Талдықорған: +6°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЖЕТІСУДА ТАСҚА ҚАШАЛЫП ЖАСАЛҒАН ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ТАБЫЛДЫ

12 наурыз 2023
КҮНДЕРЕК
ЖЕТІСУДА ТАСҚА ҚАШАЛЫП ЖАСАЛҒАН ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ТАБЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ақсу ауданына қарасты  Баласаз ауылының Көксай қонысында  тасқа ойылып жасалған тоғызқұмалақ тасы бар.  Жәдігер Көксай бөктерлері жазыққа таянып келіп аяқталған жерде, қырқа беткейінде тұр.  

Ойын тасы  тау бөктері мен шабындықтың  ортасына қойылған. Оң жағынан  өзен ағып өтеді. Тоғызқұмалақ  деп аталатын себебі, сандықтай  көлемдегі үстіне   тоғызқұмалақ  тақтасы ойылып салынған. Тастың үстіне ойын ұяшық  қашалып жасалған.  Мұнда  екі-екіден төрт адам отырып қатар ойнауға болады.

Тас орналасқан жерден  Сарытау,  Ащыбұлақ, Маңдай, Баянжүрек, қысқасы барлық  тарап алақандағыдай көрінеді. Тоғызқұмалақ тасының қай ғасырда ойылып қашалғаны әзірге беймәлім. Орналасқан жеріне қарағанда жаугершілік заманда сарбаздар жасаған сияқты. Немесе сарбаздарға арналып жасалған.  Тоғызқұмалақ тасы орналасқан жерден  барлық бағыт айқын көрінеді.  

Екінші себеп, судың жақындығы. Үшінші себеп, Көксай өзенінің жағалауы қалың тал.  Бұл аумақ жауынгерлердің от жағып, су тасып, ағашқа саялауына ыңғайлы. 
Тоғызқұмалақтың жанында бірнеше  жерге  тас үйілген.  Бұлар жау келе жатқанда от жағып, белгі берілу үшін жиналып, дайындалған.   Қарсыластың жақындағанын түтін арқылы білдіру ежелгі сақ-ғұн дәуірінен бері келе жатқан әскери тәсіл.

Тастың күнбатыс жақ шетіне ерекше белгі өрнектеліп, қашалып жасалған. Тоғызқұмалақ тасын ғалымдар тереңдеп зерттесе  ғой деген ой мазалайды. Бүгінде, осы бір тарихи ескерткішті жел, жаңбыр, қар тоздырып барады.   Тездетіп, мемлекет қарауына алып, құнды жәдігер ретінде дәріптесе. 
 

Гүлім Жанғазы,
 Ақсу ауданы

Қатысты жаңалықтар

Қыз тағдыры – ұлт айнасы

Отбасылық қолдау

Бүгін, 16:30
Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Бүгін, 15:00
Жетісу облысында өрт көрсеткіші өсті: Тұрғындарға қандай ескерту жасалуда?

Жалын жүрек, жас өрен

Бүгін, 14:30
Republic Day және Bereke Fest акциялары аясында қанша үнемдеуге болады?

Republic Day және Bereke Fest акциялары аясында қанша үнемдеуге болады?

Бүгін, 13:03
Президент:   «Республика күні –  жалпыұлттық сипаты бар мереке»

Президент құттықтаулар үшін алғыс айтты

Бүгін, 12:43

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.