Талдықорған: +35°C
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БЕЙБІТ ИСАБАЕВ ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

18.03.2023
КҮЛТӨБЕ
БЕЙБІТ ИСАБАЕВ ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен және этномәдени бірлестік жетекшілерімен кездескен облыс әкімі Бейбіт Исабаев өңірдегі өзге ұлт өкілдерінің ахуалын сұрап білді.

Алдымен облыстың жетістіктері мен көрсеткіштеріне тоқталған өңір басшысының айтуынша, елімізде жүргізіліп жатқан саяси жаңару Мемлекет басшысының соңғы Жолдауында көрсетілген бағыттармен жүріп келеді.

Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішінде өткен жылға қарағанда өсім бар. Атап айтқанда, экономикалық индикатор 104%-ға өскен. Өндірістегі өсім 1,5%-ды, ауыл шаруашылығында – 2,4%-ды, саудада – 30,4%-ды, құрылыста – 4,3%-ды құраған. Құрылысқа 269 миллиард теңгеден астам инвестиция құйылып, 295,3 мың шаршы метр баспана салынды. Биыл бұл бағыттағы жұмыс қарқынмен жүріп, таза ауызсумен, сапалы жолмен, қолжетімді баспанамен, табиғи газбен қамтамасыз ету еселене түседі.

Мысалы, биыл 20 елді мекеннің тұрғындарын көгілдір отынға қосу және 66 ауыл мен аудан орталықтарының ұзындығы 250 шақырымға тең жолын жасау межеленген. Одан бөлек, 321 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, 14 елді мекенге таза ауызсу жеткізіліп, 2 ауыл орталықтандырылған су жүйесіне қосылады. Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларына да көңіл бөлінеді.

Облыс әкімі Ассамблея мүшелері мен этномәдени бірлестік жетекшілеріне өңірдегі жастарды рухани-патриоттық, мәдени-әдеби бағытта тәрбиелеу керектігін ескертті.

– Отаншылдықты, өзара сыйластық пен татулықты жан-жақты дәріптеу – мемлекеттің ғана емес, барша азаматтарымыздың ортақ міндеті. Тәуелсіз еліміздің баға жетпес байлығын сақтай білуіміз керек, – деген Бейбіт Өксікбайұлы еліміздегі тыныштықты, тұрақтылықты, бейбітшілікті нығайту жолында бірлесе еңбек ету керектігін түсіндірді. – Мемлекет басшысы жақында елордада өткізген Кеңесте  сөйлеген сөзінде: «Этносаралық келісімді нығайту – еліміздің тұрақты дамуының негізі. Бұл маңызды міндетті жүзеге асыру үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті билік, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен жалпы азаматтық қоғам күш біріктіруі қажет», – деп ерекше атап өткен болатын. Бұл үлкен міндетке Жетісудағы барлық ұлт пен ұлыс белсене атсалысып, қоғам тұрақтылығын нығайтуға өз үлестерін қоса береді деп сенемін.

Одан соң кезекпен сөз алған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары, әзірбайжан этномәдени орталығының жетекшісі Фахреддин Маггерамов, облыстық орыс орталығының жетекшісі Лариса Котельникова, «Ассамблея жастары» аймақтық штабының төрағасы Эрих Штауб, Ассамблея ардагері Атсалим Идигов еліміздегі ынтымақ пен бірлікті, ауызбіршілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталып, этномәдени бірлестіктердің жұмысын жеделдетуге көмек сұрады.

Атап айтқанда, облыстық орыс орталығының жетекшісі Лариса Котельникова мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында этномәдени бірлестіктерге мини-грант сұраса, «Ассамблея жастары» аймақтық штабының төрағасы Эрих Штауб ұйымның жұмысын аудандар мен шалғай ауыл тұрғындарына тарату үшін микроавтобус әперуге өтініш жасады.

Екі ұсынысқа да жеке-жеке тоқталған облыс әкімі Бейбіт Исабаев облыстық бюджетке толықтыру мен өзгерістер жасау кезінде мәселелерді ұмытпай ескертуді орынбасары Рустам Әлиге тапсырды.

Жиынды қорытындылаған өңір басшысы әлемдегі геосаяси жағдай шиеленіскен кезеңде еліміздегі тыныштық пен тұрақтылықтың орын алуы маңызды екеніне тоқталып, кездесуге жиналған көпшілікті келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтады.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Ертеңнен үмітіміз зор

Ертеңнен үмітіміз зор

01.08.2026
Омарташы

Омарташы

01.08.2026
Көл жағалауындағы қауіпсіздік

Көл жағалауындағы қауіпсіздік

01.08.2026
Ауыл жағдайы айтылса

Ауыл жағдайы айтылса

01.08.2026
Темірге өрнек салған

Темірге өрнек салған

01.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.