Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АРДЫҢ ІСІ

«ҚАСИЕТІҢНЕН ҚАРА ӨЛЕҢ, АЙНАЛАЙЫН»

13.02.2023
АРДЫҢ ІСІ
«ҚАСИЕТІҢНЕН ҚАРА ӨЛЕҢ, АЙНАЛАЙЫН»
WhatsAppTelegramFacebook

Жүрегіне ұялаған жыр құдіреті олардың тарихтан алған тұғырын биіктетті, ал өздері сол асқақ та дегдар болмысынан алты Алашына аяулы өлеңін ұсынды. Мұқағали  Мақатаев пен Есенқұл Жақыпбек ақпан айында от жүрегін тулатып өмірге келген шайырлар. Бірі Хантәңіріндей басын мұсатыр мұз құрсаған ұлы биіктікке көз қадаса, бірі Алатаудың ақбас шыңына қарап бой түзеді. Көз тастар көкжиегі бір, кеңістігі ортақ ақындардың жыры да, мұңы мен сыры да егіз. Бауыры манат белдерден, жусаны жұпар аңқытқан адырлардан осылайша сомдалған қазақтың қос ақыны қара өлеңнің төл перзенті еді.

Рас, қасиеті бөлек қасқа бұлаққа бас қойып, тіс жаратын тұманың тұнық та суық суын талмап ішкен қос ақынның үні мен мұңы ортақ. Алакөл мен Шу, Хантәңірі аралығын алып жатқан ұлан-ғайыр Жетісу өлкесінің тумалары, тағдырын қасиетті қаламға арнаған Мұқағали мен Есенқұлдың ғажайып жырларындағы теңеу, бейнелеу мен суреттеу секілді поэзиядағы боямалар мен ерекшеліктер де тамырлас. Құстың қос қанатындай осындай ұқсастыққа ие қос алыптың туған күніне орай өтетін тағылымды кеш те сарындас екен-ау деген ой түйдік. Оған себеп – күні кеше облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың және басқармаға қарасты «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен еске алу кеші. 
Шыныменен дос жоқ-ау, дос жоқ менде,
Сонда қалай, өмірім  босқа өткен бе?
Осындай бір байламға келдім бүгін,
Қарадым да сүйіскен қос кептерге,
 – деп жаны жүдеген сәттерде айналасынан мейірім шуағын іздеген, арқа тірер аға, сыр ұғар дос-бауыр таба алмаған Мұқағали асқақ басын мұнарға мала жыр төкті. Осынау шайырдың сезім күйін басынан кешкен Есенқұл да досым жоқ деп мұң шағып жыр түлетті. Мұзарт таудың мұзбалақ ақыны қос кептер тудырған ойдың соңында мұнар шалған басын сілкіп тастап: «…Дос көп менде, қашаннан досым – халық, қараймын да мен соған басыламын», – деп асылық кеткен тұсын қырнап-сырлап, өмірге шүкіршілік айтса, жалғанда жолдас табылмады деп баладай бұртиған сәби көңіл Есенқұл: 
Мені жақсы депсіздер бауырларым,
Сол сөзіңді мен сұмдық ауырладым.
Енді ғана сезініп тұрғандаймын,
Менде де дос, менде де  бауыр барын,
 – деп алғаусыз ақтарыла жыр сабақтайды. Осылайша жан сезімі бір арнада тоғысып, толғаған тақырыбы да, шаққан мұңы мен күйініші де бір-біріне сабақтасып жатқан шайырлар кеңістігін рухани кешке келген ҚР Мәдениет қайраткері, «Jetіsý» газеті бас редакторының орынбасары Жұматай Оспанұлы, танымал журналист, публицист Жұмахмет Жанахметұлы, Б. Римова атындағы Талдықорған драма театрының әртісі, Есағаңның шәкірті Жаңыл Мерсимова тереңнен толғады.
Өнеге шашқан рухани кешті «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының директоры Жеңіс Жолдыбаев жүргізді. Ол ұлы ақындардың қазақ поэзиясына олжа салған ғажайып өмірін, шығармаларын асқақтата айшықтай келе, отты жырларын оқыды. Өз кезегінде оқушылар арасында өткен Талдықорған қалалық Мұқағали оқуларында жүлде салған өрендер,  І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің білімгерлері шайыр өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. 
