Талдықорған: +2°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Үй жануарларын міндетті түрде стерилизациялауға байланысты қоғам пікірі екіге бөлінді

4 сәуір 2023
КҮНДЕРЕК
Үй жануарларын міндетті түрде стерилизациялауға байланысты қоғам пікірі екіге бөлінді
WhatsAppTelegramFacebook

Енді азаматтар үй жануарларын міндетті түрде стерилизациядан өткізуі керек.

«Үй жануарларын ұстау және серуендету» ережелеріне енгелі тұрған жаңа өзгерістер қоғамда дау тудырып отыр. Әсіресе ит-мысықтың көбеюуіне тыйым салатын жаңа тармаққа қатысты азаматтардың пікірі де әртүрлі. Стерилизацияны құптайтындар қаңғыбас жануарлардың саны азаяды десе, енді бірі бұл жануарларға жасалынатын қастандық деп наразы. Ал зооқорғаушылар ережедегі жаңа ұсыныстарда шикілік бар екенін мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Қарағанды тұрғыны Айнұр Азаматқызы мысық асырайды. Ол ит пен мысықты стерилизациялауды міндеттеуді құптайтынын айтады. Себебі үй жануары көбейген жағдайда оларды асырау қиынға соғады екен. Ал күшіктерді далаға қаңғытып, олардың обалына қалғысы келмейді. Сөзінше, стерилизация жасау жануарлар мен қоғам алдындағы жауапкершілік. Сондықтан үй жануарын асырар алдында, міндетті түрде стерилизациядан өткізетінін айтады. 

“Мен өз басым үй жануары ішінде мысықтарды асыраймын. Жыл сайын мысығымды вакцинациядан өткіземін. Бұл қоғам және жануар алдындағы үлкен жауапкершілік. Неге дейсіз ғой? Мысығымды аулаға алып шыққан кезде түрлі кішкентай балалар қызықтап ойнап, ұстап жатады. Сондықтан жаман аурулар таратпас үшін уақтылы екпе жастамын”, – деді Айнұр Азаматқызы.  

Зооқорғаушы Сергей Снегиревтің айтуынша, стерилизацияны асыл тұқымды үй жануарларына жасаудың қажеті жоқ. Сондай-ақ жануарды зарарсыздандыруға болмайтын себептер қарастырылу керек дейді. Әрі ережеге үй жануарының денсаулығына және кәрілігіне байланысты стерилизациядан босату керек деген тармақтар қосылғаны жөн дейді.

“Зарарсыздандыру қаңғыбас жануарлардың санын азайтуға септігін тигізеді. Итін немесе мысығын зарарсыздандырғысы келмейтін қожайындар қаңғыбас иттердің санын қазір көбейтіп жатыр. Менің жеке пікірім ветеринарлық көрсеткіштерді ескере отырып, асыл тұқымдыдан басқа жануарларды зарарсыздандыру керек. Бұл әсіресе ауылда ит пен мысық асырап отырғандарға қатысты”, – деп мәлімдеді зооқорғаушы Сергей Снегирев. 

Бұдан бөлек зооқорғаушы серуенге шығаратын иттер үшін тұмсық жабудың міндетті болу керек екенін айтады. Себебі иесі итінің ешкімді қаппайтынына сенімді болса да, төбеттен қауіп төнетінін ескергені абзал. Сондай-ақ Сергей Снегирев «арнайы бөлінген аумақтарда ғана иттерді еркін серуендетуге болады деген ұсыныспен келіспейді. Өйткені қалаларда арнайы серуендету алаңдары аз, сондықтан бұл құқық бұзушылыққа әкеліп соғады деп санайды. 

Фото: ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Экологиялық мәдениет – ұлттық сананың жаңа деңгейі

Ең қымбат ұғым

Бүгін, 18:37
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді

Жарқын болашақ

Бүгін, 17:30
Қыз тағдыры – ұлт айнасы

Отбасылық қолдау

Бүгін, 16:30
Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Бүгін, 15:00
Жетісу облысында өрт көрсеткіші өсті: Тұрғындарға қандай ескерту жасалуда?

Жалын жүрек, жас өрен

Бүгін, 14:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.