Талдықорған: +30°C
$ 456.56
€ 530.52
₽ 5.28
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Иван Лавров есімді жас жігіт ителгі баптап жүр

04.12.2023
КҮНДЕРЕК
Иван Лавров есімді жас жігіт ителгі баптап жүр
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында Иван Лавров есімді жас жігіт ителгі баптап жүр. Текелі қаласының тұрғыны бірнеше халықаралық байқауға қатысып, сұңқарының бабы мен бағын сынап көрді. Ұлттық спортқа ден қойған жасты «Жетісу саятшылары» федерациясының құсбегілері баулып жүр, деп 7-su.kz желілік басылымы «Хабар 24»-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Иван Лавровтың ителгісінің аты — Жебе.

«Жемтігін қағып түсер сұңқар болсын»деп осылай атаған. Ол құсын қорада емес,  үйінің ішінде ұстайды. Иван Лавров қазір қазақтың тілін, аңшылық өнерін үйреніп жүр, болашағын да құсбегілікпен байланыстырғысы келеді екен.  «Маған құсбегілік ұнайды. Айналысқаныма бір жыл болды. Сондықтан мен колледжді бітірген соң орнитолог болғым келеді. Келешекте осы спортты дамытуды жоспарлап отырмын», — дейді құсбегі Иван Лавров. 

Иван отбасындағы алты баланың төртіншісі. Олар кенді қаланың қақ ортасында тұрса да, жылқы өсіріп отыр. Бие санын короновирус пандемиясы тараған кезде арттырыпты. 

«Пандемия кезінде бие байлап, саумал, қымыз іштік. Алты баланы осылай еңбекке баулып жатырмыз. Сондықтан Иван ұлттық спортпен айналысамын дегенде қарсы болған жоқпыз. Өйткені әр адам өмірде өзінің орнын табуы керек. Сол себепті оған қолдау көрсеттік», — дейді Иванның анасы Галина Лаврова.

Иванды құсбегілікке Жасұлан Файзолла баулып жүр. Облыстың бас жаттықтырушысы оны екі бірдей ірі жарысқа алып барды. Ол «Шығыс салбурыны – 2023» халықаралық фестивалінде жүлделі орынға бір табан жақын қалды. Қазір ұстаз бен шәкірт кеткен кемшілікті жою үшін дайындалып жатыр. 

«Ваняның қызығушылығы жақсы, сол үшін ертіп жүремін. Кіші құсты үйреніп алған соң үлкен бүркітке үйретіп аламыз», — дейді құсбегіліктен облыстың бас жаттықтырушысы Жасұлан Бүркітбай.

Облыста биыл «Жетісу саятшылары» ұлттық спорт федерациясы құрылды. Оның құрамына оншақты құсбегі еніп отыр. Олар жаздай бүркітті ақжілік етіп түлетті. Енді қайыру арқылы етін түсіріп бабына келтіріп жатыр. Аңшылықтан бөлек қыста бірнеше республикалық жарыс өтеді.

Федерация құсбегілерді бүркітшілер бәсекесіне апарудың қам-қарекетіне кіріскен.  Сонымен қатар олар арнайы кешен ашуды көздеп отыр. Жоспар жүзеге асса құсбегілерге бүркітті түзден ауламай, қолтума етіп алуына мүмкіндік туады.

Кешен балаларды бекзат өнерге баулитын әрі ұлттық спортпен туризмді дамытатын орталық болады, дейді саладағылар.

Фото: видеодан алынған кадр

Қатысты жаңалықтар

Жетісулық жеңімпаздарды марапаттады

Жетісулық жеңімпаздарды марапаттады

08.09.2026
Кітапханашыларға арналған жаңа портал іске қосылды

Кітапханашыларға арналған жаңа портал іске қосылды

08.09.2026
Министр болашақта жойылатын мамандықтарды атады

Министр болашақта жойылатын мамандықтарды атады

08.09.2026
Жұмыста жарақат алсаңыз не істеу керек? Еңбек инспекция төлем алу шарттарын түсіндірді

Жұмыста жарақат алсаңыз не істеу керек? Еңбек инспекция төлем алу шарттарын түсіндірді

08.09.2026
Емханаға тіркелудің жаңа ережесі: Жетісуда не өзгереді?

Емханаға тіркелудің жаңа ережесі: Жетісуда не өзгереді?

08.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.