Асхат Жұмағали Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Ақорданың баспасөз қызметі дерегіне жүгіне отырып хабарлайды.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.
Асхат Жұмағали бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Фото: ашық дереккөзден
«ЖЕТІСУ» АҚПАРАТ





