«Қазгидромет» РМК 17 қарашаға күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ болады.
Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалымен ашық, жауын-шашынсыз күн райы сақталады.
Қазақстанның барлық аумағында тұман, екпінді жел болжанады.





