Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жетісулық ұстазға «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағы берілді

05.10.2023
КҮЛТӨБЕ
Жетісулық ұстазға «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағы берілді
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласындағы М. Жұмабаев атындағы № 19 орта мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Светлана Исаева «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына ие болды. Еліміздің білім саласына қосқан үлесі үшін берілген құрметті марапатты бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев тапсырды, деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

— Бүгін Астанада өткен Республикалық педагогтар съезінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласындағы үздік жетістіктері мен Қазақстанның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар педагогтарға «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын берді. Солардың арасында біздің облыстың педагогы ретінде сіздің де болғаныңыз біз үшін үлкен қуаныш. Сізді бүгінгі жоғары марапатыңызбен құттықтаймын. Жетісудың білім беру саласының тарихында есімдері алтын әріппен жазылатын осындай мұғалімдер көп болсын, — деді Бейбіт Исабаев педагогқа марапатты табыстау сәтінде.

Светлана Нұрғазықызы өзіне көрсетілген құрмет үшін жылы лебізін білдірді.

— Бүгінгі таңда ұлттық дәстүрлерді сақтай отырып, уақыт талабына сай еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеу — маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі. Бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отырып, облысымыздың педагогтары атынан барша ұстаздарға көрсетіліп отырған қолдау шаралары үшін алғысымды білдіремін. Өз тарапымнан бар білімім мен тәжірибемді өскелең ұрпақтың игілігіне бағыттаймын деп сендіремін, — деді С. Исаева.

Атап өтсек, Светлана Нұрғазықызы Исаева білім беру саласында 41 жылдан бері еңбек етіп келеді. Еңбек жолын 1981 жылы Алакөл ауданында Н.Алдабергенов атындағы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады. 2000 жылдан Талдықорғандағы № 19 орта мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп келеді.

Білім саласындағы сіңірген еңбегі үшін «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен, «Білім беру саласының үздігі» медалімен марапатталған. Сол сияқты «Үздік педагог» облыстық байқауының жеңімпазы. «Ежелгі дәуір әдебиеті», «Мағжантану», «Кемелтану» арнайы курстары бағдарламаларының бірлескен авторы. Өткен жылы педагогтың авторлық бағдарламаларының бірі «Атамекен» Қазақстан Республикасының білім мен ғылымды дамыту орталығы ұйымдастырған «Тәрбие бағдарламасының тәуелсіздік бастауында білім мекемелерінде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы этнопедагогикалық, этнопсихологиялық ықпалы» атты ІІ Халықаралық педагогикалық оқулар байқауында жүлделі І орынға лайық деп танылды.  

Суретті түсірген Жеңіс Ысқабай

Қатысты жаңалықтар

Мұхит кешкен, мұз басқан

Мұхит кешкен, мұз басқан

08.08.2026
Құрылтай – орталық пен өңір арасын жақындатқан жүйе

Құрылтай – орталық пен өңір арасын жақындатқан жүйе

08.08.2026
Сауатсыз бала неге көбейді?

Сауатсыз бала неге көбейді?

08.08.2026
Есеюдің жасы бар ма?

Есеюдің жасы бар ма?

08.08.2026
Алқапты сумен түлеткен

Алқапты сумен түлеткен

08.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.