Қазанның 17-18 күндері Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Ақорданың Telegram-каналы дерегіне сүйеніп хабарлайды.
«Бейжіңде Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөз жүргізеді, сондай-ақ жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының III форумына қатысады».Қасым-Жомарт Тоқаев
Бұдан бөлек, сапар аясында Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізу жоспарланған.
Сурет: akorda.kz





