Талдықорған: +35°C
$ 467.65
€ 533.26
₽ 5.96
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жауын суынан зардап шеккен ауылдарды абаттандыру аяқталуда

02.11.2023
КҮЛТӨБЕ
Жауын суынан зардап шеккен ауылдарды абаттандыру аяқталуда
WhatsAppTelegramFacebook

Ескелді ауданының Абай, Ешкіөлмес және Қарабұлақ ауылдарында жауын салдарынан аулалары мен үйлеріне су кірген тұрғындармен тамыз айында облыс әкімі Бейбіт Исабаев жүздесіп, үйлерін аралап көрген болатын. Сол кездесуде баспаналарын қалпына келтірумен қатар тұрғындар аталған ауыл көшелерінің жөндеуі мен жарықтандыру мәселелері туралы айтқан еді. Бүгін Ескелді ауданына жасаған жұмыс сапары барасында облыс басшысы Абай, Ешкіөлмес және Қарабұлақ ауылдарында төтенше жағдайдан кейінгі атқарылған жұмыстарды көріп, тұрғындармен тілдесті, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Осы күні облыс басшысы Абай, Қарабұлақ, Ешкіөлмес ауылдарындағы бірнеше көшені аралап көрді.

Жаңбыр суынан зардап шеккендердің бірі — Бейбіт Өкешев. Үйі апатты деп танылғандықтан Өкешевтер отбасына Қарабұлақтан баспана сатып әперілген. Үй иесі Қарабұлаққа келген облыс әкіміне жаңа қонысының қазіргі жай-күйін көрсетіп, өз ризашылығын жеткізді.

— Абай ауылында су басып қалған үйімді комиссия жарамсыз деп тауып, бір ай шамасында өз келісіміммен Қарабұлақтан баспана сатып әперді, қазір сол қонысқа көшіп келіп отырмын. Бұрынғы үйімде көмір тасып, от жағатынбыз. Бұл үйге газ қосылған. Бес бөлмелі. Біз жас отбасымыз. Әсіресе, қолымдағы жасы егде тартқан әке-шешеме жайлы болғанына қуандым. Өзім көлік жүргізуші болып жұмыс істеймін. Қиын кезде біз өзіміздің жалғыз емес екенімізді сезіндік, — дейді Б.Өкешев.   

Бейбіт Исабаев Ешкіөлмес ауылында да тұрғындармен пікірлесті. Ауыл азаматтары өткен жолғы кездескенде айтылған көшеге асфальт төсеу, жарық шамдарын орнату туралы өтініштерінің орындалғанын тілге тиек етті. Сол сияқты Қарабұлақ пен осы ауыл аралығына жүретін қоғамдық көліктің  маршруты ұзартылып, қатынас жиілігі де артқан. Нөсер салдарынан бүлінген үйлері де уақытылы қалпына келтірілген. Ендігі тілек, су басу қаупін болдырмау мәселесі назардан тыс қалмаса екен дейді олар. Облыс басшысы бұл ретте жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын айтты:

— Ең бастысы, қатты суыққа ұрынбай, қыс түспей жайлы, жаңарған үйге кіріп үлгердіңіздер. Көшелеріңізді абаттандыру жұмыстары да кезең-кезеңімен істеліп жатыр. Ауылға мектеп салу туралы ұсыныстарыңызға да қолдау көрсетеміз.  Біз өз тарапымыздан елді мекендерге су жайылу проблемасының алдын алу ісін қолға алып, түбегейлі шараларды қабылдап жатырмыз, — деді Б. Исабаев.

Аудан әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, үш ауылдағы су басу оқиғасынан кейін арнайы комиссияның сараптамасы мен бағалау қорытындысында жалпы саны 105 үйдің зардап шеккені анықталған. Соның ішінде 22 үй бұзуға жатады, 83 үй күрделі жөндеуге жарамды деп танылған. Зардап шеккендердің баспана мәселесін шешу үшін облыстық резервтік қордан 336,7 млн. теңге қарастырылды. Соның негізінде 22 тұрғын үй сатып әперіліп, 83 үйдің 78-іне жөндеу жұмыстарына қаржылай көмек көрсетілген, 5 үйдің құжаттарын заңдастыру жалғастырылуда.

Сонымен қатар Абай ауылындағы Бақтыбай көшесіне 3,1 млн. теңгеге 32 жарық шамы орнатылған. Ешкіөлмес ауылындағы Тынышпаев көшесінің 1,63 километріне 49,9 млн. теңгеге асфальт төселіп, 5,4 млн. теңгеге 70 көше шамы қойылды. Қазір Ушаков көшесіне асфальт төсеу үшін негіз дайындалып, құбырлы өткелдер ауыстырылды. Асфальт қарашаның алғашқы онкүндігінде төселіп бітуі тиіс.

Бұл ретте демеушілердің де көмегін ерекше атап өткен орынды. Мәселен, Ешкіөлмес ауылындағы Кутузов көшесіне 5 жарық шамы орнатылып, Абай ауылындағы А. Жангелді көшесінде 202 метрге, Ешкіөлмес ауылындағы Кутузов көшесіне 314 метр жолға, Қарабұлақ ауылындағы Свердлов көшесінде 1,2 км жолға қиыршық тас төсеуге меценаттар қаржылай қолдау көрсеткен.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

  Фотограф: Жеңіс Ысқабай

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда этнокітапхана ашылды

Талдықорғанда этнокітапхана ашылды

22.07.2026
Қазақстанда егде жастағы жүргізушілерге талап қатаңдайды

Қазақстанда егде жастағы жүргізушілерге талап қатаңдайды

22.07.2026
Жалған банкноталар таралып жатыр: Ұлттық Банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Жалған банкноталар таралып жатыр: Ұлттық Банк қазақстандықтарға ескерту жасады

22.07.2026
Жыл соңына дейін пойыздар интернетпен қамтылады

Жыл соңына дейін пойыздар интернетпен қамтылады

22.07.2026
Қазақстанда алғаш рет риелторлар сертификатталады

Қазақстанда алғаш рет риелторлар сертификатталады

22.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.