Талдықорған: +41°C
$ 469.71
€ 536.17
₽ 6.01
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жеңіс мерекесі қарсаңында ардагерлерге біржолғы материалдық көмек беріледі

26.04.2023
КҮНДЕРЕК
Жеңіс мерекесі қарсаңында ардагерлерге біржолғы материалдық көмек беріледі
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл Жетісу облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығын мерекелеу қарсаңында 2309 азамат  жалпы сомасы 156,7 млн. теңге көлеміндегі біржолғы материалдық көмек алады. Оның ішінде Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында облысымызда тұратын ҰОС ардагерлері мен қатысушыларына 1,5 млн. теңгеден төленеді, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, бүгінде өңірінде Ұлы Отан соғысының 8 ардагері тұрады. Олардың барлығы 9 мамырға дейін әрқайсысы 1,5 млн. теңгеден алады. Сондай-ақ жыл басынан бері ардагерлерге коммуналдық қызметтер үшін төлем ретінде 250 мың теңге төленді. Осы мақсатқа қаражат жыл соңына дейін де қарастырылған. Төлемдер ай сайын 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.

ҰОС қатысушылары мен мүгедектері қажеттіліктеріне қарай есту аппараттары, протездік-ортопедиялық бұйымдар сияқты әртүрлі техникалық көмекші, гигиеналық құралдармен, сондай-ақ санаториялық-курорттық жолдамалармен бірінші кезекте қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ КСРО-ны қорғаудың басқа кезеңдерінде майдан шебінде әскери қызметтің өзге де міндеттерін атқару кезінде жараланған, контузия алған, мертігіп қалған, мүгедек деп танылған 90 әскери қызметшіге біржолғы материалдық көмек ретінде 100 мың теңгеден жалпы сомасы 9,0 млн. теңге төленеді. 

Сондай-ақ Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлерде, геттоларда және басқа да мәжбүрлі ұстау орындарында қамалған кезде кәмелеттік жасқа толмаған азаматтарға 100 мың теңгеден беріледі. Облысымызда бұл санатқа кіретін 1 адам тұрады.

Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған ата-анасы мен жесіріне (бұл санатқа жататын өңірімізде 19 адам бар) 60 мың теңгеден төлем жасалады. Төлемдердің жалпы сомасы 1,1 млн.теңгеден асады.

Осындай қаражат сомасы қайтыс болған Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің немесе мемлекет тарапынан қарастырылған жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған жұбайларына да қарастырылған (бұл санатқа жататын өңірімізде 32 адам бар). Бұл санаттағы азаматтарға барлығы 1,9 млн. теңгеден астам қаражат көзделген.

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта Ұлы Отан соғысы жылдарында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен наградталған адамдарға, сондай-ақ осы кезеңде медальдармен марапатталмаған адамдарға да 60 мың теңгеден төленеді. Осы санаттағы 2159 адамға жалпы сомасы 129,5 млн.теңгеден астам қаражат қарастырылған.

Сонымен қатар облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, 2013 жылдың соңына дейін 6 жекелеген санат бойынша ардагерлерге 150 мың теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлем төленеді. Олардың қатарында Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, Семей ядролық полигонындағы сынақтардан зардап шеккендер мен Чернобыль АЭС апаттың салдарын жоюға қатысушылар да бар.

 Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қатысты жаңалықтар

Қоғамдық келісім және патриотизм

Қоғамдық келісім және патриотизм

16.07.2026
«Таза Қазақстан»: Талдықорғанда мобильді топ кезекті рейдке шықты

«Таза Қазақстан»: Талдықорғанда мобильді топ кезекті рейдке шықты

16.07.2026
Тартысқа толы чемпионат

Ауылдарда спорт инфрақұрылымы дамып келеді

16.07.2026
Туризмді дамытудың тұжырымдамасы бекітілді

Туризмді дамытудың тұжырымдамасы бекітілді

16.07.2026
Дәрілік заттарды өткізу нарығына талдау басталды

Дәрілік заттарды өткізу нарығына талдау басталды

16.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.