Талдықорған: +9°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Енді такси жүргізушілері жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндеттеледі

9 қаңтар 2024
КҮНДЕРЕК
Енді такси жүргізушілері жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндеттеледі
WhatsAppTelegramFacebook

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов енді елімізде такси жүргізушілері жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлеуге міндетті екенін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкіметтің баспасөз орталығында журналист вице-министрге «Қазақстанда «Яндекс. Такси» және тағы басқа такси парктерінің жүргізушілері бар. Мысалы, бүгін мен жұмысқа таксимен келдім. Жолақысын мобильді аударым арқылы төледім. Ақша такси жүргізушісінің әйелінің атына түсті. Енді такси жүргізушілері мен курьерлер салықты қалай төлейді? Олар үшін салықты компания төлей ме?», — деп сұрақ қойды.

Ержан Біржанов такси жүргізушілері жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті екенін жеткізді.

«Бүгінде такси жүргізушілері үшін арнайы салық режимі бар. Заңға сәйкес, олар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, мобильді қосымша арқылы 1 пайыз салық төлей алады. Олар міндетті түрде салық органдарына келіп, тіркелуі керек немесе мобильді қосымша арқылы онлайн (жеке кәсіпкер ретінде) тіркеле алады. Оларға жағдай жасалған», — деді ол.

Сондай-ақ, министрдің орынбасары заңға өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді.

«Біз операторды салық төлеуші ретінде тіркеуді қарастырып жатырмыз. Осындай ұсыныс бар. Мысалы, такси жүргізушісі оператор арқылы жұмыс істесе, ол салықты оператор ұстап, бюджетке аударса, біз оны (салық төлеу — еск.) міндетінен босатуды қарастырып жатырмыз. Бұл енді болашақ кодекстің нормасы болады деп ойлаймыз. Мәселені бизнеспен (кәсіпкерлермен — еск.) талқылап жатырмыз. Қазір қолайлы жағдай бар. Такси жүргізушілері мобильді қосымша, патент арқылы (жеке кәсіпкер ретінде — еск.) тіркеліп, 1 пайыз салық төлеуі керек. Бүгінде такси жүргізушілері қызмет атқарып, қолма-қол ақша алатын болса, операторлар тарапынан мұндай жүргізушілердің рейтингі төмендеп, тапсырысы азаюы мүмкін. Ондай жағдай бізде жиі тіркеліп жатыр. Сондықтан такси жүргізушілері заң аясында жұмыс істеуі керек деп ойлаймын», — деді Ержан Біржанов.

Фото: depositphotos.com

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

6 қараша 2026
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

6 қараша 2026
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

6 қараша 2026
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

6 қараша 2026
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

6 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.