Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТАСЖОЛДАҒЫ ТРАГЕДИЯ ҚАЙТСЕ АЯҚТАЛАДЫ?

19.08.2023
КҮЛТӨБЕ
ТАСЖОЛДАҒЫ ТРАГЕДИЯ ҚАЙТСЕ АЯҚТАЛАДЫ?
WhatsAppTelegramFacebook

«Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» деген. Сол Майқы би бірнеше ғасыр бұрын «Темірден болар көлігің, темірден болар өлімің» дегенді айтыпты. Қандай ауыр сөз болса да сол бабаның ұлағаты бүгінде ақиқатқа айналғандай. Сандарды сөйлетсек, жыл басынан бері 250 жол-көлік оқиғасы орын алған. Былтырғы 7 айда 281 көлік апаты тіркелген еді. Соған қарамастан, биыл адам қазасы молайып тұр. Әдетте көлік оқиғасының саны көп болса, соғұрлым адам қазасы да көбейетін еді. Бұл жолы жай басқа. Өткен жылы Майқы би айтқандай, «темір тұлпар» соқтығысынан 75 адам қаза тапса, биыл бұл сан 78-ге жеткен. Қуанатын көрсеткіш емес, күйінетін жайт. Құзырлы құрылымдардың мәліметіне сүйенсек, бір ғана 30 шілденің түнінде көлік апатынан 7 адам бақилық болған. Суық статистика. Ауыр ақпар. Оқ атылмаған бейбіт күнде осынша адамның опат болуына не себеп? Тасжолдағы трагедияны азайтуға тәртіп сақшылары дәрменсіз бе? Бәлки, қауіпсіздік шаралары қауқарсыз болар? Әлде жүгенсіз жүргізуші мен жауапсыз жүргінші көбейген бе? Тарқатып көрелік…


ЖҮГЕНСІЗ ЖҮРГІЗУШІ ҺӘМ ЖАУАПСЫЗДЫҚ

Жетісу облысы полиция департаменті, жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қайсар Мұхметовтың айтуынша, жол полиция өкілдері бар-жоғы 7 айда 305 көлік жүргізушісінің «жынды су» тұтынғанын анықтапты. «Айқап!» дейтін жайт, масаң күйде көлік жүргізгендердің салдарынан 8 көлік оқиғасы орын алып, 1 адам қаза тапқан. 10 тұрғын дене жарақатын алған. Бәлки, осы онның қатарында өмір бойы мүгедек болып қалғандары да болуы мүмкін. Төбеңізден мұздай су құйып жібергендей әсерде отырсаңыз, сандарды әріге жіберейік. Соңғы уақытта билік те, құқық қорғаушылары да дабыл қағып жүрген жайт елімізде есірткі, оның ішінде синтетикалық «апиын» тұтынатындар да көлік жүргізуден кет әрі емес екен. Қайсар Жақсылықбекұлы 305 масаң жүргізушінің 16-сы есірткі тұтынғанын да жайып салды. Қай бетіңізді шымшысаңыз да, жайт та, жапсар да осы.

– Жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бар күшімізді салып жатырмыз. Бірақ, апат азаймай тұр. Қазір жазда күнтүн демей көшедеміз. Алматы облысы мен Алматы қаласы және Жетісу өңірінің халқы Балқаш пен Алакөл жағалауларында демалуға жолға шығады. Алыс жол кімді болмасын, қажытады. Сондықтан үлкен жолдың бойында арнайы қызметкерлер мен дәрігерлерден жасақталған топ жүргізушілерге қызмет көрсетеді. Мамандар қашықтан келе жатқан көліктерді тоқтатып, қан қысымын, жүрек соғысын тексереді. Шаршаған жанға шай мен кофе ұсынып, 10-15 минут тынығуын қамтамасыз етеді. Жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне шаршап-шалдығу да әсер етеді, – дейді Қайсар Жақсылықбекұлы.

Жол апатының дені аудандарда орын алады екен. Мәселен, жеті айдағы деректің 74-і республикалық маңыздағы жолдарда тіркелген. Ал облыстық маңыздағы жолдарда 31 оқиға орын алған. Есесіне аудандарда 116 оқиға, ал елді мекен ішінде 29 апат болыпты. Алайда, саны аз болса да қаза тапқан адамның дені республикалық маңыздағы жол бойында орын алыпты. Ұзын саны – 48. Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қайсар Мұхметовтың сөзінің жаны бар. Алакөл мен Балқаш көлдерінде демалуға асыққандар апаттың жиі себепкері.

