Балабақшаға ата-аналар балаларын тәлім тәрбие алып, мектепке баруға дайындау үшін жіберетіні бәрімізге аян. Осыған орай, бүлдіршіндерге жауапкершілікпен қарау тәрбиешілердің міндеті.
Оларға әрбір бүлдіршінің ата-анасындай жылы сөзбен сөйлеп, еркелетіп, баланың жас ерекшелігіне сай жұмыс істеу керек. Өзім осы «Бөбек» балабақшасыныда ересек «Балдырған» тобында еңбек етемін. Бұл жұмыста бір орында тұрып қалуға болмайды. Бүгінгі оқумен тәрбиелеуге жаңашылық керек. Балалардың жас ерекшелігіне қарай, олардың сөздік қорларын, ой өрісін дамытып, әртүрлі мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштар, ойын элементтерін күнделікті сабақты түрлендіріп өткізу қажет. Сондықтан өзімнің тәжірибемде балаларға әртүрлі қазақ халқының ұлттық ойындарын ойнатып, сабақтарымды түрлендіріп өткізіп тұрамын. Ата-аналарымен де тығыз байланыс орнаттым. Менің тобымда 20 бала бар. Олармен әртүрлі ашық сабақтар өткіземін.
М.А. КАДЫРОВА,
«Бөбек балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«Балдырған» ересек тобының тәрбиешісі
Панфилов ауданы





