Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев дәл қазіргі сәтте Алаөкөл ауданының тұрғындарымен кездесу өткізіп, өңірдің дамуы бойынша есеп беріп, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Алакөл ауданың жағалауындағы туризмнің дамуы ерекше назарда. Заңсыз жұмыс жүргізіп жүргендер де бар. Бұл жөнінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев аудан әкімі Алмас Абдиновке сын айтып, былтыр облысқа әкім болып сайланғанындағы мәселе әлі де өзекті екенін жеткізіп, аймақ басшысына «бүгінгінің әкіміне не жетпейді?» деген сауал қойды.
— Бүгінгінің әкімі жауапкершіліктен қашпау керек. Шешімді әділ шығарып, заң жүзінде іс атқару қажет, — деді облыс басшысы.
Аудан экономикасының дамуында туристік сала, атап айтқанда Жетісу өлкесінің інжу-маржаны – Алакөл көлі ерекше маңызға ие.
Көл жағасында 225 туризм нысаны орналасқан, оның ішінде 2022 жылы 2,5 млрд. теңге сомаға 14 нысан пайдалануға берілген.
Ауданда туризмнің дамуына байланысты электр қуатын тұтыну күрт артты, ал қолданыстағы желілердің өткізу қабілеті қазіргі қажеттілікті қамтамасыз ете алмайды.
Осы күрделі мәселені шешу үшін нақты шаралар көзделіп, кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.





