Талдықорған: +9°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстанда жапан далада ақ қасқыр фототұзаққа түсіп қалды

12 қаңтар 2024
КҮНДЕРЕК
Қазақстанда жапан далада ақ қасқыр фототұзаққа түсіп қалды
WhatsAppTelegramFacebook

Маңғыстау облысында «Манашы» мемлекеттік табиғи қаумалында жалғыз жортып жүрген ақ қасқыр арнайы орнатылған фотоқақпанға түсіп қалды, деп хабарлайды Kazinform.

Маңғыстау облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, түз тағысының бұл тұқымы Маңғыстау өңірінде өте сирек кездеседі.

«Адам көзіне түсе бермейтін ақ қасқырлар Маңғыстау аймағында өте сирек кездесетін жыртқыш аңның бірі. Ол өте сезімтал әрі кез келген табиғат жағдайына өте төзімді. Ақ қасқыр өзі мекендейтін аумақта ең қауіпті жыртқыш саналады. Оның салмағы орта есеппен 30-80 келі аралығында болады», — деді Маңғыстау облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілі.

Осыдан екі жыл бұрын маңғыстаулық видеографтың камерасына сирек кездесетін жыртқыш қызыл қасқыр түсіп қалған болатын. Сол жолы теңіз жағасында жүрген ұрғашы қасқыр дронды көріп, қашқан еді. Кейін мамандар қызыл қасқырдың қасқыр тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі екенін атап, Маңғыстауға қалай келгені белгісіз екенін мәлімдеді.

«Маңғыстау облысында ақ қасқырлар екі апта бұрын фотоқақпанға түскені байқалды. Аталған аңның түрін өңірдің символы деуге болады. Себебі бұл сирек кездесетін аң. Бұған дейін мүлдем көрінген емес. Ақ қасқырларға әзірге зерттеу жұмыстары жүргізілмеді. Алда мамандарға жүгініп, олардың санын анықтау жоспарымызда бар», — деді Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы Әсел Балманова.

Фото: МО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

6 қараша 2026
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

6 қараша 2026
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

6 қараша 2026
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

6 қараша 2026
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

6 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.