Талдықорған: +10°C
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қараша айында Қазақстанның еңбек нарығындағы белсенділік төмендеді

11 желтоқсан 2023
КҮНДЕРЕК
Қараша айында Қазақстанның еңбек нарығындағы белсенділік төмендеді
WhatsAppTelegramFacebook

Қараша айында Электрондық еңбек биржасында (ЭЕБ) 109 мың бос жұмыс орны және 77 мың түйіндеме орналастырылды. Қазан айымен салыстырғанда еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныс белсенділігінің төмендеуі байқалады: бос орындар саны 17%-ға (22,8 мың бірлікке), ал түйіндеме 31%-ға (34,5 мың бірлікке) қысқарды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. 

Жұмыскерлерді іздеу және жалдау процесінде белсенділіктің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, негізгі және жалпы орта білім беру кәсіпорындары ЭЕБ-да орналастырылған бос жұмыс орындарының саны бойынша көшбасындағы орнын сақтап қалды(12 мың бірлік).

«Кәсіптік салалар арасында ТКШ және абаттандыру саласында белсенділіктің барынша төмендеуі байқалды, онда бос орындар саны 44%-ға (1,9 мың бірлікке) азайды. Біз мұны жылыту маусымына дайындық жұмыстарының аяқталуымен байланыстырамыз. Сондай-ақ, туризм саласында сұраныстың айтарлықтай төмендеуі байқалады – бұл бағыт бойынша бос орындар 51%-ға азайды (141 бірлікке), ол туристік маусымның аяқталуына байланысты болуы мүмкін», – деп хабарлады «ЕРДО» АҚ Стратегия және үлкен деректерді талдау департаменті директорының орынбасары Ұлпан Шегенова.

Сонымен қатар, кейбір кәсіби салаларда бос жұмыс орындарының өсуі байқалды. Мысалы, жеке қызметтер мен сервис саласында бос орындар саны 11%-ға, 6,9 мыңнан 7,7 мыңға дейін өсті, сондай-ақ маркетинг және БАҚ саласында айтарлықтай өсім байқалды – мұнда бос орындар саны 144 %-ға, 716-дан 1,7 мыңға дейін өсті.

Қараша айында бос орындар санының қысқару үрдісі еліміздің көптеген өңірлеріне әсер етті, бұл әсіресе Батыс Қазақстан (-49% немесе 4,7 мың бос жұмыс орны), Қызылорда (-40% немесе 1,9 мың бос жұмыс орны) және Атырау (- 37% немесе 2,6 мың бос жұмыс орны) облыстарында айқын көрінді.

Жұмысшыларды іздеу және жалдау процесінің белсенділігінің төмендеуі әр өңірде әртүрлі болғанын айта кеткен жөн. Нәтижесінде кейбір өңірлерде тапшылық, ал басқаларында кадрлар профициті пайда болды.

Мәселен, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында үш бос орынға бір ғана түйіндемеден келсе, ал Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласында бір бос орынға бір түйіндемеден келеді.

Республика бойынша санитарлар (бос орындар – 1,5 мың бірлік, түйіндемелер – 570 бірлік), тәрбиешілердің көмекшілері (бос орындар – 1,3 мың бірлік, түйіндемелер – 332 бірлік), сондай-ақ тәрбиешілердің өздері (бос орындар – 2,1 мың бірлік, түйіндемелер – 1,3 мың бірлік) тапшы болды.

Сонымен қатар дәстүрлі түрде дене шынықтыру және спорт мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері мен заңгерлер ең үлкен бәсекелестікке тап болды, оларда бір бос орныға үш түйіндемеден келді.

Өткен айдағыдай қараша айында да орташа білікті жұмыскерлер жұмыс берушілер арасында ең көп сұранысқа ие болып отыр, оларды рекрутинг үшін 50,2 мың бос жұмыс орны орналастырылды (ЭЕБ-дағы бос жұмыс орындарының жалпы санының 46%). Біліктілігі жоғары мамандар үшін бос жұмыс орындарының саны 30,4 мыңды (28%) құрады, бос жұмыс орындарының қалған үлесі (26% немесе 28,5 мың бірлік) біліктілігі жоқ мамандарға тиесілі болды.

«Еңбек нарығында ұсыныстар бойынша да осындай жағдай байқалады: түйіндеменің жалпы санында орта білікті мамандардың үлесі көш бастап тұр. Мәселен, біліктілігі орташа жұмыс ізденушілерден келіп түскен түйіндеме саны 32,1 мыңды (ЭЕБ-дағы түйіндеменің жалпы санының 42%) құраса, біліктілігі жоғары – 26,4 мың (34%), біліктілігі жоқ – 18,5 мың (тиісінше 24%) түйіндемені құрады», – деп атап өтті Ұлпан Шегенова.

Қараша айында жұмыс берушілер өндіруші өнеркәсіптегі ауысым бастықтарына (орта есеппен 758 мың теңгеден бастап), тауар сарапшыларына (750 мың теңгеден бастап) және өндіруші өнеркәсіптегі бөлімше бастықтарына (737 мың теңгеден бастап) ең жоғары жалақы мөлшерін ұсынды. Бұл ретте жұмыс іздеушілер тарапынан ең жоғары жалақыға сұраныс өндіруші өнеркәсіп кәсіпорындарының құрылымдық бөлімшелерінің директорларына (орта есеппен 1,6 млн теңгеден), азаматтық авиация ұшқыштары мен бас геологтарына (тиісінше 1,5 млн теңгеден) тиесілі.

Осылайша, қараша айында сұраныс пен ұсыныстың, оның ішінде бірқатар салалардағы маусымдық жұмыстардың аяқталуына байланысты төмендеуі байқалады.

Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Бүгін, 16:40
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Бүгін, 15:53
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

Бүгін, 13:59
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Бүгін, 13:36
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Бүгін, 13:28

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.