Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Балалардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдайды қарастыруымыз қажет – Бейбіт Исабаев

15.11.2023
КҮЛТӨБЕ
Балалардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдайды қарастыруымыз қажет – Бейбіт Исабаев
WhatsAppTelegramFacebook

Сәрсенбінің сәтінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев Көксу ауданының тыныс-тіршілігімен танысып, атқарылып жатқан жұмыс нәтижесін көріп,  тұрғындар алдында есепті кездесуін өткізді. Облыс басшысы жұмыс сапарын аудандағы құрылыс жұмыстарының бет алысын көруден бастады.

Ең бірінші Батыржан Оңғаров атындағы орталық стадионына ат басын бұрған облыс басшысы стадионның кіреберіс қақпалары мен баспалдақтарын ағымдағы жөндеу және футбол алаңына жүргізіліп жатқан жаңарту жұмыстарымен танысты. 

2018 жылы күрделі жөндеуден өткен стадион 870 орынды.  «Қазақстан футбол федерациясы» ассоциациясымен футбол алаңын тегін жаңартып беру туралы қайырымдылық келісімшарт негізінде атқарылған жұмыстың құны 193 миллион 823мың 614,9 теңге. Мердігер футбол алаңының ескі жабуы мен төселген топырағын алып, бірнеше қабат топырақ, құм, ұсақ тас төсеп, алаңға жасанды жабын жайып, техникалық талаптарға сәйкес су ағарларын жасауда. Жауапты мамандар футбол стадионының заманға сай озық үлгіде жасалғанын, мұндай ойын алаңдары облыста алғаш жасалып жатқанын айтты. Облыс әкімі жауапты сала мамандарына құрылыстың сапалы атқарылуын бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар, алаңның тазалық жұмыстарын жүргізуге арнайы техника алуды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен аудан әкіміне тапсырды.

Балпық би ауылында өрт сөндіру депосының құрылысы қызу жүруде. «Строительная компания АТТМ «Есиль Строй-Экспертиза» ЖШС заман талабына сай өртке төтеп беретін 2 қабатты ғимарат салуда. Құрылысқа 476 миллион 700 мың теңге қарастырылған. Биылға 200 миллион теңге қаржы бөлініп, жұмыс жүйелі жүргізілуде. Нысан келесі жылы қолданысқа беріледі.

Құрылыс жұмысымен танысқан облыс басшысы: «Аудандағы өрт сөндіру депосы тым ескі. Қолданылатын әрбір құрылыс материалының сапалы болуына аса мән беріңіздер. Отқа төзімді болуы керек. Тіпті, когалдандыру, абаттандыру жұмыстарына дейін өздеріңіз жауап бересіздер. Өзгенің емес, өзіміздің дүние болғандықтан барлығын заман талабына сай әрі сапалы жасаңыздар», – деп жұмыстың жүйелі атқарылуын жауапты мамандарға тапсырды.

Көксу ауданына 2022 жылы 25 дәрігер жұмысқа орналасса, биыл 18 маман жұмысқа тартылған. Олардың ішінде 5 отбасылы дәрігер бар. Ақхалатты абзал жандардың 11-іне қызметтік пәтер қарастырылған. Қалған дәрігерлер жалдамалы пәтерде тұрады. Жас мамандармен кездескен облыс басшысы: «Дәрігер болу аса жауапты мамандық. Сіздер ұлттың саулығы жолында қызмет етулеріңіз керек. Ақхалатты жаннан көмек сұрап келген әрбір науқастың жай-күйін түсініп, дұрыс кеңес беріп, іспен де жылы сөзбен де емдеулеріңіз қажет. Бұл емханада сапалы медициналық көмек көрсетуге барлық жағдай жасалған. Бір жылда 18 маманның бір ауданға қызметке келуі дегеніңіз үлкен жетістік. Сол үшін оларға барынша жағдай жасауымыз керек. Ең бастысы – жайлы, жылы баспана болуы тиіс. Дәрігерлер мен ұстаздарға арнап қызметтік баспана салу жұмысын дереу қолға аламыз», – деді.

Аудандық орталық ауруханасының директоры Жаннұр Сырымов таяуда ғана алынған компьютерлік томография аппаратын таныстырды. Оның айтуынша, енді аудан тұрғындары компьютерлік томография жасату үшін басқа қалаға бармай-ақ аудан орталығында толық емделе алады. Ауруханының білімді де білікті дәрігері Айдана Қайратқызы аппаратпен жоғары деңгейде жұмыс істеу үшін арнайы курс оқып, білікті дәрігерлерден сабақ алған.

Аудан орталығында 1961 жылы бой көтергеннен кейін 1986 жылы күрделі жөндеу жүргізілген Н. Алдабергенов атындағы орта мектепте бүгінгі күні 1 мың 125 оқушы екі ауысыммен білім алады. 40 орынды асханада балалар 7 ауысыммен тамақтанады. Мектепті аралап көрген облыс басшысы бұл мәселенің шешімін шұғыл шешу керектігін айтты.

– Мектеп ескірген. Бірақ төтенше жағдайда тұрған нысан емес. Бала саны көп болғаны жақсы, әрине. Бірақ балалардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдайды қарастыруымыз қажет. Асхана, спортзалды кеңейтіп, күрделі жөндеу жұмыстарын қолға алу қажет, – деген облыс басшысы Бейбіт Өксікбайұлы жауапты сала мамандарына тапсырма берді.

Еңлік КЕНЕБАЙ
Суретті түсірген Жеңіс Ысқабай

        

 

Қатысты жаңалықтар

Ұлттық құрамда жаңа бапкер

Ұлттық құрамда жаңа бапкер

08.08.2026
Балуаннан балуан озар белдескенде

Балуаннан балуан озар белдескенде

08.08.2026
Жетісуда биыл 3300-ден астам жаңа пәтер беріледі

Жетісуда биыл 3300-ден астам жаңа пәтер беріледі

08.08.2026
«Болашақ ойындары 2026» басталды

«Болашақ ойындары 2026» басталды

08.08.2026
Чемпиондыққа бір қадам

Чемпиондыққа бір қадам

08.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.