Талдықорған: +9°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

жол қозғалысының жабылуы мен шектелуі туралы хабарламаларды неліктен елемеуге болмайды

12 қаңтар 2024
КҮНДЕРЕК
жол қозғалысының жабылуы мен шектелуі туралы хабарламаларды неліктен елемеуге болмайды
WhatsAppTelegramFacebook

Қыс мезгілі Қазақстанда көбіне ұзақ тұратын аяз, қатты желдің екпіні, қарлы боран мен қар көшкіндері жиі болады. Жетісу облысы да мұндай құбылыстардан тыс қалмайды. «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, облыстың бірқатар аудандарында желдің екпіні 25-30 м/с-тан асты.

Қысқы кезеңнің басынан бастап қарлы боран мен қатты желдің екпініне байланысты Алакөл ауданында 15 дауылды ескерту жарияланып «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолы 9 рет жабылды, бұл аталған учаскеде тұрақты болатын құбылыс.

Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің негізгі міндеттерінің бірі — халықты Төтенше жағдайлардан қорғау және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, яғни қиын жағдайда жазатайым оқиғаларға жол бермеу. Осылайша, құтқарушылар қарлы боранда қалып қалған азаматтарды құтқару үшін үнемі жолға шығады.

2023-2024 жылдардағы қысқы кезеңнің басынан бастап «Үшарал-Достық» автожолында 146 адам құтқарылды, оның 13-і бала, 45-і шетел азаматы, 17 адам төтенше жағдайлар аймағынан эвакуацияланып, қар құрсауынан 33 техника шығарылды.

Тұрғындардың, көлік қызметтерін көрсететін компаниялар басшыларының, жүргізушілердің назарына салатын мәселе, ешқандай жағдайда да дауыл туралы ескертулер мен жол қозғалысының жабылуы мен шектелуі туралы хабарламаларды елемеуге болмайды. Мобильді құрылғыларыңызға «Дәрмен» қосымшасын орнатуды ұсынамыз, онда дауылды алдын ала ескертулер, автожолдардың жабылуы мен ашылуы туралы ақпарат және жол қозғалысыңызды ғана емес, басқа да өмірлік жағдайларды жоспарлауға көмектесетін басқа да пайдалы ақпараттар орналастырылады. Сондай-ақ «Дәрмен» қосымшасына ақпараттық хабарламалар уақтылы келіп түстетінін де айтуға болады. 

Сонымен қатар қар көшкіні кезіндегі мінез-құлық ережелерін еске саламыз:

  •  көлікте алыс жолға шыққан кезде жылы заттар, азық-түлік, алғашқы көмек қобдишасы, сүйрету кабелі, күрек, балауыз шамдары, ұялы телефон зарядтағышы, жанар-жағармай қоры және қиын жағдайда Сізге пайдалы болуы мүмкін барлық нәрселеріңіз болуы керек.
  •  қар үйінділерін еңсеруге тырыспау керек, егер мүмкін болса, тоқтап, ең жақын елді мекенге оралып, жолдың тазалануын күту керек.
  •  Егер сіз әлі де елді мекеннен тыс жерлерде, қолайсыз ауа райында қар көшкіні құрсауында қалсаңыз, көліктен кетуге тырыспаңыз, көліктің қозғалтқышын радиатор жағынан жабыңыз, 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
  • көліктен мезгіл-мезгіл шығып, оның астына көмілмеу үшін қарды тырмалау қажет;
  •  қармен жабылмаған көлік, іздеу тобы үшін жақсы нұсқаулық болып табылады.
  •  автокөліктің қозғалтқышы «қатып қалмас үшін» оны мезгіл-мезгіл жылытып отыру керек, автомобильді жылыту кезінде пайдаланылған шығу газын кабина ішіне (шанаққа, салонға) кіріп кетуіне жол бермеу керек, осы мақсатта пайдаланылған құбырдың қарға толып кетпеуін және жел бағытында орналасуын қамтамасыз ету маңызды.
  • егер жолда бірнеше адам (бірнеше көлікте) бірге болса, барлығын біріктіріп, бір көлікті баспана ретінде пайдаланған жөн және құтқару бөлімшесін күту керек.

                                                 Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі

Сурет: pexels

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

6 қараша 2026
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

6 қараша 2026
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

6 қараша 2026
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

6 қараша 2026
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

6 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.