Күнсұлу Закария Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
«Мемлекет басшысының өкімімен Күнсұлу Дальтонқызы Закария Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды», — делінен ресми хабарламада.
Айта кетейік, Күнсұлу Закария бұған дейін QazBioPharm ұлттық холдингінің басшысы қызметін атқарған болатын.
Фото: ашық дереккөзден
«ЖЕТІСУ» АҚПАРАТ