Шыны керек, көлік апаты Панфилов ауданында көбейген. Бұл ауданда 59 апат орын алса, 2-орында 15 көлік оқиғасымен Ақсу ауданы жайғасқан. Сонымен қатар, Көксу ауданында 14, Қаратал ауданында 7 оқиға орын алыпты. Көлік соқтығысынан қаза табушылар жөнінен де Панфилов ауданы көш бастап тұр. Бұл ауданда 13 адам, Ақсу ауданында 10 адам, Көксу ауданында 8 адам көлік апаты салдарынан о дүниелік болған.

БАЙҚА, ЖҮРГІНШІ, АБАЙЛА!

Көлік жүргізушілері жаяу жүргіншіні де «аяп» жатқан жоқ екен. Жыл басынан бері «темір тұлпар» тізгіндегендер 75 адамды қағып кетсе, оның 14-і бақилық болған. 64 тұрғын дене жарақатын алған. Жүргіншілер үшін Талдықорған қаласы аса қауіпті сыңайлы. Бар-жоғы 7 айда 30 жүргінші «темір тұлпардың» «тепкісіне» ұшырған. Өткен жылы көлік қаққан 3 адам қаза болса, биыл 5 тұрғын бақилыққа аттанған. Жүректі дір еткізер сан бұл. Панфилов ауданында да жүргінші қағу дерегі 54,5 пайызға артып отыр. Жыл басынан бері жүргіншінің қатысуымен 17 дерек тіркеліпті. Нәтижесінде, нәтиже деуге келмес, салдарынан 2 адам қаза тапқан. Өсім 36,4 пайыз. Кербұлақ, Көксу аудандары мен моноқала Текеліде де жүргіншіге «шүйліккен» жүргізушілер көбейген. Өкінішке қарай, барлығында өсім бар.

– Жол-көлік оқиғасы белең алған 30 шілденің түнінде Алматы–Өскемен тасжолының 141 шақырымында орналасқан Арқарлы аймағында 1959 жылы туған екі азамат қаза тапты. Мектеп бітірген шағын тойлап қайтқан екі кісі «ГАЗель» көлігінен түсіп, Арқарлыдағы асханадан тамақтану үшін жолдан өте бергенде Талдықорған қаласына қарай жүйіткіген көлік екі кісіні жантәсілім еткен. «Audi» көлігінің жылдамдығы жоғары болды. Бұл маңда жылдамдықты 70 км/сағ. асырмау жайында және жүргінші жолы деген екі белгі тұр. Жүргізушілер мұны елемеген. Дәл осы уақытта Сарқан ауданында бір отбасы ауыр қазаға тап болды. Аудан орталығынан шыға бергенде «Volkswagen Passat» көлігі қарсы бағытта жүйткіген көлікке соқтығысып, ата-анасы, 11 және 2 жастағы балалар оқиға орнында қаза тауып, 13, 8 және 6 жастағы бүлдіршіндер ауруханаға ауыр дене жарақатымен түсті. Айналып келгенде қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан ел азаматтары, өкініштісі болашағымыз балалар қаза табуда. Жүргізушілер де, жүргіншілер де, өзі үшін емес, өзгелер үшін де жауапты екенін ескерсе екен, – дейді Қайсар Жақсылықбекұлы. 

— Құзырлы құрылымдардың мәліметіне сүйенсек, бір ғана 30 шілденің түнінде көлік апатынан 7 адам бақилық болған. Суық статистика. Ауыр ақпар. Оқ атылмаған бейбіт күнде осынша адамның опат болуына не себеп?

— Жеті айдағы деректің 74-і республикалық маңыздағы жолдарда тіркелген. Ал облыстық маңыздағы жолдарда 31 оқиға орын алған. Есесіне, аудандарда 116 оқиға, ал елді мекен ішінде 29 апат болыпты.

— Өткен жылы балалардың қатысуымен 67 «темір тұлпар» соқтығысы тіркелсе, биыл бұл сан 4,7 пайызға өскен. Ең сорақысы, 8 бала қайтыс болып, 84 сәби жарақаттанған. Құзырлы орган берген мәліметке сүйенсек, жыл басынан бері мопед пен скутер туындатқан 3 жол-көлік оқиғасы тіркеліпті.

