Талдықорған: +9°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда газдандыру 2025 жылға дейін толық аяқталмақ

8 қаңтар 2024
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда газдандыру 2025 жылға дейін толық аяқталмақ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласының шетінде 2,5 мыңнан астам тұрғын үй орталық газбен қамтылған. Шаһар басшылығының айтуынша, облыс орталығын газдандыру 2025 жылға дейін толық аяқталмақ.

Орталық газбен қамту «Ынтымақ» ықшам ауданының тұрғындары үшін үлкен қуаныш болды. Жеке меншік үйлерде 10 мың адам тұрады. Енді олардың баспаналары көгілдір отынмен жылытылады. Әсіресе, үй иелерінің қуанышында шек жоқ. Өйткені, енді ас үй плиталары да газбен жұмыс істейді.

Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетовтың сөзінше, Өтенай ауылдық округі, Мойнақ ауылында 23,9 шақырымда жұмыс жалғасады. Биылғы үшінші тоқсанда да іске қосылады. Бұдан басқа, қазір жеті саяжай массиві бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Атап айтқанда, Алмалы, Ащыбұлақ, Мерекелік, Сарыбұлақ, Қызыл тас, Балықты, Қаратау және бірінші бөлімше. Жалпы алғанда, бұл жұмыстар аяқталып, келесі жылы қаланы 100 пайыз газбен қамту жоспарлануда.

Соңғы кездері шеткі шағын аудандар газ құбырына белсенді қосылуда. Күзде орталық газбен жабдықтауға «Үйтас» саяжай алабы қосылды. Осы алаптың тұрғыны Райхан Бақберова да өз қуанышымен бөлісіп, бүгінде саяжайлардың жаңа кейіпте өзгере түскенін, соңғы жылдары газ бен ауыз судың беріле бастағанын және жолдар жөнделіп, тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасалуда екенін әңгімеледі.

Бүгінде Талдықорған 90 пайызға көгілдір отынмен қамтамасыз етілген болса, облыс бойынша бұл көрсеткіш 44 пайыздан аспайды. Соңғы жылдары 300-ге жуық адам тұратын 26 ауылға табиғи газ тартылды. Өңірде газдандыру бойынша 20 жоба жүзеге асырылуда. Бұл үшін бюджеттен 8 млрд.-тан астам теңге бөлінді. Жалпы, жергілікті билік таяу жылдары өңірдің кем дегенде 65 пайызын газбен қамтамасыз етуді көздеп отыр.

Айгүл Байжұмақызы
Талдықорған қаласы
Фото: orda.kz 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Бүгін, 16:40
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Бүгін, 15:53
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

Бүгін, 13:59
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Бүгін, 13:36
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Бүгін, 13:28

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.