Талдықорған: +9°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жастарды «синтетик» сенделтуде

14 қаңтар 2024
КҮНДЕРЕК
Жастарды "синтетик" сенделтуде
WhatsAppTelegramFacebook

 «Жұмысы жоқ адам азғындыққа бір табан жақын болады», – дейді Дейл Корнеги. Бұрынғының сөзі кейде өмірдің шынайы келбетіне сай келмейді. Жетісу өңірінде өткен жылы жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайыздан 4,8 пайызға төмендеді. Хакім Абай тілімен айтқанда «жұмысы жоқтықтан» тарығып жүргендер аз. Бірақ, азғындық азаймай тұр.

Мәселен, өткен жылы өңірден 200 келіге жуық марихуана, 10 келіден аса гашиш және 4 келідей синтетикалық есірткі тәркіленген. Оған 88 келі қарасораны қосайық. Құқық қорғаушылар 2023 жылы анықтаған 301,9 келі есірткі тұтастай жойылғанмен жыл санап оның көлемі артып келеді. Мәселен, 2022 жылы тәртіп сақшылары 141,7 келі есірткі тәркілеген еді. Қоғамды һәм адамды аздыратын мұндай кері кеткендікпен күресте құқық қорғаушылар барынша қарымды қарекет етуде. Алайда қылмыстың бұл түрі неге азаймай тұр? Әлде заң үстемдігін қалыптастырамыз деген Жаңа һәм Әділетті Қазақстанымызда ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруді қолай көретіндер көбейген бе? Тарқатайық…

Өткен жылдың ақпанында жетісулық тәртіп сақшылары Талдықорған қаласынан есірткі қоймасы ретінде пайдаланылған пәтерді анықтаған. Тінту нәтижесінде 2,3 келі синтетикалық есірткі, сол зиянды бұйымды буып-түйетін, өлшейтін құрылғыларды тапқан. Ал мұндай ауқымды «міндетті» 2001 жылы туған бұрымды атқарып келіпті. Құқық қорғаушылардың айтуынша, 21 жастағы бойжеткен есті кетіретін есірткіні таратуға даярлап, облыс орталығындағы есірткі жасырушыларға үлестіріп отырған. Сонымен қатар, өткен жылдың наурызында тергеп-тексеру нәтижесінде Талдықорған қаласынан тағы бір пәтер анықталған. Бұл қылмыс ошағынан бар-жоғы 17 жастағы Алматы облысы, Іле ауданының Жетіген кентіндегі кешкі мектепте оқитын сәулім (бұрынғы қазақ балиғат жасына келмеген қызын сәулім атаған) ұсталған. Құқық қорғаушылардың сөзіне сенсек, 21 жастағы «қоймашы» бойжеткен 10 жылға, 17 жастағы бұрымды 3 жылға бас бостандығынан айырылыпты. Байқап қарасақ, «Қызға қырық үйден тыйым» жасап келген қазақтың бұрымдылары ерлермен тұрмыста иін тіресудің орнына қылмыс әлемінде «жағаласып» жүр. 

Құқық қорғаушылардың мәліметіне сүйенсек, өткен жылы 17 есірткі таратушы құрықталса, оның жетеуі синтетикалық есірткі жасырушылар. Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев есірткі таратуда 17-25 жас аралығындағы жастардың, студенттер мен оқушылардың белсенділігі жоғары екенін алға тартады.

– Жыл соңында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шарасы аясында Даиров көшесі, №35 үй аумағынан 2000 жылы туған, Қазақстан көшесі, №228 үй жанынан 2006 жылы туған азаматтар анықталды. Екеуінен 40 грамға жуық пирролидиновалерофенон психотоптық есірткі анықталды. Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жастар арасында нашақорлыққа қарсы ауқымды жұмыстар жүргізіп келеді. Ақпараттық-түсіндірме жұмыстарында әлеуметтік желіде де белсенділікті арттырудамыз, – дейді Мұрат Жұмабаев.

Есірткі таратуда әлеуметтік желі таптырмас құралға айналған. Құқық қорғаушылардың желідегі белсенділікті күшейтуіне себеп осы жай. Бірақ, қоғамда есірткімен күресті тек құқық қорғаушылардың мойнына артып қоюға болмайтыны айдан анық. Себебі, тәртіп сақшылары нашақорлық дертінің дендеуінде жастар белсенді екенін алға тартуда. Демек әр ата-ана баласының немен айналысып жүргенін біліп отыруы тиіс. Бетін аулақ қылсын, бірақ, сіздің балаңыз есірткі таратуға қатысып жүруі де мүмкін.

Дастанбек САДЫҚ
Фото: egemen.kz 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

6 қараша 2026
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

6 қараша 2026
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

6 қараша 2026
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

6 қараша 2026
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

6 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.