Талдықорған: +24°C
$ 467.48
€ 539.52
₽ 5.73
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР КЕМШІЛІКТЕРДІ ЖОЮДЫ ТАПСЫРДЫ

04.08.2023
КҮЛТӨБЕ
ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР КЕМШІЛІКТЕРДІ ЖОЮДЫ ТАПСЫРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алакөл ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ өңірдің тыныс-тіршілігімен танысып, тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Артынша халықпен кездесіп, елдің әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында атқарылып жатқан шаруаларды толықтай баяндады. Сонымен қатар, аудан жұртшылығын толғандырған сауалдарға жауап берді.

 


Ауданда автомобиль жолдарын жаңартып салу жөндеу, жаңғырту жұмыстары қадағаланып отырғанын жеткізген облыс әкімі Бейбіт Исабаев тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі де өзекті болып отырғанына тоқталды. Әкімнің айтуынша, ауданда 1591 адам үйдің кезегінде тұр. Оның ішінде әлеуметттік осал топтарға кіретін 657 адам бар. Биыл пайдалануға беру жоспарланып отырған 23,1 мың шаршы метр тұрғын үйдің 7,2 мың шаршы метрі бюджет есебінен салынуда. Биыл қаңтар айында Үшарал қаласында 40 пәтер берілсе, алдағы қараша айында тағы 60 пәтерлік үйдің құрылысы аяқталады. Одан бөлек, 62 пәтерді сатып алу үшін республикалық бюджеттен 592,2 миллион теңге бөлініп отыр. Бұл қаржыға жыл соңына дейін пәтерлер сатып алынады. Жеке инвестор ретінде «Қайнар АКБ» ЖШС келесі жылы 60 пәтерлік екі тұрғын үйді пайдалануға беруді көздеп отыр. Ал биыл жыл соңына дейін 162 пәтер кезекте тұрған мұқтаж азаматтарға берілмек.

Ауданның білім, денсаулық, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы өзекті мәселелерге тоқталған Бейбіт Өксікбайұлы әр салаға жауапты орынбасарларына аудан әкімімен және облыстық білім, денсаулық сақтау, спорт және дене шынықтыру басқармаларымен бірлесіп, күрмеуі қиын тақырыптарды шешу үшін нақты шаралар қабылдауды, кемшіліктерді жоюды тапсырды.

Сондай-ақ, биыл ақпан айындағы кездесуде аудан тұрғындары көтерген өзекті мәселелер бойынша атқарылған шараларға тоқталған облыс әкімі бүгінде 13 сұрақтың 7-і шешімін тапқанын, 6 мәселе бойынша жұмыстар жалғасып жатқанын атап өтті.

Халықпен кездесуден кейін аймақ басшысы бірқатар нысандарды аралады. Бейбіт Өксікбайұлы әуелі ат басын құрылысы жаңа аяқталған Бескөл ауылындағы 80 орынды дене шынықтырусауықтыру кешеніне бұрды. Жалпы құны 1 млрд. теңге салынған кешеннің құрылысы толықтай аяқталыпты. Мұнда спорттың 4 түрінен (қазақ күресі, дзюдо, бокс, волейбол) жаттығу жүргізілуде. Спорт сарайының ішінде күрес, бокс, үлкен ойын залы және жаттығу залы бар. Заман талабына сай спорт кешенін толықтай аралап шыққан Бейбіт Өксікбайұлы болашақта шалғай ауылдарға осындай нысандар салу жоспарда бар екенін айтты.

Сапар барысында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ұлан Рысқұл алдағы уақытта спорт кешенінде төрт спорт түрінен бөлек шахмат, үстел теннисін ашуды көздеп отырғанын жеткізді.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Ішкі істер министрлігі «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Ішкі істер министрлігі «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

06.08.2026
Жетісудағы вегетациялық кезеңнің барысы

Жетісудағы вегетациялық кезеңнің барысы

06.08.2026
Айманакумов Жетісу облысының дайындығымен танысты

Айманакумов Жетісу облысының дайындығымен танысты

06.08.2026
Comic Con Astana 2026 фестивалi басталды

Comic Con Astana 2026 фестивалi басталды

06.08.2026
Текелідегі өндіріс ұжымымен маңызды кездесу өтті

Текелідегі өндіріс ұжымымен маңызды кездесу өтті

06.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.