жанына көгілдір отын желісін жеткіздік. Бұрынғыдай тек орталық жылу желісін пайдаланбайды. Одан өзге жанынан 11 гектар жер қарастырып, нысанның аумағын ұлғайтуды да қарастырудамыз. Дегенмен, инвесторларды жылыжайды қайта қосудан бас тарттыратын жай – қаржы. Бұл нысанның қашан қосылатынын дөп басып айта алмаймыз, – деді Алмас Әділ.

Қазір әуелі қызанақ пен қияр өндірген, кейін гүл өсірумен айналысқан жылыжайдың «мойнында» 2 млрд. теңгеден астам несиелік қарызы, 14 млн. теңгеден астам коммуналдық және салықтық қарызы бар. Жыл өткен сайын нысанның жабдықтары да тоза түсуде. Ал Текелі қаласының әкімі «инвестор іздеп жатырмыз» деген уәдесінен танып отырған жоқ. «Істемедік» дегеннен «істеп жатырмыз, іздеп жатырмыз» деген жауап өте қолайлы. Кейде жергілікті әкімдіктегілер ЖШС басшысы іспетті көрінеді. Тендер жеңіп ап, нысан құрылысы аяқталғанша уәдеге тойдыратын. Сөз соңында айтарымыз, «Green House – Зеленый дом» серіктестігі салып, бүгінде тұралаған жылыжайдың жандануы – текеліліктердің «бас қызметшісі» Алмас Әділдің мойнындағы міндеті. Бастысы, «инвестор іздеп жатырмыз» деген құрғақ сөзбен басқа қызметке ойысып кетпесе болғаны.

Дастанбек САДЫҚ
Текелі қаласы
Суретті түсірген Руслан Қадыров

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан жаһандық атом нарығында позициясын нығайтты

Қазақстан жаһандық атом нарығында позициясын нығайтты

31.07.2026
Салық пен төлемдерді есептеу автоматтандырылады

Салық пен төлемдерді есептеу автоматтандырылады

31.07.2026
Жетісуда құны 229 млн теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды

Жетісуда құны 229 млн теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды

31.07.2026
Жаңа оқу жылының күнтізбесі: Оқушылар қанша күн демалады?

Жаңа оқу жылының күнтізбесі: Оқушылар қанша күн демалады?

31.07.2026
Жетісуда жол жабылды

Жетісуда жол жабылды

31.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.