Облыстық филармонияның әншісі Құралай Шаяхметова, жезтаңдай әнші Бейбіт Мұсаев асқақтата ән шырқаған кеште тағылымды ой түзілді. Сырлы сөз қозғалды. Жан тебіренткен толғаныстар айтылды. «Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім, жыр жазсам маған халқым елеңдестің» деп тебіренген Мұқағали  ақынның әдеби портретін, оның тұлғалық тұғырын, ақындық асқақ қуатын шабыттана толғаған Жұматай Оспанұлы шайыр жырының бұлағын ақтарды. Өз кезегінде «Көк шыққанға бір қуанып, шөп шыққанға бір қуанып, өмір өтті-ау зырғып ағып» деп келмес күндерді күрсіне өлеңге қосқан Есенқұл жайлы есті естеліктерді белгілі журналист Жұмахмет Жайлаубаев тарқатып, ақынның отты жырларын әдеби талдап берді. 
Осылайша тау бауырында туып, шыңда түлеген шайырлардың өмірі мен шығарашылығы дәріптелді. «Сай-сайда бошалаған боз ала таң, таудағы тіршілікке ән салдырып» деп табиғаттың тұмсалығын тіршілікпен үндестірген Мұқағали, «Қара бір жаңбыр борады-ау, ала бір жауған қар анау» деп мезгіл әуендерін әдемі тіркеспен өрнектеген Есенқұл, жалпы табиғат пен тылсым дүниенің жамалын тереңнен суреттеген қос шайырдың түбірі бір, тұғыры ортақ әлемі жайлы кеш кейіпкерлері ағылып сөйлеп, төгіліп термеледі. 
Өнер әлемінде өзінің сүрлеуін салып келе жатқан Жаңыл Мерсимова мұзбалақ ақынның мүсінін оймен қашап, Есенқұл шайырдың шәкірті болғанын тебіреніспен жеткізді. Есті естеліктерін, айтыс ақтаңгерінің қасында жүріп рухани байланыста болғанын, шәкірті ретінде шоқтығы биік әндерін қаз-қалпында үйренгенін айтты. Сөзінің соңында Ес-ағаның «Досыма», «Сен жалынсың» әндерін гитарамен асқақтата орындады.
Руханияттың жанашырына айналған Тіл сарайының қызметкерлері мен басшылық құрамы қашанда киелі өнерді асқақтату, тұғыры биік тұлғалар өмірін насихаттау жолында айрықша еңбек етіп келеді. Бүгінге дейін өткен мыңнан аса рухани кеш, кітаптың тұсаукесер салтанаты сынды дүниелер оған дәлел болса, қос алыпты еске алуға арналған шара, тіпті, ерекше өрнек тапты. Жаны жырға сусаған көрермен екі сағат бойы есті естелік тыңдасып, оқылған жырдан қуат алып, әсем әннен терең әсерге бөленді. Ой ошағына мәңгілік жыр алауын тұтатып, қабырғалы елінің көкірегіне сөнбес сәуле себездеткен қос алыптың ақық туындылары кімді болса да тебірентпей қоймасы анық. Бірі аққуға араша түскен, бірі тазғара құстың тағдырын ойлаған, табиғатты да, Отан мен туған елді, жерді ерекше сүйген ақындардың рухани үндестігі әдеби кештеде айқын сезілгендей болды.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

29.01.2026
Руслан Желдібай қызметінен босатылды

Руслан Желдібай қызметінен босатылды

29.01.2026
Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

28.01.2026
Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

28.01.2026
Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.