Талдықорған: +35°C
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚАМЫСҚАЛАДАҒЫ КЕЗДЕСУ

18.11.2023
КҮНДЕРЕК
ҚАМЫСҚАЛАДАҒЫ КЕЗДЕСУ
WhatsAppTelegramFacebook

«Облыстық газеттің тілшілері келіпті» деп естіген ауыл тұрғындары мен мектеп  мұғалімдері «пікірлесіп, көкейге түйген ұсынысымызбен бөліссек» деген оймен Қамысқала ауылындағы Алакөл орта мектебінің жиынжайында тосып отыр екен.

Балық және мал шаруашылығын тіршілік тынысы еткен ауылда жақсы жетістіктер көп. Тұрғындардың тіршілігі түзу. Үйлері жаңаланып, аулалары абаттандырылған. Ауылішілік жолдарда біртіндеп жөнделе бастапты. Біраз жылдан бергі бас ауруға айналған ауызсу мәселесі шешімін тауыпты. Әр үйде сылдырап ағып тұрған құбыр суы тұрғындардың болашаққа деген сенімін арттыра түскені анық.

Ең басты жаңалық – Қамысқала ауылында жаңадан бой көтерген ауылдық фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылыс жұмысы бітуге жақын. Жетісу облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен сәуір айында басталған нысанды «GoldenCityDS» ЖШС сапалы салып жатқанын байқадық. Жалпы көлемі 280 шаршы метрді құрайтын ғимарат желтоқсан айында қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Бір уақытта 15 адамды қабылдауға қауқарлы денсаулық сақтау нысанының ауыл тұрғындарына көмегі көп болмақ.

Осы ауылда 15 жылдан бері қызмет еткен ауыл әкімі Асқар Бүтіншінов  құтты мекеннің ойы мен шұқырын бес саусағындай біледі.

–  Мемлекеттік  қызметші болуды таңдаған әр адам бұл міндеттің жүгін де, жауапкершілігін де сезіне білуі тиіс. Осы орайда жылдан жылға мемлекеттік қызметшілерге артылатын жауапкершілік ауқымы кеңейіп, қойылатын талап та күшейіп келеді. Халыққа қызмет ету оңай шаруа емес. Мыңға жуық тұрғыны бар ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, тұрғындардың тұрмыс деңгейінің артуы – ауыл азаматтарының біліктілігі мен еңбекқорлығына тікелей байланысты, – дейді ауыл әкімі.

Дегенмен, ауыл азаматтарының да айтары көп екен. Кездесудегі  ең бірінші тақырып – 105 жылдық тарихы бар облыстық «Jetisy» газетінің руханият көшіндегі орны мен рөлі жайлы болды. Тақырыпты мұғалімдер қауымының терең түсініктері аша түсті. Педагогтер әлеуметтік желінің жастардың санасын сан-саққа жүгіртіп, түрлі келеңсіздіктерге жетелеп отырғанына наразылығын білдірді. Мектепте оқушыларды кітап оқуға бейімдеу, газет-журналдардың құндылығы, қазақ тілінің мәртебесі өсіру туралы түрлі сынып сағаттары өтіп тұрады екен. Соның нәтижесінде балалардың газетке деген қызығушылығы арта түскен. Әңгіме барысында тұрғындар басылымға қатысты ұсыныс-тілектерін де білдірді. Біз оларды жазып алдық. Алдағы уақытта журналистік қызметімізде ескеретін боламыз.

Кездесуде көпшілік көлдердің  айдыны тарылып, суының азайып бара жатқанына алаңдаушылық танытты. Бұрындары ауылдың іргесіне дейін шалқып жататын көл суы бүгінде көп шегініп кетіпті. Көл арнасы тартылған сайын айдында асыр салатын балық та көлдің ортасына қарай ауып, тереңге  кетіп, бұл жағдай  балықшылардың күнкөрісіне кәдімгідей кері әсер ететін көрінеді.  Расында, Қамысқала ауылы балық шаруашылығын негізгі тіршілік көзі еткен. Егер көл суалса бұл маңдағы тіршілік те тоқтайды. Демек, Алакөлдің жағдайын қазірден ойламасақ, екінші Арал қайталанып қалуы мүмкін. Жұртшылықтың алаңдаушылығын жоғары жаққа жеткізуге уәде еттік.

«Жетісу-Ақпарат»

Қатысты жаңалықтар

Еңбек ұжымымен пікір алмасты

Еңбек ұжымымен пікір алмасты

27.07.2026
Қазақстанда 4,5 миллионнан астам әйел еңбек етіп жүр

Қазақстанда 4,5 миллионнан астам әйел еңбек етіп жүр

27.07.2026
Тарихи атаудың саяси салмағы қандай?

Тарихи атаудың саяси салмағы қандай?

27.07.2026
Заман талабына сай жаңғырған

Заман талабына сай жаңғырған

27.07.2026
Сарқан саябағында спорттық-мәдени шара өтті

Сарқан саябағында спорттық-мәдени шара өтті

27.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.