Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«АСАР» спорттық-оңалту кешені ашылды

25.09.2023
КҮЛТӨБЕ
«АСАР» спорттық-оңалту кешені ашылды
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда «АСАР» спорттық-оңалту кешені ашылды. Кешенде омыртқа жарақаты, инсульт, балалардың церебральді сал сырқатына ем жасалады. Кәсіпкер Елдос Баялышбаев кешенді мемлекеттік «Жол картасы» бағдарламасы аясында ашқан. Оңалту орталығының ашылуына облыс әкімі Бейбіт Исабаев қатысты.

Аймақтың бірінші басшысы «АСАР-дың» ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде орталықтың жаттығу арқылы емдеуді қажет ететін жандарға септігі көп екенін айтты. Ол:

– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыру туралы үнемі айтып келеді. Және бұл міндетті мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осы ретте біз мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартудың жүйелі шараларын қабылдап жатырмыз. Жетісу облысында қазір 22 мың мүгедектігі бар азамат бар, оның 2 мыңнан астамы – балалар. Ерекше қамқорлықты қажет ететін азаматтар үшін бейімдеу шараларын тұрақты қолға алдық. Мысалы, биыл  162 нысанға бейімдеу жұмыстарын жүргізу үшін 472,6 млн. теңге қаражат бөлінді. Сонымен қатар, жер-жерден балаларды оңалту орталықтары ашыла бастады. Биыл тағы Талдықорған қаласында «Қамқорлық» қорымен бірлесіп, Аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған орталық ашылды. Мүгедектігі бар балалар Алакөл көлінің жағалауында тегін демалуы үшін Ақши ауылында орналасқан резиденция ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, іске қосылды. 140 бала демалып қайтты, – деп атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Облыс әкімінің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылы Талдықорған қаласында мүгедектерге арналған 150 орынды оңалту орталығының құрылысы басталады. Сондай-ақ, бүгін ашылып отырған «Асар» спорттық-оңалту кешеніне халыққа тегін қызмет көрсету үшін жергілікті бюджеттен 80 млн. теңге бөлініп отыр. Кешенде 300 адамға, оның ішінде 54 балаға оңалту қызметі тегін көрсетіледі. Аймақ басшысы кешенді іске қосқан кәсіпкер Елдос Баялышбаевқа Жетісу жұртшылығының атынан алғыс білдірді.

Шарада Бейбіт Өксікбайұлы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың кәсіпкер Елдос Баялышбаевқа жолдаған Алғыс хатын оқыды. Онда: «Бұл орталық мүгедектігіне байланысты қиындықтарға кезіккен көптеген адамдар үшін қолдау көрсететін жайлы орынға айналары сөзсіз. Әлеуметтік кәсіпкер ретінде адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға және олардың әлеуметтік оңалуына ықпал ететін бастамаңыз жан-жақты қолдауға лайық. Біз Сіздің әлемді баршаға бірдей және қолжетімді етуге деген ұмтылысыңызды жоғары бағалаймыз», – деп жазылыпты.

Өзі де мүгедектіктің зардабын тартқан Елдос Баялышбаев кәсіпкерлікті 2017 жылы бастаған. Сол жылы Жапон елшілігінен 82 000 доллар грант ұтып алып,  оңалтуға арналған алғашқы жаттығу залын ашып, жабдықтады. Содан бері кәсібін кеңейтіп, мүгедектерге сапалы қызмет көрсету жолында талмай еңбектеніп келеді. Бүгінде оңалту кешенін іске қосып,  сал ауруына шалдыққан, омыртқасына зақым келген адамдардың тұрып, жүруіне  қолдау білідіруде. «АСАР» кешенінде  тірек-қимыл жүйесін емдейтін кинезотерапия, массаж, физиотерапия және логопед мамандары қызмет көрсетеді. Кәсіпкер биыл Жапон елшілігінен 298 831 долларлық  «Корни травы» грантын екінші мәрте жеңіп алды. Бұл қаржыға Испаниядан «Экзоскелет» құрылғы сатып алды. Айта кететін  жайт,  126 млн. теңге тұратын құрылғы Қазақстанда әзірге осында ғана бар. Кешенде «Экзоскелет» құрылғысы арқылы бірнеше жыл орнынан тұрмай жатып қалған адамдар ем алуда. Бейбіт Өксікбайұлы тірек-қимыл жүйесіне зақым келген жігіттердің үмітін ұштаған «АСАР» ұжымына алғыс білдірді. Құрылғымен жаттығу жасап жатқан емделушілерге сәттілік тіледі. Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе атқарған жұмыстың  нәтижесінде жыл соңына дейін аталмыш кешеннен 350–400 адам тегін ем алады.

Жаттығу залдарын аралап, қызметтің спасына көңілі толған Бейбіт Өксікбайұлы: «Оңалту шараларына жүгінетін жерлестеріміздің амандығы мен саулығын назарда ұстау – біздің қоғам алдындағы ортақ міндетіміз», – деп алдағы уақытта көптеген іс-шаралар атқарылатынынан хабардар етті.

Гүлжан ТҰРСЫН
Суретті түсірген Жеңіс Ысқабай

 

 

Қатысты жаңалықтар

Алқапты сумен түлеткен

Алқапты сумен түлеткен

08.08.2026
Құрылысшыға құрмет

Құрылысшыға құрмет

08.08.2026
Жергілікті әкімдіктер 2392 грант бөлді

Жергілікті әкімдіктер 2392 грант бөлді

08.08.2026
Үштөбеде «Таза Қазақстан» рейді өтті

Үштөбеде «Таза Қазақстан» рейді өтті

08.08.2026
Жолшы еңбегі – ел игілігі

Жолшы еңбегі – ел игілігі

07.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.