Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Шошқаның жүрегін адамға салуға бола ма? ҚМДБ жауабы

5 қазан 2023
ДЕНСАУЛЫҚ
Шошқаның жүрегін адамға салуға бола ма? ҚМДБ жауабы
WhatsAppTelegramFacebook

Желіде жүрегіне шошқаның жүрегін салған ер адам туралы ақпарат тарады. Мұсылмандарға шошқаның жүрегін салуға бола ма? Бұл туралы шариғатта қандай үкім айтылған?

Қазір медицинаның, ғылым мен технологияның едәуір дамуының арқасында жануарлардың ағзаларын адамға транспланттауға (ағза мүшесін ауыстыру -еск.) қол жеткізілді. Әралуан түрге жататын тіршілік иелерінің ағзасын немесе тінін бір түрден екінші түрге ауыстыру медицинада ксенотранспланттау деп аталады. 

Ксенотранспланттауда еті желінетін және желінбейтін жануарлардың ағзаларын адамға ауыстыру деген екі түрі бар.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы өкілдерінің айтуынша, еті желінетін жануарлардың ағзасын адамға ауыстыруға рұқсат етілген. 

«Ғалымдар трансплантацияның бұл түріне рұқсат береді. Тек еті желінетін жануарлар шариғат бойынша бауыздалуға тиіс әрі оның ағзасының адамға нақты пайдасы тиюі керек. Өйткені бұл — емделудің бір әдісі. «Нахл» сүресінің 5-аятында «Ол Сендер үшін төрт түлік малды жаратты. Оларда сендер үшін жылу беретін және пайдалар бар һәм оларды жейсіңдер» делінген. Пайғамбарымыз «Ақиқатында, Алла ауру мен дертті жіберді. Сондай-ақ, әрбір дертке дауа берді. Ем іздеңдер және емделіңдер. Бірақ хараммен емделмеңдер» деді», — делінген жауапта. 

Ал Фатауа әл-Һиндия кітабында «Қой, сиыр, түйе, жылқы және одан басқа жануарлардың сүйегін емделу мақсатында қолданудың оқасы жоқ. Тек адам және доңыздың сүйегін пайдалануға болмайды» делінген. 

«Ғалымдар доңыз және тағы басқа лас жануарлардың ағзасын адамға ауыстыруға тыйым салған. Имам ән-Науауидің айтуынша, «Егер бір адамның сүйегі сынса, оны таза жануардың сүйегімен алмастыру керек. Таза жануардың сүйегі бола тұра, нәжіс жануардың сүйегін салуға болмайды», — делінген жауапта. 

Алайда транспланттаудың бұл түріне төмендегі шарттар орындалған жағдайда ғана рұқсат етіледі:

  • Ағзаның бұл бөлігінің орнын басатын таза баламасы жоқ әрі сенімді, білікті медицина мамандарының шешімімен науқастың өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы һәм емі болса, ауыстыруға болады. Бұл фиқһ бойынша мына қағидаға негізделеді: «Зәрулік жағдайында тыйым салынған нәрсеге рұқсат етіледі».
  • Жануар ағзасын салудың науқас адамға пайдасы тиетініне көз жеткізілсе, адамға салуға болады. Яғни науқасты босқа қинамау қажет. Фиқһ ережесінде «Өзіңе де, өзгеге де зиян келтіруге болмайды» делінген. 

Меккеде өткен Ислам фиқһы академиясының 8-отырысындағы қарарда: «Еті желінетін жануар шариғат бойынша бауыздалса, ағзасын алып, адамға транспланттауға рұқсат. Ал таза емес жануардың ағзасын адамға транспланттауға зәру жағдайда ғана рұқсат етіледі» делінген.

Қорытындылай келе, еті желінетін жануардың ағзасын адамға ауыстыруға рұқсат. Бірақ ондай жануар шариғат бойынша бауыздалуы және науқасқа нақты пайдасы тиетініне көз жеткізу шарт.

Өлексе және доңыз секілді лас жануарлардың ағзаларын адамға салуға тыйым салынады. Тек мына шарттар негізінде рұқсат етіледі:

  • Қатты зәрі болса, яғни науқастың өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы осы болса;
  • Одан басқа таза баламасы болмаса;
  • Сенімді әрі білікті медицина мамандарының осы трансплантталған ағзаның адамға пайдасы тиеді деген шешімі болуы шарт.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ-та 58 жастағы ер адамға шошқаның жүрегі салынғаны туралы ақпарат тараған еді. Шошқаның жүрегі адамға кері әсер етпеуі үшін ол препараттар мен антиденелер ішуі керек. Бұған дейін мұндай ота былтыр жасалған. 

Ақпарат дереккөзі: Massaget.kz
Сурет: ғаламтордан алынды 

Қатысты жаңалықтар

Ұлт болашағы – ананың қолында

Ұлт болашағы – ананың қолында

Бүгін, 14:30
Дамудың тұрақты кепілі

Дамудың тұрақты кепілі

Бүгін, 13:12
Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Бүгін, 12:10
Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бүгін, 11:30
Аталы сөз иесі

Аталы сөз иесі

Бүгін, 11:01

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.