Жол-көлік оқиғасынан балалардың да зардап шегуі көбейген. Өткен жылы балалардың қатысуымен 67 «темір тұлпар» соқтығысы тіркелсе, биыл бұл сан 4,7 пайызға өскен. Ең сорақысы, 8 бала қайтыс болып, 84 сәби жарақаттанған. Құзырлы орган берген мәліметке сүйенсек, жыл басынан бері мопед пен скутер туындатқан 3 жол-көлік оқиғасы тіркеліпті. Ал, мұндай құралдарды балалар мен жасөспірімдер жиі қолданады десек, балаларға қауіп осы құралдан да туындап тұр.

ҚАУІПКЕ ҚАЛҚАН ҚАЙСЫ?

Өңірде жол-көлік оқиғаларының санын азайтуда құзырлы құрылым барынша қарекет етуде. Халық арасында «үш аяқ» атауына ие болған Kris-P радарлары да өз нәтижелілігін көрсеткен. Бүгінде бұл құрылғының 5-еуі қолданыста. Көпшілік біле бермес, елімізде жол ережесін бұзушы мен құқық қорғаушылар арасындағы байланысты азайтуға аса мән берілуде. Тікелей адамның қатысуынсыз Kris-P радарлары жылдамдықты асырған көлік туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының «Әкімшілік құқықбұзушылықтардың бірыңғай тізілімін өңдеу орталығына» жолдайды. Жол қозғалысы ережелерін бұзушыларға әкімшілік айыппұл салу туралы ұйғарым жіберіледі.

Бұдан өзге көлік жүргізушілердің талайына үрей тудырған Vidar әмбебап жол қозғалысын бақылау қондырғысы Талдықорғанның іргесіндегі 18 аумаққа орналастырылған. Бұл құрылғылар да «үш аяқтың» миссиясын орындайды. Яғни орталыққа тікелей ақпарат жолдайды. Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қайсар Мұхметовтың айтуынша, жыл соңына дейін тағы 15 қондырғы орнатылады.

– Қазір көліктердің жылдамдығын анықтауға арналған Ekin Patrol G2 атты жылжымалы аппараттық-бағдарламалық кешен алу жұмыстары жүргізілуде. Қолымызда 5-еуі бар. Ekin Patrol G2 дәлелдемелік базаны қолдану арқылы анықталған бұзушылық туралы деректі автоматты түрде «Әкімшілік құқықбұзушылықтардың бірыңғай тізілімін өңдеу орталығы» ақпараттық жүйесіне жібереді. Жақын арада оларды патрульдік көліктерге орнатамыз, – деді басқарма басшысы.

Одан бөлек, тұрғындар арасында, жүргізушілерге жол ережесін сақтау, адам өмірінің қауіпсіздігі турасында жиі насихаттық жұмыс жүргізіледі екен. Қазірдің өзінде Талдықорған қаласында жүргінші жолақтарына анықтамалық ақпараттар жазылыпты. Тура, жолақ бойына, жол үстіне. Қайсар Жақсылықбекұлы жолкөлік оқиғасын азайтуда аянып қалмасын да жеткізді.

Әдетте көлік жүргізушілері айыппұлдың құны өскенін, жиі айыппұл салынатынын айтып шағымданып жүреді. Құзырлы органдарға емес, бір-біріне және маңайындағыларға. Бақсақ бақа деген, айыбын арттырғанмен, айылын жимай жүрген кей жүгенсіз жүргізушінің себепкер болуымен бейбіт күнде қанша замандасымыз опат болуда. «Темір тұлпар» тізгіндегендер өміріңді өзің ойламасаң, астыңдағы көлігің оған көңіл бөлмейтінін қашан түсінер екен. Өйткені ол жай ғана – темір! Ал адамның өмірі біреу ғана! Жауапкершілікпен қарайық, жауапкершілікте болайық.

Дастанбек САДЫҚ

Фото: көрнекілікке алынды

Қатысты жаңалықтар

Жолшы еңбегі – ел игілігі

Жолшы еңбегі – ел игілігі

07.08.2026
Мемлекеттік гранттар бөлінді: тізімді қайдан көруге болады?

Мемлекеттік гранттар бөлінді: тізімді қайдан көруге болады?

07.08.2026
Ауыл жағдайы айтылса

Ұлттық құрылтай – ел бірлігін бекемдейтін қоғамдық диалог алаңы

07.08.2026
Заман талабына сай жаңғырған

Болашаққа бағдар

07.08.2026
Сарыбұлақ тұрғындарының өзекті мәселелері талқыланды

Сарыбұлақ тұрғындарының өзекті мәселелері талқыланды

07.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.