Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Ауыл балалары үшін ойын алаңдары ашылды

1 қараша 2023
КҮЛТӨБЕ
Ауыл балалары үшін ойын алаңдары ашылды
WhatsAppTelegramFacebook

Бірлігі мен берекесі жарасқан Көксу ауданындағы алақандай ғана Жарлыөзек ауылында 30 бала ойнайтын балалар алаңы ашылды.  Ауылдастардың қуанышты сәтіне аудан басшысы Марлен Қапашұлы арнайы барып, балалар спорт алаңының лентасын салтанатты түрде қиды. Ауылдың ақ жаулықты әжелері шашу шашып, өнерпаздар ән жырын арнады.  

– Бала – болашағымыз. «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» деген қазақтың сөзі текке айтылмаған. Бұл қуаныш –  балалардың қуанышы. Енді балалар бос уақытында осы алаңға келіп, ойын ойнап, спортпен айналысады. Уақыттарын тиімді өткізеді, – деген аудан басшысы балаларға тегін доп таратып, халық игілігіне берілген жаңа нысанды орнатқан жауапты мамандарға алғыс білдірді.   

Мердігер «АТС Build» ЖШС салған ойын алаңының құрылыс жұмысына 18 миллион 480 мың теңге жұмсалған. Соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтамасыз етілген алаңда балалар доп теуіп, әткеншек ойнап, турникке тартылып, бұқаралық спортпен де шұғылдана алады.

Дәл осындай нысан Мұсабек ауылдық округіне қарасты Мәулембай ауылында да ашылды.

Аудан әкімі Марлен Көлбаев Мәулімбай ауылының тұрғындарын құттықтап, ақ тілегін айтса, ауыл азаматы «Кең дала» шаруа қожалығының басшысы, аудандық мәслихат депутаты Қалибек Алпысбаев Президент тапсырмасын кезең кезеңімен іске асырып жатқан облыс, аудан әкімдеріне ауыл азаматтары атынан алғыс білдірді.

Бұл жолы жаңа нысанның лентасын қию ауыл балаларына бұйырды. Қуаныштан көздері бал-бұл жанған балаларға ел ағалары тегін ойыншықтар таратып, қуаныштарын еселеді.

Ойын алаңының құрылысын жеке кәсіпкер «Кенженова» небәрі 4 айдың ішінде аяқтаған. Құрылысқа 22 миллион 499 мың теңге  қаржы бөлінген.

Еңлік Кенебай

Қатысты жаңалықтар

Ұлт болашағы – ананың қолында

Ұлт болашағы – ананың қолында

28 қараша 2026
Дамудың тұрақты кепілі

Дамудың тұрақты кепілі

28 қараша 2026
Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

28 қараша 2026
Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бұл күнге жету оңай болған жоқ

28 қараша 2026
Аталы сөз иесі

Аталы сөз иесі

28 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.