Қазақстанда «туристік жарна» алып тасталды, — деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Туризм және спорт министрлігінің ресми мәліметіне сүйеніп.
«ҚР Туризм және спорт министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 347 бұйрығымен шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес Қазақстанның бүкіл аумағында нөлдік мөлшерлеме қолданылады», — делінген хабарламада.
Биылдан бастап шетелдік туристер елде болғаны үшін салық төлеуден босатылады. Желтоқсанның аяғында күшіне енген бұйрық мөлшерлемені «болу құнының 0 пайызы» деңгейінде белгіледі.
Өзгерістер осы жылдың 9 қаңтарында қолданысқа енгізіледі.
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов





