Талдықорған: +35°C
$ 474.63
€ 544.50
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҰЛУ ЖЫЛЫ – ҰЛЫ ЖЫЛ

07.01.2024
КҮНДЕРЕК
ҰЛУ ЖЫЛЫ – ҰЛЫ ЖЫЛ
WhatsAppTelegramFacebook

2024 жыл – ұлу жылы. Шығыс күнтізбесі бойынша ең жайлы белгі саналады. Ол аңыз әпсанада бойында алып күші бар жалғыз тіршілік иесі  делінеді. Қазақы дүниетанымда ұлу – жыл санау есебіне кірген тіршілік иесі. Ұлу жылы дүниеге келген бала береке мен ынтымақтың бастауына сеп болады деген наным-сенім бар. Ұлу жаңбыр мен желді басқарып, егіннің бітік шығуына әсер етіп, әлемде бейбітшілік орнатып, қоғамның өркендеп дамуына септігін тигізе алады. Бұл жылы   құрғақшылық болмайды деген түсінік қалыптасқан. Жыл негізінен тыныштықпен, береке-молшылықпен өтеді. Түркі жұрты, оның ішінде қазақтар да ұлу жылы астық, шөп мол болады деп жорамалдайды. Astrosage астрологиялық басылымының деректеріне сәйкес  ағаш белгісінде келетін ол адамдарға өсім, табыс, даму мен көркеюді алып келетін көрінеді. Жаңа жылдың басты түсі – жасыл. Сонымен бірге алтын, күміс, көк теңіз түсті түстер мен ақ және қызыл түс жайлы болады.

Жыл қайыру

Қазақта жыл қайыру, яғни санау он екі жылдан тұрады. Он екі жылды ата-бабамыз бір мүшел деп білген. Бір мүшелдің жылдары он екі түрлі аң мен жануардың атымен аталған. Әрбір жануардың жылы наурызда кіреді. Әр мүшел аяқталып, екіншісі басталғанда он үшінші жыл тағы да тышқаннан саналып, есеп қайта ашылады. Ұлу жылындағы жандарды орасан зор мүмкіндіктер, жаңа дамулар күтіп тұр. Оған қоса табысты көбейтуге қолайлы жыл. Жаңа жыл басталысымен өміріңізде ерекше жағдайлар орын алады. Бірақ жыл басталмай жатып нақты жоспарлар құрып алыңыз. Осылайша биік белестерді бағындыратын боласыз. Ұлу жылындағыларды барлық салада жақсылық күтуде. Тек сеніміңіз мықты болуы керек. Ескере кететін жайт, өзіңізді көп шаршатпаңыз. Өмірде ешкіммен ұрыспай, белсенді позицияны ұстану, үнемі әрекет етіп жүру ойлағаныңызды жүзеге асыруға жол ашып береді. Бұрын көрмеген жерлерге барып, саяхат жасау сізге шабыт сыйлайды. Егер ондай мүмкіндіктер болса, өзіңізді еш шектемеген дұрыс.

Ұлу жылының ерекшелігі

Ұлу жылы өте жайлы, жұмсақ жыл болып есептеледі. Стихиялық белгісі – ағаш. Бейбіт өмірді сүйетін, жайлы, тыныштықты жаны қалайтын  ақылды да зерек адамдар осы жылы туады деседі. Ұлу жылының бір ерекшелігі – ол барлық уақытта кібісе жылдармен тура келеді. Кібісе жыл 366 күнге жалғасады. Табыс пен сәттілік, билік пен көшбасшылық, жомарттық пен ар-намыс, ақыл мен даналық ұғымдары жылдың басты сипаттамасы. 

Ұлулар туралы қызықты деректер

• қолайсыз жағдай кезінде 6 айлық ұйқыға кете алады;
• бір минуттың ішінде 7 сантиметр қашықтықты жүріп өтеді;
• ұрпақ қалдыру үшін серіктес қажет емес;
• өз салмағынан 10 есе ауыр затты тасымалдай алады;
• ұлудың етіндегі ақуыз мөлшері тауықтың жұмыртқасынан да көп;
• ең үлкен түрі – австралиялық ұлу. Салмағы – 40 келі, ұзындығы – 30 см-ге дейін жетеді.

Ұлу жылы туған ұлы тұлғалар

Ұлу жылы туған тұлғалардан ең әуелі энциклопедист-ғалым Жүсіп Баласағұн (1016), ғұлама Әнет баба (1628), Қарасай батыр (1664), Шал ақын (1748), күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы (1871),  күйші Дәулеткерей Шығайұлы (1820), күйші Абыл (1820), қазақтың алғашқы режиссері Жұмат Шанин (1892), археолог-ғалым Әлкей Марғұлан (1904) бар. Осы жылы туған саясаткерлер арасында Нұрсұлтан Назарбаев та (1940) бар. Белгілі сазгер Ескендір Хасанғалиев те ұлу жылында дүние есігін ашқан еді.
Бұл тізімді шығыстың шайқы шайыры Омар Хайям (1048) бастаса, атақты жазушы, детектив жанрының негізін қалаушы Эдгар По (1810), әйгілі қаламгерлер Льюис Кэрролл (1832), Дж.Р. Толкиен (1892), Иосиф Бродский (1940), Максим Горький (1868) де ұлу жылы туған ұлылар қатарынан. Саясатқа қатысы барлардың арасында өжет қыз Жанна д’Арк (1412), орыс патшасы Николай II Романов (1868), Америка Президенті Авраам Линкольн (1810), Эрнесто Че Гевара (1928), Ресей Президенті Владимир Путин (1952), Франсуа Миттеран (1916), Эдуард Шеварднадзелерді (1928) атауға болады. 

Дайындаған Еңлік Бауыржанқызы
Фото: https://www.instagram.com/erkinshilikmadeniet/
 

Қатысты жаңалықтар

Ашық диалог орнады

Ашық диалог орнады

30.07.2026
Жетісу жаңа өндіріс кезеңіне қадам басты

Жетісу жаңа өндіріс кезеңіне қадам басты

30.07.2026
Текеліде аумақтық қорғаныс күштерінің оқу-жаттығуы аяқталды

Текеліде аумақтық қорғаныс күштерінің оқу-жаттығуы аяқталды

30.07.2026
Байқаушылар институтының құқықтық сауаттылығы

Байқаушылар институтының құқықтық сауаттылығы

30.07.2026
Орманды өрттен қорғайық!

Орманды өрттен қорғайық!

30.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.