Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жүлде қоры 79 млн теңге. Umai-2023 ұлттық сыйлығына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды

16 қазан 2023
КҮЛТӨБЕ
Жүлде қоры 79 млн теңге. Umai-2023 ұлттық сыйлығына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды
WhatsAppTelegramFacebook

Өнер саласындағы Umai-2023 ұлттық сыйлығын алу үшін өтінімдерді қабылдау 16 қазанда басталды. Айтулы шығармашылық табыстары мен үздік жетістіктері үшін кәсіби шығармашылық ұжымдар мен жекелеген өнер қайраткерлерінқолдауға бағытталған байқау осымен екінші рет өткізіліп отыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен сыйлықтар көлемі және жалпы жүлде қоры едәуір ұлғайды.

Өткен жылғы жеңімпаздарды марапаттау рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, «Астана Опера» театрының Үлкен залы сахнасында өткен болатын. Ол ұлттық телеарнаның тікелей эфирінде көрсетіліп, музыкалық қауымдастықта үлкен резонанс туғызды. Мүсінше мен ақшалай жүлделерді 20 лауреат иеленді.

«Umai ұлттық сыйлығы — еліміздегі мәдениет пен өнерге деген ерекше көзқарастың көрсеткіші. Өз дарындарын жүзеге асыру үшін шығармашыл жандарға қолдау қажет, бұл оларды жаңа жетістіктерге, тың дүниелерді жасап шығаруға жігерлендіреді», — деп атап өтті «Астана Опера» директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров.

Өткен жылы байқауға қатысуға театр, музыка, хореография, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер салаларында 400-ден астам өтінім берілді. Сыйлықтың былтырғы жылғы жетістігінен кейін әріптестеріміздің, яғни шығармашылық ұжым өкілдері мен жекелеген мәдениет пен өнер қайраткерлерінің белсенділігі едәуір жоғары болады деп күтілуде. Әсіресе өңірлердің ынтасына үміттенеміз.

Ұлттық өнерді қолдау және дамыту мақсатында биыл сыйлықтаркөлемі 29-ға дейін айтарлықтай ұлғайтылды, сәйкесінше ақшалай жүлделер де артты. Биыл сыйлықтың жүлде қоры 79 миллион теңге деп бекітілген.

Өтінімдерді қабылдау «Театр өнері», «Музыкалық және орындаушылық өнер», «Хореографиялық өнер», «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер» тәрізді төрт негізгі номинация бойынша өтеді. Номинациялар туралы барлық ақпаратты театрдың сайтынан алуға болады.

Өтінімдерді қабылдау 5 желтоқсанда аяқталады. Сыйлыққа инновациялық шығармашылық қызметтері елдің мәдениеті мен өнерінің дамуына ықпал ететін Қазақстан Республикасының азаматтары үміткер бола алады. Номинанттарды республикалық, өңірлік немесе жергілікті билік органдары, мәдениет ұйымдары, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер, шығармашылық одақтар мен қауымдастықтар, мәдениет пен өнер саласындағы оқу орындары, сондай-ақ жеке тұлғалар ұсынады. Umai-2023 ұлттық сыйлығы лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі 22 желтоқсанда «Астана Опера» театрында өтеді.

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz

Фото: көрнекілікке алынды

Қатысты жаңалықтар

Сарқан ауданының ардагерлері алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Сарқан ауданының ардагерлері алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Бүгін, 08:08
Мәслихат сайлауы: Сарқанда «Бауырсақ fest» шарасы ұйымдастырылды

Мәслихат сайлауы: Сарқанда «Бауырсақ fest» шарасы ұйымдастырылды

Бүгін, 08:05
Алғашқы дауыс берушілерге сыйлықтар табысталды

Алғашқы дауыс берушілерге сыйлықтар табысталды

Бүгін, 08:01
Жас ақын дауыс берді

Жас ақын дауыс берді

Бүгін, 07:59
Алғашқы сайлаушылар құрметке бөленді

Алғашқы сайлаушылар құрметке бөленді

Бүгін, 07:54

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.